Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Есенова Света Нургалиевна, оқытушы, магистр


 Практикалық (семинар)/ зертханалық сабақтарға арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет40/73
Дата27.11.2023
өлшемі1,38 Mb.
#128603
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73
7. Практикалық (семинар)/ зертханалық сабақтарға арналған нұсқаулық. 
№1 семинар
Тақырып атауы: 
Инклюзивті білім берудің ерекшелігі.
 
Сабақтың мақсаты:
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі инклюзивті 
оқытудың ерекшеліктері туралы ақпарат беру. Ерекше мұқтаждықтары бар балалардың 
жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісіне енгізу мақсатындағы инклюзивті 
оқытудың мәнін түсіндіру. 
 
Негізгі сұрақтар: 
1.Инклюзивті білім берудің ерекшелігі. 
2.Инклюзивті білім берудің мазмұны, құрылымы, қайшылығы және қисыны. 
Тапсырмалар:
Инклюзивті білім берудің тарихын кестеге толтыру.Оның мазмұны мен 
құрылымы бойынша талдау.
 
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі 
инклюзивті білім беру қағидаларына бет бұрды. Бұл арнайы қажеттілігі бар балалар үшін 
мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу. 
Әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиісті.Инклюзивті оқыту – ерекше 
мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін 
сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір 
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз 
ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай 
қалыптастыру идеологиясы жатыр. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір 
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз 
ету.
 
Өткізу формасы:
ауызша, кесте толтыру 
Бағалау критерийлері: 
Сабақ мазмұнын ұғынуы және толық жеткізе білуі 
60 
Қосымша сұрақтарға толық жауап беруі 
25 
Тақырыпты қосымша мәліметтермен қамтуы 
15 
Барлығы: 
100 
Әдебиеттер : 


1.
Ж.Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны. // Қазақстан мектебі, 2011, №7, 
60-61 б. 
2.
К.Жарықбаев. Инклюзивті білім берудің мазмұны қандай? // Мектептегі 
психология, 2010, №5,18-20 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет