M. 1. Жәшікте бірнеше килограмм алма болды. Жәшіктен 8 кг алма алынғаннан кейін онда тағы 13
килограмм алма қалды. Бастапқыда жәшіктер неше килограмм алма болған?
Бұл кезеңде арифметикалық амалдың компоненті мен нәтижесінің санды ӛрнек түрінде болып келуіне
байланысты теңдеулер құруға есептер ұсынылады. Мұнда құрама есепті
теңдеу жәрдемімен шығарудың
мүмкіндігі кӛрсетіледі.
1.643 пен белгісіз санның айырмасы 585 пен 5-тің бӛліндісіне тең.
2.1200 бен ойлаған санның айырмасы 18 бен 6-ның кӛбейтіндісіне тең. Ойлаған санды тап.
Енді теңдеу құруға мүмкін болатын мәтінді құрама есептер қарастырылады. Оларды шығару барысында
алгебралық тәсілді енгізу қажеттігін және оның мәнді ерекшелігі мен артықшылығын нақты кӛрсетіп беруге
болады.
Мысалы,
Бірінші ыдыста бастапқыда х л сүт болсын делік, немесе бірінші ыдыста х л сүт бар еді, оған тағы 2 л сүт
құйғанда х+2(л) сүт, ал екінші ыдыста 10-3(л) сүт болды.
Теңдеу құру: х+2=10-3
Теңдеуді шешу: Х+2=7
х=7-2
х=5
Теңдеудің шешуін тексеру: 5+2=7; 10-3=7; 7=7.
Есептің жауабы: бастапқыда бірінші ыдыста 5л сүт болған еді.
Қорыта келгенде айтарым , теңдеулерді шешу тәсілдерін қарастырылған ретпен үйрету және олардың
кӛмегімен есеп шығаруды қарастыру бастауыш буын оқушыларының келесі
сыныптар талабына сай
дайындалуын қамтамасыз етеді. Ӛйткені, олар теңдеулерді шешуге дағдыланады және теңдеу құру арқылы
есепті шығару тәсілдерінің мән-мағынасы, ерекшелігі жайында бастама түсінік алады. Соның нәтижесінде
алгебра элементтерін оқытудың басты мақсатына жетудің негізі қаланады.
Достарыңызбен бөлісу: