2.Инклюзивті білім беретін мектептердегі оқу процесін ұйымдастыру.
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқыту және оларды психологиялық-
педагогикалық түзете қолдау:
1) инклюзивті оқыту сыныптарында;
2) жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда іске асырылады.
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беруге қосу нысандары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен
бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)
қызметінiң үлгілік қағидаларында» баяндалған. Жалпы білім беретін ұйымдарға қосылған
ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
бойынша, сондай-ақ ҚР МЖМБС негізінде жасалған арнайы білім беру бағдарламалары
бойынша ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация)
ұсынымдарына сәйкес білім алады. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім
алушылардың оқу бағдарламасын меңгерудің ерекшеліктеріне байланысты мұғалім олар
үшін бағдарламаларды ҚР МЖМБС аясында бейімдей алады. Білім беру ұйымдарында
балалардың денсаулығын сақтау
, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім алу және
қосымша білім беру қызметтерін алудағы олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
жайлы жағдай құру қамтамасыз етіледі. Сабақтар ерекше білім беруге қажеттіліктері бар
балаларды оқытуға жеке ықпалды қолдану арқылы жүргізіледі. Инклюзивті білім беруді
жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі жеке оқу жоспарлары
мен жеке бағдарламаларды, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды
психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын бекітеді. Инклюзивті және
арнайы сыныптардағы ерекше білім беруге қажеттіліктері бар барлық білім алушыларға
арналған түзету сабақтарын психологиялық-педагогикалық қолдаудың Жеке
бағдарламаларымен сәйкес мамандар іске асырады. Оқытудың түзете-дамыту
бағыттылығы жалпы білім беретін цикл пәндері, түзету пәндері аясында, сондай-ақ
қосымша білім беру жүйесінде іске асырылады. Жалпы білім беретін мектептегі арнайы
сыныптар жұмысы ұзартылған күн тәртібінде ұйымдастырылады, яғни бұзылған
қызметтерді еңсеру мен орнын толтыру және қажетті денсаулық сақтаушы педагогикалық
режимді қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдайларды құру. Қажет болған жағдайда,
ұзартылған күн тәртібіне жалпы білім беретін сыныптардың ерекше білім беруге
қажеттіліктері бар білім алушылары да қатыса алады. Психологиялық-педагогикалық
қызмет жұмысын ұйымдастыру үшін инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру
ұйымдарының штатында келесі мамандардың болуы ұсынылады: психолог, арнайы
педагогтар (тифлопедагог, сурдопедагог, логопед, олигофренопедагог), ЕДШ
нұсқаушысы, әлеуметтік педагог. Жоғарыда аталған мамандар болмаған жағдайда ерекше
білім беруге қажеттілігі бар балаларға түзету-педагогикалық қолдау психологиялық-
педагогикалық түзету кабинеттерінде және оңалту орталықтарында көрсетіледі. Мигрант,
оралман балаларды оқу-тәрбие процесіне кіріктіру және қазақ тілі мен орыс тілдерін
меңгерту мақсатында қосымша сабақтар, тілдік үйірмелер, факультативті сағаттар
ұйымдастырылады. Оларға қолдау қызметі мамандарының психологиялық-педагогикалық
және тілдік көмек жасауы қажетті шарт болып табылады. Инклюзивті білім берудің
мақсаттары мен міндеттеріне тиімді жету үшін жалпы білім беретін мектептер
оралмандарды бейімдейтін және кіріктіретін орталықтармен, ресурстық орталықтармен,
кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдейтін орталықтармен, арнайы білім беру
ұйымдарымен,
сондай-ақ
, ПМПК, оңалту орталықтары және психологиялық-
педагогикалық түзеу кабинеттерімен өзара әрекеттестікті ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: