Білім беру бағдарламасы: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Құрастырушы: аға оқытушы, магистр Ерниязова С. Н. Орал, 2019 ж



Pdf көрінісі
бет44/60
Дата06.09.2022
өлшемі1,6 Mb.
#38535
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60
Практикалық сабақ №12 
Практикалық сабақ тақырыбы: Жай есептердің түрлері және оларды шығару әдістемесі 
Мақсаты: Жай есептердің түрлерін ажырата білу, жай есептерді шығару барысында студенттерге есеппен 
жұмыс жасаудың негізгі тәсілдерін игерту және бастауыш математика курсының аса маңызды 
ұғымдарының бірі — арифметикалық амалдар, олардың қасиеттері мен ӛзара байланысы туралы ұғым 
қалыптастыру.
Тапсырмалар:
1. Арифметикалық амалдардың мағынасын ашып кӛрсететін есептер
2. Амалдардың компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты кӛрсететін есептер
3. Қатынастың мән-мағынасын ашуға арналған жай есептер 
Әдістемелік нұсқау: Жай есептерді оқиды, түрін ажыратады, талдайды, топпен бірлесе отырып есепті 
шешу жоспарын құрастырады, қысқаша жазба түрінде жазады және есептерді шығарады. Тапсырмаларды 
тақтада және дәптерлеріне орындайды. Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығарады.
Ӛткізу формасы: Сұрақ-жауап, кластер, галлереяны аралау. 
Бағалау критерийлері: 
1. Жай есептердің түрлерін біледі және берілген есептердің түрін ажыратады; 
2. Есептің шарты мен сұрағын бӛліп кӛрсетеді; 


3. Берілген есептерді талдайды, сәйкесінше сұрақ қояды, шешуін іздестіреді, қысқаша жазба түрінде 
жазады және шығарады;
4. Амалдардың компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты тұжырымдайды
5. Санды бірнеше есе арттыру /кемітуге және еселік салыстыруға берілген есептерді талдайды;
6. Кері есептерді құрастырады және шығарады; 
7. Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығарады. 
Практикалық сабақ №13 
Практикалық сабақ тақырыбы: Түрлі мәліметтер мен мағлұматтар, сурет, кыскаша жазу, сызба, график, 
схема, кесте мен ӛрнектер бойынша есеп құрастыру 
Мақсаты: Түрлі мәліметтер мен мағлұматтар, сурет, кыскаша жазу, сызба, график, схема, кесте мен 
ӛрнектер бойынша есеп құрастырудың негізгі тәсілдерін игерту және студенттердің сӛздік қорын молайту, 
сыни ойлауын қалыптастыру.
Тапсырмалар:
1. Қоршаған ортадан алынған мағлұматтар бойынша есептер құрастыру, ӛмірмен байланыстырып 
талдау және шығару 
2. Сурет бойынша есеп құрастыру, талдау және шығару 
3. Сызба бойынша есеп құрастыру, талдау және шығару 
4. Кесте бойынша есеп құрастыру, талдау және шығару 
5. Қысқаша жазу есеп құрастыру, талдау және шығару 
6. Ӛрнектер есеп құрастыру, талдау және шығару 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет