Білім алушылар жетістіктерін бағалауда ең маңызды құрал бола тұра, бағалау жүйесі
білім беру процесін жетілдіруді жалғастыру үшін объективті және тиімді болуы тиіс.
Білім берудің қазіргі жүйесінде білім алушылардың білімділік жетістіктерінің сапасын
бағалаудың критериалды-бағдарлы көзқарасы негізіндегі қадағалау және бағалау өзекті
болып отыр. Критериалды-бағдарлы көзқарастың қолданылуы
білімділік жетістіктерін
бағалаудың объективтілік және сенімділік деңгейін айтарлықтай арттырады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімділік жетістіктерін бағалауда бағалау
жүйесі осындай балалардың оқудағы жетістіктерін ғана объективті көрсетіп қоймай,
мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру процесінде қолдау бойынша келесі
әрекеттердің жоспарын құру үшін негіз болуы тиіс. Бағалау жүйесі білім беру процесінің
сапасын нықтауға, оқудағы стратегия және тактика бойынша түбегейлі шешімдері
қабылдауға, білім беру мазмұнын да, күтілетін нәтижелерді бағалау нұсқаларын да
жетілдіруге мүмкіндік беретін оқу жетістіктерін өлшеу және оқу қиындықтарын
диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың
білімділік жетістіктерін бағалауда алған нәтижелердің және ерекше білімділік
қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы жоспарланған мақсаттардың ара-қатынасы мәнді
болады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың ерекшелігін ескеріп, бағалау жүйесін көп
функционалды етіп, оны жетілдіру керек. Бағалау жүйесінің бірнеше функциясын атауға
болады:
Достарыңызбен бөлісу: