Мақсаты:Білім берудің жаңа технологияларын қолдана отырып жоғары мектептегі оқу тәрбие процесі туралы түсінік беру
Тірек-ұғымдар:рухани тәрбие,адамгершілік тәрбие, эстетикалық тәрбие, еңбек тәрбиесі.
Жоспары: Ойлау. Ойлау ерекшелігі.
Ойлаудың даму стадиялары.
Ойлау процесінің формалары.
Негізгі ой операциялары.
Ойлау түрлері мен типтері
Ойлаудың адам дүниетанымындағы маңызы.
Ойлау процесі зақымдануы
Дәріс мазмұны: Білім берудің жаңа технологияларын ендіре отырып, тұлғаны дамыту мақсатында тәрбиеге баса назар аударылуда. Тұлғаның рухани тәрбие алуына, адами келбетінің қалыптасуына ерекше мән берілуі тиіс.Өйткені, жоғары оқу орындарына қабылданған шәкірттердің мектеп қабырғасынан алған тәлім- тәрбиесінің олқы тұстары айқындала бастайды.Осы тұста олардың ата –аналарымен жұмыс істеу қажетілігі туындайды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар Тәрбие құралдары туралы түсінік.
Қарым-қатынас түрлері.
Қарым-қатынас және оның тұлға дамуына ықпалы.
Педагогтың қарым-қатынасының шарттары.
Оқу іс-әрекетінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әсері.
№ 15. Дәріс. Кредиттік жүйе бағалау ерекшеліктері.
Мақсаты: бағалу жүйесі және оны іске асыру туралы біліммен қаруландыру,
Тірек-ұғымдар:емтихан, блок, процент,балл, дәстүрлі форма
Жоспары: Бағалау ерекшеліктері
Бағалау жүйесі
Бағалау жүйесін жүзеге асыру
Дәріс мазмұны: Емтихан сұрақтары 3 блоктан тұрады. 1-блок жеңіл сұрақтар; 2-блокта орташа сұрақтар; 3-блокта күрделі сұрақтар; бакалавр студенттердің емтихан сұрақтары 3 блок әрқайсысы 20 сұрақтан 60 сұрақтан тұруы қажет, ал магистр мен докторанттардың сұрақтары ең кем дегенде 45 сұрақтан тұруы қажет. Пән бойынша қорытынды (емтихандық) баға аралық бақылау мен қорытынды аттестация үлгерімінің максималды көрсеткіштерінің жиынтығы ретінде анықталады. Мысалы, студенттің 2 аралық бақылау бойынша үлгерімі 98,5% құрайды (7-апта – 97%, 15-апта – 100%), ал қорытынды аттестация үшін – 85%, онда емтихан бойынша баға жиынтығы 90,4%. Әріптік бейнесі – А-, балл бойынша – 3,67, дәстүрлі жүйедегі баға – «өте жақсы». Пайыздық қатынастағы қорытынды баға мына формула бойынша анықталады: И = (Р1 + Р2): 2 х 0,4 +Е х 0,6, мұндағы: Р1 – бірінші рейтинг бағасының пайыздық мәні, Р2 – екінші рейтинг бағасының пайыздық мәні, Е – емтихандық бағаның пайыздық мәні. Қорытынды бақылау нәтижелері электронды емтихандық ведомостке енгізіледі. Оқу пәні бойынша емтиханды қайта тапсыру аппеляцияға өтініш білдірген жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Әдебиеттер: 1. Ахметова Г.К.; Исаева З.А. Педагогика: учебник для магистратуры
университетов. - Алматы: Қазақ университеті, 2006. - 328 с.
2. Бурлакова – Топорокова М.В., Столяренко Л.Д. Пелагогика и
психология высшей школы. – Ростов н/Д.: Феникс, 2002.
3. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. – Минск: Вышэйщая школа,
2005.
4. Алиетов Н.Ш., Арымбаева К.М. Педагогика: ғылыми-педагогикалық
бағытындағы мамандықтар магистранттары үшін оқу құралы.- Шымкент,
2014.
5. Тілеуова С.С. Жоғары мектеп педагогикасы. – Шымкент, 2003