ОСӨЖ тапсырмалары: Ньюменнің проекиялық формуласы бойынша бутанның энергетикалық тиімді конформациясын жазыңыз.
3-этилпентан және 4-этилоктанның құрылымдық формулаларын жазыыңыз.
Гептанның қандай изомері хиральды? Оның конфигурациясын Фишердің проекциялық формуласыы бойынша жазыңыз.
2-метилбутанды нитрлеу кезінде қандай өнім түзіледі? Реакция схемасын жазыңыз және реакцияның жүру жағдайын көрсетіңіз.
Бос радикалдардың формуласын жазыңыз: метил, изопропил, үшіншілік бутил. Олардың қайсысы тұрақты?
Бастапқы заттар ретінде метилхлорид және екіншілік пропилхлорид алынғанда, Вюрц реакциясы арқылы қандай көмірсутекті алады. Реакцияны жазып, түзілген өнімдерді атаңыз.
Бутанол-2 дегидраттау реакциясының схемасын жазыңыз. Зайцев ережесінің әсерін түсіндіріңіз. Алынған алкенді атаңыз.
2-метилбутена-2-нің хлормен әрекеттесу схемасын жазыңыз. Өнімді атаңыз.
1,2-диэтилциклопропананың цис- и транс-изомерлерінің құрлысын жазыңыз.
2,4,4-триметилпентен-2-нің каталитикалық гидрлеу реакциясының схемасын жазыңыз. Алынған қосылысты атаңыз.
Пропиннің сумен әрекеттесу реакциясын жазыңыз. Алкиндерді гидратациялаудыың ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Күкірт қышқылы мен сынап (ІІ) тұзының қатысумен бутин-1-ді гидратацияялау кезінде қандай өнім түзіледі? Реакция схемасын жазыңыз.