Аралық аттестаттаудың қорытындысы төменде көрсетілген формуламен есептелінеді: Қорытынды бағалау (ҚБ) = 0,6*РЖ+0,4*Е Назар аударыңыздар: Қорытынды бақылаудың оң бағасын емтихан сессиясының осы кезеңінде көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
"FХ" "қанағаттанарлықсыз" бағасын алған білім алушы оқу пәнінің бағдарламасын қайта өтпей, университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес қорытынды бақылауды бір рет тапсыруға рұқсат беріледі.
"F" белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" бағасын алғанда білім алушы осы оқу пәніне қайта жазылады, дәрістердің барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлерін орындайды және қорытынды бақылауды тапсырады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шәкілі және ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
БӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес уақытылы орындау қажет, кешіктірілген жағдайда тапсырмаға белгіленген максимальды балл оқытушы белгілеген мөлшер бойынша төмендетіледі.
Барлық тапсырма түрлерін орындау және тапсыру барысында, сонымен бірге аралық бақылау мен емтихан тапсырған кезде академиялық адалдық қағидаттарын сақтау қажет.
Егерде білімалушылар академиялық адалдық қағидаттарын өрескел бұзған жағдайда оқудан шығару мәселесі қаралады.