Білім беру бағдарламасы білім беру саласы- 6В05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика


Қайта қарап түзету керек ортақ жаңа шыққан бұрықпен ауысу керек оқу бөлімінен аласыздар



бет3/10
Дата06.09.2023
өлшемі232,67 Kb.
#106258
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
БББ ШУ 2023-2024 үлгі

Қайта қарап түзету керек ортақ жаңа шыққан бұрықпен ауысу керек оқу бөлімінен аласыздар

АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР


Еуропалық біліктілік шеңбері (EQF) – ұлттық біліктіліктерді салыстыратын және білім терминінде, құзыреттілік және дағды терминдерінде әр қайсысы
сипатталған, бір біліктіліктің екінші біліктіліктен сапалық артықшылығын көрсететін сегіз деңгейден тұратын
құрылымдық кестені көрсетеді.


Ұлттық біліктілік шеңбері - сегіз біліктілік деңгейінен тұрады, бұл Еуропалық біліктілік шеңберіне және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында айқындалған білім деңгейлеріне сәйкес келеді. ҰБШ салалық біліктілік шеңберін, кәсіби
стандарттарды әзірлеу үшін жалпы кәсіби құзыреттердің біліктілік деңгейлерінің бірыңғай уәкілін айқындайды.


Дескрипторлар - студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтаған соң ие
болатын білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы.


Құзыреттер – студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті.


Негізгі (түйінді)құзыреттілік – Негізгі құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі
құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды.


Оқу нәтижелері - білім, дағды, қабілеттер, құзыреттілік тілінде көрсетілген және білім беру бағдарламасының барлығын немесе бір бөлігін аяқтау арқылы білім
алушылардың түлектердің не істей алатындығын сипаттайтын студенттер мен түлектердің күтілетін және өлшенетін нақты жетістіктері.

6B – бакалавриат


БББ – білім беру бағдарламасы
ЖОО – жоғары оқу орындары
ЖК – жоғары оқу орнының компоненті
ЖБП-жалпы базалық пандер
МК-міндетті компонент
БП-базалық компонент
ТК-таңдау компоненті
КП-кәсіптендіру компоненті


КІРІСПЕ
Білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына, Еуропалық біліктілік шеңбері және Ұлттық біліктілік шеңберіне, Дублин дескрипторлары мен жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.
Білім беру бағдарламасы Университеттің миссиясы мен саясатын және стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға бағытталған: оңтүстік аймақтың әлеуметтік жағдайын, инновациялық әлеуетін көтеру мақсатында білім, ғылым және тәжірибе арасындағы өзара байланысты дамыта отырып, қоғам мен бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлау үшін білім беру қызметін ұсыну.
Оқытудың нәтижелері Дублин дескрипторларының деңгейлерінің негізінде анықталып, құзыреттер арқылы көрсетілді. Арнайы құзыреттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес жұмыс берушілердің, профессор-оқытушылар құрамының, бітірушілер мен қоғамның әлеуметтік сұраныстары ескеріле отырып анықталды.
Білім беру бағдарламасында оқыту және бағалау әдістері құзыреттілік бағыт идеологиясына сәйкес келтіріліп оқытудың соңғы нәтижесіне негізделіп жасалған.
Білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны толықтай сəйкестендірілген. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің сұраныстарына сəйкес жаңартылып отырады.
БББ бітірушінің кәсіби қызметі жайлы жалпы мағлұматтарды, бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін, бітірушінің құзыреттілік моделін, күтілетін оқу нәтижелері мен оларды бағалау саясатын, білім беру процесін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін және бағдарлама мазмұнын қамтитын тұжырымдамалық сипаттағы нормативтік құжат болып табылады.
Білім беру бағдарламасы:

  • элективті пәндер каталогын (ЭПК);

  • оқу процесінің академиялық күнтізбесін;

  • жеке оқу жоспарын (ЖОЖ);

  • оқу жұмыс жоспарын(ОЖЖ);

  • пәндердің оқу жұмыс бағдарламасын (силлабус);

  • пәндердің оқу-әдістемелік кешенін;

  • пәндер бойынша күтілетін оқу нәтижелерін;

  • білім алушылардың пәндер бойынша оқу нәтижелерін бағалау критерийлерін;

кәсіптік практиканы ұйымдастырудың құжаттарын және оқу процесін ұйымдастыруға қажетті басқа да құжаттарды дайындауға негіз болады
Білім беру бағдарламасы 240 кредиттен тұрады, оның ішінде: ЖБП -56 кредит, негізгі пәндер -112 кредит, мамандандырылған пәндер –60 кредит, практика -21 кредит, қорытынды аттестация –12 кредит. Бағдарламаны игеру мерзімі мен оқыту түрі: 4 жыл, күндізгі,
Білім беру бағдарламасының негізгі тұтынушылары: жұмыс берушілер; талапкерлер мен олардың ата-аналары; студенттер; профессор-оқытушылар ұжымы, ЖОО-ны ұжымдық басқару ұйымдары мен әкімшілік.
Білім беру бағдарламалары кафедра мәжілісінде сарапшылардың бірлесе отырып ұсыныстары мен келісімдері негізінде және жұмыс берушілердің сұраныстарына сəйкес жаңартылып отырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет