Білім беру процесін реттеудің нормативтік құқықтық негіздері. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі:
1) білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарттарының және білім беру бағдарламаларының;
2) үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарының;
3) білім беруді басқару органдары мен тиісті инфрақұрылымдардың, оның ішінде білім
беру мониторингін жүзеге асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз
ету ұйымдарының;
4) білім беру қызметінің субъектілерінің өзара байланысты жиынтығы болып табылады
(«Білім туралы» Заңның 10-бабы).
Білім беру жүйесінің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері
негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби тұрғыдан шыңдауға бағытталған
сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) тұлғаның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту
үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке,
мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге,
Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу («Білім
туралы» Заңның 11-бабы).
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі жалпы білім беретін оқу және білім
беру бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде жеті білім беру
деңгейін: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды; бастауыш білім беруді; негізгі орта білім
беруді; орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді);
орта білімнен кейінгі білім беруді; жоғары білім беруді; жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беруді қамтиды.