Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері


Нормативтік құқықтық актілер сатысы (иерархиясы)



Pdf көрінісі
бет8/33
Дата23.11.2022
өлшемі418,31 Kb.
#52120
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

Нормативтік құқықтық актілер сатысы (иерархиясы) 
10-бап. Нормативтік құқықтық актілер сатысы
Құқықтық актілер туралы Заң (Қазақстан Республикасының 2016 жылғы
6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ Заңы) 
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар. 
2. Қазақстан Республикасының Конституциясын қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық 
актiлердiң заңдық күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес 
болады: 
1) Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заңдар; 
2) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары
3) Қазақстан Республикасының кодекстерi; 
4) Қазақстан Республикасының заңдары мен шоғырландырылған заңдары; 
5) Қазақстан Республикасы Парламентi мен Палаталарының нормативтiк қаулылары
6) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары; 
7) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары
8) Қазақстан Республикасы министрлерiнің және орталық мемлекеттiк органдардың өзге де 
басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Орталық 
сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын 
бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де 
орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары; 
9) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық 
бұйрықтары; 
10) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік 
құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру 
комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары. 
3. Төмен тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары тұрған 
деңгейлердегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс. 
Дереккөздерге сілтеме
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция 1995 жылғы 30 тамыздағы 
республикалық референдумда қабылданды. 
2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Заңы. 
3. Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V ҚРЗ «Құқықтық актілер 
туралы» Заңы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет