Мақсаты:Магистранттарға оқытуды ұйымдастыру бағыты,сабақ мәні мен құрылымын, маңызын түсіндіру.
Жоспары: 1. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ, оның негізгі
түрлері, типтері
2.Сабаққа қойылатын негізгі талаптар.
3. Мұғалімнің сабаққа дайындалуының негізгі параметрлері.
Әдістемелік нұсқау: Кейс
Әдебеттер: 1.Қоянбаев Р.М. Білім беру және оқыту теориясы. А., 1990.
2.Қоянбаев Р.М. Тәрбие теориясы. А., 1992.
3.Лихачев Б.Т. Педагогика. М.,1998.
Мақсаты: Магистранттарға бағалау негізін ұғындыру.
Жоспары:1.Қадағалау және тексеру ұғымдарына сипаттама беріңіз.
2.Оқығанды тестілеу, тестілеу классификациясы.
Әдістемелік нұсқау:Коллоквиум
Бағалау критериялары:
1.Берілген емтихан сұрақтарына толық мәлімет беру
Әдебеттер: 1.Жұмабаев М. Педагогика. А., 1993.
2.Коменский Я.А. Ұлы дидактика. А., 1993.
3.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А., 2000.
7. Білім алушының өзіндік жұмысына (МӨЖ) арналған нұсқаулықтар мен материалдар:
1.Тақырыпқа сай семинар сұрақтарын негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, тақырыпқа зерттеу жүргізу. Мысалы: педагогиканың қазіргі оқу жүйесіндегі алатын орны. Педагогиканың пайда болуы, ұғымы кесте, тірек схемалар т.б;
2. Қазіргі оқу жүйесі презентация,қысқаша сипаттама анализ синтез
3.Тақырып бойынша көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттердең мәлімет жинап, әрбір алынған мәліметке ақпарат беру,өз пікірін білдіру, қорытынды жасау кейс толтыру, венн диаграммасын пайдаланып ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне сипаттама беру. 4.Алынған әдебиеттер тізіміне сілтеме жасау.
5.Кестелер мен сызбалар атауы беріліп, номерленіп, астына қысқаша мәтінге сипаттама беру.
Семинар сабағы студентке не береді? Бұл:
Ғылым тілін меңгеру;
Ұғымдарды қолдану дағдысын қалыптастырады;
Интеллектуалдық проблемаларды және тапсырмаларды қою және шешудегі, өз көзқарасын қорғаудағы біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру.
Семинар сабақтары төмендегідей түрлерде өткізіледі:
1. Алдын-ала берілген тақырып бойынша топ болып әңгімелесу.;
2. Семинарға қатысушылардың талқылауы бойынша студенттердің сөйлеуі;
3. Топтарға бөліну, прзентация, мозака, жұппен жұмыс, т.б.
Семинарға дайындық және оның өткізілуі:
Семинар сұрақтары алдын-ала беріледі. Сұрақты түсінбеген жағдайда тікелей оқытушымен кеңесуіне болады.
Әрбір семинарға бөлек әдебиеттер тізімі және қосымша дайындалуға әдебиеттер тізімі беріледі. Студент сол әдебиеттерді Университеттің оқу залдарынан(№4 корпус №1,2 оқу залдары), кітапхананың абонемент бөлімдерінен (№4 корпус, №1 қабат) немесе кафедрадан алып дайындалуына құқылы.
Семинардың барлық сұрақтарына міндетті түрде дайындалу керек.
Семинарға дайындалу кезінде міндетті түрде болашақта емтихандар мен аралық бақылауларға керек болғандықтан арнайы дәптерге барлық сұрақтар бойынша ақпараттарды жазып алу керек.
Семинар кезіндегі берілетін жауаптар міндетті түрде сұраққа сәйкес, қысқа да нұсқа түрде болуы және сұрақ толық ашылуы тиіс.
Студенттер жауап беруші студентке кеселін тигізбей мұқият тыңдап отырғандары дұрыс.
Семинарға дайындалмай келген студенттің баллдары кемітіледі және сол тақырып бойынша дайындалып келіп жауа бару керек.
Сұрақтарға жауап беруде және пікірталас туғызатын мәселелерге өз ойын айтқысы келген студенттер қолдарын көтеріп, оқытушының рұқсатымен өз пікірлерін анық айтулары тиіс.
Семинарға қойылатын талаптар дәріс сабақтарында да сақталады.
Белсенді қатысқан студенттер қосымша тиісті балл ала алады.
Семинарға дайындалған кезде студент дәрісті де толық меңгеруі керек.