Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
Оқушының «дамуы», «тәрбиесі», «жеке тұлғалық қалыптасуы» деген түсінікті ашыңдар.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін атаңыз.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуы мен тәрбиеленуінің ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері қанджпай?
Кіші мектеп жасындағы балалардың дамуы мен тәрбиеленуінің ерекшеліктерін есепке алу қалай жүзегше асырылады?
№ 6. Дәріс. Жоғары мектеп ұстаз тұлғасы.
Мақсаты: ұстаз тұлғасын мектеппен байланыстыру.
Тірек ұғымдар: индивид, даралық тұлға, даму.
Жоспары:
Ұстазды тұлға ретінде қарастыру.
Жоғары мектеп педагогикасындағы маман даярлығы.
Дәріс мазмұны: Қазақтың ұлт мектебінің бабасы, білім беру ісінің теңдесі жоқ ұйымдастырушысы, оқытушыларды да, оқушыларды да тұтастай жан-тәнімен, сана-сезімімен білімге, өнерге, дүние тануға құлшындырып-қызықтырып, ойын оятып жігерлендіруші, қоғам алдында, ұстаз мәртебесін асқақ та, абыройлы тұлғаға, ел мұғалімі, ұлт тәрбиешісі, халық қызметкері дәрежесіне биіктетуші, әділдігі, шыншылдығы, білімдарлығы, мейірбандығы, бір-бірімен шебер үйлесім тапқан Ыбырай Алтынсарин екені әмбеге аян.
Осы ұстаздардың ұстазы «Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы; тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды» деп жазады.
Қағидаға сай ұстаздың телегей білімі болуы, адамгершілік білігі, оқыту әдіс-тәсілдеріне жетіктігі әрі белгілі бір жүйелілікті сақтауы, мысқалдап үйретуі, «қойға шапқан қасқырдай өте қызу кірісуі», «парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуі», бос уақыттарында шәкірттерге өте пайдалы, түсінікті, қызықты әңгімелер шертіп, логикалық ойлауын (ұшқырлық, тапқырлық, сыншылдық, дербестік қасиеттерін) жетілдіруі шарт
Достарыңызбен бөлісу: |