Сабақ өткізу форматы:
Ситуациялық тапсырмаларды, жаттығуларды түсіндіру, орындау және талқылау, шағын топтарда жұмыс.
Сабақты бақылау түрі: Баға суммативті (жазбаша түрде/ тестілеу)
ҚО режимінде: Баға суммативті (жазбаша түрде тестілеу) dis.kaznmu.kz (Moodle) Google Classroom платформаларында жазбаша түрде/ тестілеу).
Тәжірибелік сабақтар үшін тапсырмалар:
Фриделя-Крафтс әдісі бойынша а) 2-метилпропен и б) 2-хлор-2-метилпропанды қолдана отырып, изоропилбензолдың алу әдістерінің реакция механизмдерін сатылай жазыңыз.
Реакцияларды жазыңыз:толуолды а) метилдеу; б) ацилдеу ( Фридель-Крафтс бойынша).
Этилбензолды галогендеу, нитрлеу, сульфирлеу, алкилдеу, ацилирлеу реакцияларын жазыңыз.
Хлорбензолды галогендеу, нитрлеу, сульфирлеу, алкилдеу, ацилирлеу реакцияларын жазыңыз.
Нитробензолды галогендеу, нитрлеу, сульфирлеу, алкилдеу, ацилирлеу реакцияларын жазыңыз.
1-бромонафталин және 2-нафтолды галогендеу, нитрлеу, сульфирлеу, алкилдеу, ацилирлеу реакцияларын жазыңыз.
KMnO4 –ның ыстық сілтілі ертіндісімен тотықтырғанда, келесі қосылыстардың қышқылдануы кезінде қандай өнімдер түзіледі: п-ксилол, кумол.
KMnO4 –ның ыстық сілтілі ертіндісімен тотықтырғанда, келесі қосылыстардың қышқылдануы кезінде қандай өнімдер түзіледі: м-этилтолуол,1,3,5-триметилбензол
Моно орынбасушы нафталиндердің электрофильді орын басу реакцияларында бағыттау ережелерін қолдана отырып, 1-метилнафталинді нитрлеу реакциясының схемасын жазыңыз.
Моно орынбасушы нафталиндердің электрофильді орын басу реакцияларында бағыттау ережелерін қолдана отырып, 2-нитронафталинді нитрлеу реакциясының схемасын жазыңыз.
Этилбензол, нафталин, антраценнің тотығу реакцияларын жазыңыз.
Нафталин, антраценнің сатылай тотықсыздану реакцияларының схемасын жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |