Постреквизиттер: Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім беретін мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында осы мамандық бойынша 2-ші курста және алдағы курстарда оқытуда қарастырылатын оқу пәндері: педагогикалық және кәсіби практика.
Пәннің мақсаттары мен міндеттері Пәннің мақсаты: Болашақ мұғалімнің кәсіби біліктілігін қалыптастыру.,балалар қозғалысының ұйымдастырушылары мен жетекшілерінің инновациялық және шығармашылық әлеуеттерін дамытуда жас ұрпақты белсендендірудің жаңа жүйесі ретінде балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының әрекеттеріне қатысты ұғымды кеңейту және тереңдету.
Пәннің міндеттері:
Болашақ мұғалімдердің тәрбие жұмыстарының негізгі амал-жолдары мен оқушылардың оқудан тыс іс-әрекеттеріне жетекшілік етудегі кәсіби іскерліктерін меңгерудегі педагогикалық шеберлігі негіздерін қалыптастыру және дамыту.
Оқыту әдістемесі және технологиялар:проблемалық-іденіс; жобалау- зерттеушілік; сыни тұрғыдан ойлауәдіс-тәсілдері; коучинг, порфолио
Оқу нәтижелері: Курсты сәтті аяқтағаннан кейін магистранттар:
ОН1 Кәсіби-педагогикалық бағыттылық: бірлесе ұйымдастырылатын іс-әрекетке ынтымақтастық тұрғысынан қызығушылық;кәсіби көзқарас-азаматтық парыз;өзінің пәні арқылы тәрбиелік және дамытушылық ықпал жасауға ұмтылыс;өздігімен педагогикалық жоспар құруды қажетсіну және оны практикада жүзеге асыру.
ОН2 Кәсіби-педагогикалық білімдер: ұжымдық шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру әдістемесі және технологиясы;оқушылардың танымдық шығармашылық іс-әрекетінің амал-әдістері және механизмі.
ОН3 Кәсіби-педагогикалық қабілеттер: креативтілік;коммуникативтілік;эмоционалдық-педагогикалық тұрақтылық;болжамдық;іс-әрекет нәтижелерінің талдауы және өздік талдау, алдағы уақыттағы кәсіби жетілдірудің перспективасы.
ОН4 Кәсіби-педагогикалық іскерліктер: сабақтың әртүрлі кезеңінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру іскерлігі;дидактикалық материалды шығармашылықпен пайдалана білу іскерлігі;оқушылармен және ата-аналамен жеке әңгіме жүргізе білу және оған талдау беру іскерлігі.
ОН5 Жалпы, арнайы (әртүрлі бұзылыстардың типтерінде) зандылықтарды және психикалық, психофизиологиялық дамудың жеке ерекшеліктерің есептеу құралдарын қолданады, әртүрлі жас кезендеріңдегі адамның іс-әрекет пен мінез-құлықты реттеу ерекшеліктерің біледі;
ОН6 Ғылыми жобалауға қызығушулықты білдіреді және оқыту және тәрбиелеу мақсаттарының негізінде тұлғаның жеке дамудың траекториясын моделдеуде шығармашылық тәсілдемені таныту;
ОН7 Жоғары әлеуметтік құндылықтарға, педагогика мен психологияның гуманистік идеяларына ұстаушылықты көрсетеді, ынтымақтастық дағдыларын, дау жанжалдарды шешу ептіліктерің қолданады;
ОН8 Шығармашылық қабілеттерді жетілдіреді және қоғамның өміріне қатысуда өз мәдениет деңгейін дамытуға талпынуды қөрсетеді.