Тірек-ұғымдар:проблема, мәдениет,норма, стиль, жанр
Жоспары:
Кешендік дәрістер оқыту
Кешендік дәрістердің құрылымы
Тілдің ең көкейтесті проблемалары
Дәріс мазмұны:
Қазақ тілінің қолданылу салаларында әр түрлі проблемалар туындап отыр. Ол жалпы мәдениеттің және тіл мәдениетінің күрт төмендеп кетуі, жазбаша және ауызекі тілдің дұрыстығын, дәлдігін, бейнелігін және көркемдік құндылығын қамтамасыз ететін грамматикалық және лексикалық нормалардың бұзылулары болып табылады. Демек, қоғамның тілдік өмірінің ең көкейкесті проблемасы – мұғалімдердің, ұстаздардың тіл мәдениеті және әлеуметтік коммуникация мәдениеті саласындағы біліктілігін даярлау мен арттыру деген сөз. Қазіргі Қазақстандағы коммуникативтік мәдениеттің құлдырау жағдайларында жалпы білім беретін мектептің филолог-мұғалімі Қазақстан балаларының тіл мәдениетін арттыруда және тілдік, сөйлеу мәнерін қалыптастыруда ерекше рөлге иемденіп отыр. Мектептің міндеті әлеуметтік қатынас жасаудың алуан түрлі жағдайларында тілді жетік меңгерген тұлғаны даярлап шығу болып табылады. Қазақ тілінің мектептік курсының түпкі мақсаты – мектеп оқушыларында ана тілін, оның әр түрлі стильдері мен жанрларының ауызекі және жазбаша түрлерін еркін меңгеру дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар ана тілін шебер қолдана білуге үйрету, дәл, дұрыс және мақсатқа лайықты, мәнерлі сөйлей алатын тілді таратушыларды тәрбиелеу болып табылады. Жазбаша және ауызекі түрдегі тілдік қатынас жасауды еркін жүзеге асыратын тілдік тұлғаны даярлау қазақ тілін мектепте және жоғары оқу орнында оқып-білудің, зерттеудің жаңа, коммуникативті бағытталған курсын құруды талап етеді, сондықтан да болашақ мұғалімді педагогикалық қызметке даярлау барысында оның коммуникативтік құзыреттілігін арттыру педагогикалық қатынас жасаудың жұмысқа, қызметке ілесе жүретін, жалғаспалы фактордан кардиналды, түпкілікті, кәсіптік маңызды санатқа айнала бастағандығымен анықталады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
Дәріс құралдары туралы түсінік.
Кешенді дәріс түрлері.
Қарым-қатынас және оның тұлға дамуына ықпалы.
Педагогтың оқушылармен қарым-қатынасының шарттары.
Оқу іс-әрекетінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әсері.
Әдебиеттер:
1. Ахметова Г.К.; Исаева З.А. Педагогика: учебник для магистратуры
университетов. - Алматы: Қазақ университеті, 2006. - 328 с.
2. Бурлакова – Топорокова М.В., Столяренко Л.Д. Пелагогика и
психология высшей школы. – Ростов н/Д.: Феникс, 2002.
3. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. – Минск: Вышэйщая школа,
2005.
4. Алиетов Н.Ш., Арымбаева К.М. Педагогика: ғылыми-педагогикалық
бағытындағы мамандықтар магистранттары үшін оқу құралы.- Шымкент,
2014.
5. Тілеуова С.С. Жоғары мектеп педагогикасы. – Шымкент, 2003
№ 14. Дәріс. Жоғары мектептегі оқу тәрбие процесі
Достарыңызбен бөлісу: |