№13дәріс Дәріс тақырыбы: «Кӛбейту және бӛлуді тексеру» тақырыбының мазмұны және оны оқытудың әдістемесі.
Дәріс мазмұны: 1. Қосындыны санға кӛбейту және бӛлу тәсілдеріне негізделген ауызша есептеулер
2. Екі немесе үш таңбалы санды бір таңбалы санға кӛбейту және бӛлу
3. Қалдықпен бӛлу.
1. Қосындыны санға кӛбейту және бӛлу тәсілдеріне негізделген ауызша есептеулер біртіндеп
күрделене түсетін ретпен қарастырылады, мысалы, 34 · 2 және 68 : 2 – бірліктерді кӛбейткенде қосымша
ондық шықпайды, бӛлінгіш разрядтық қосылғыштардың қосындысына келтіріледі;
16 · 5 және 80 : 5 – бірліктерді кӛбейткенде қосымша ондық шығады және бірлік нӛлге тең болады,
бӛлінгіш ыңғайлы қосылғыштардың қосындысына келтіріледі.
26 · 3 және 78 : 3 – бірліктерді кӛбейткенде қосымша ондық шығады және бірлік нӛлден ӛзгеше,
бӛлінгіш ыңғайлы қосылғыштардың қосындысына келтіріледі.
92 · 4 және 368 : 4 – ондықтарды кӛбейткенде қосымша жүздік шығады, бӛлінгіш ыңғайлы
қосылғыштардың қосындысына келтіріледі.
32 · 5 және 160 : 5 – бірліктерді кӛбейткенде қосымша ондық шығады және бірлік нӛлге тең және
ондықтарды кӛбейткенде қосымша жүздік шығады, бӛлінгіш ыңғайлы қосылғыштардың қосындысына
келтіріледі.
234 · 2 және 468 : 2 - бірліктерді кӛбейткенде қосымша ондық шықпайды және ондықтарды
кӛбейткенде қосымша жүздік шықпайды, бӛлінгіш разрядтық қосылғыштардың қосындысына келтіріледі;
Бұл жағдайлардың ӛзіндік ерекшеліктері бар, дегенмен ауызша кӛбейту де, бӛлу де жоғары разрядтан
бастап орындалады.
2. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға кӛбейту керек болса, онда алдымен оның ондықтарын,
содан кейін бірліктерін санға кӛбейтіп, шыққан нәтижелерді қосу керек. Егер үш таңбалы санды бір
таңбалы санға кӛбейту керек болса, онда жүздіктерін, ондықтарын және бірліктерін жеке-жеке санға
кӛбейтіп алып, шыққан нәтижелерді қосу керек. Ал екі таңбалы санды бір таңбалы санға бӛлу үшін, оның
ондықтары және бірліктері бӛлінсе, біртіндеп бӛліп, шыққан нәтижелерді қосу керек, ал егер оның
ондықтары бӛлінбесе, онда алдымен одан аспайтын және осы санға бӛлінетін ең үлкен ондықтарды, содан
соң қалған ондықтардан және бірліктерден құралатын санды біртіндеп бӛліп, шыққан нәтижелерді қосу
керек.
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға бӛлу үшін, оның жүздіктері, ондықтары және бірліктері
бӛлінсе, біртіндеп бӛліп, шыққан нәтижелерді қосу керек, ал егер оның жүздіктері бӛлінбесе, онда алдымен
одан аспайтын және осы санға бӛлінетін ең үлкен жүздіктерді, содан соң қалған жүздіктерден және
ондықтардан құралатын барлық ондықтарды (ал егер андықтары бӛлінбесе, онда алдымен одан аспайтын
және осы санға бӛлінетін ең үлкен ондықтарды және ең соңында қалған ондықтардан және бірліктерден
құралатын санды), бірліктерді санға біртіндеп бӛліп, шыққан нәтижелерді қосу керек.
3. Ауызша есептеулер жүргізу тәсілдерінің ішіндегі аса күрделі және мазмұнды мәселенің бірі –