а) мальтоза
б) лактоза + CH3OH
Реакция өнімін атаңыз.
Келесі өзгерістерді қандай реакциялар көмегімен іске асыруға болады: сахароза → глюкоза → глюкон қышқылы. Сәйкес реакцияларды жазыңыздар.
β-D-галактопираноза және α-D-глюкопираноза қалдықтарынан түзілген, β-1,4-гликозидтік байланыспен байланысқан дисахаридтің құрылымдық формуласын жазыңызда. Түзілген дисахаридті атаңыз. Осы дисахаридтің Cu(OH)2 –мен суықтағы әрекеттескенде түзілген өнімнің құрылымдық формуласын жазыңыз.
ОСӨЖ-ді бақылау:кеңес беру кезеңінде кері байланыс түрінде. №13 сабақ. Гетероциклды қосылыстар. Бес мүшелі гетероциклдер. Алты мүшелі гетероциклдер. Сабақтың қорытындысы бойынша студент қабілетті болады:
1. Гетероциклды қосылыстар құрылысын реакциялық қабілеттіліктерімен байланыстыра білуге;
2. Гетероциклды қосылыстар мен олардың туындыларының биологиялық маңысын сипаттай білуге;
3. Гетероциклды қосылыстардың қышқылдық-негіздік қасиеттерін, тотығу-тотықсыздану, электрофильді орынбасу реакцияларын сипаттай білуге;
4. Гетероциклды қосыылыстадың таутомерлік түрлерін жаза білу.