Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Есенова Света Нургалиевна, оқытушы, магистр



Pdf көрінісі
бет10/73
Дата27.11.2023
өлшемі1,38 Mb.
#128603
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73
Байланысты:
1Силлабус инклюзив (копия) (1)

 
№4 дәріс
Тақырыбы:
Интеграциялық оқыту жайында ерекше білім алуды қажет ететін балаларға 
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру. 
Мақсаты:
инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық 
негіздері туралы, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық 
қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе 
аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру. 
Дәріс жоспары: 
1. Интеграциялық оқыту түсінігі. Интеграциялық оқытудың трлері.
2. Жалпы білім беру мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-
педагогикалық қолдау көрсету.
3.Қолдау көрсетуші топтардың қызмет жағдайылары.
4.Жалпы типтегі балабақшалардың мүмкіндігі шектеулі балаларына психологиялық-
педагогикалық қолдау көрсету.
5.Қолдау көрсетуші топтардың қызмет жағдайылары.
6.Қолдау көрсетуші топтар мүшелерінің қызметтік міндеттері.
 

Интеграциялық оқыту
- мүгедек пен дамуында жеңіл бұзылысы мен ауытқулары 
бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция 
процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. 

Интеграциялау бағдарламаларының басты мақсаты
- түрлі мүмкіндіктері бар 
балаларды қалыптасып қалған мектеп өмірі мен мектеп құрылымына енгізу.
Интеграциялық оқытудың түрлері мен формалары: 
1) аралас түрлі интеграциялық оқыту – даму бұзылысы бар оқушы қалыпты деңгейлі 
құрбыларымен бір сыныпта оқиды, және де дефектолог–мұғалімнің, логопедтің, 
психологтың жүйелендірілген көмегін алады. 


2) Жартылай – даму бұзылыстары бар оқушылар қалыпты деңгейлі құрбыларымен қатар 
білім беру бағдарламасын меңгере алмайды; бұл жағдайда олар жарты күнді арнайы 
сыныпта, басқа жыртысын қалыпты сыныпта өткізеді. 
3) Уақытша – арнайы сыныптарда оқитын балалар қалыпты сыныптардағы оқушылармен 
айына 2 реттен кем емес бірге серуендеуде, мерекелерде, жарыстарда, тәрбиелік мәнді іс-
шаралар өткізуде кездеседі. 
4) Толық түрдегі интеграциялық оқыту – даму бұзылыстары бар 1-2 бала балабақшаның 
қалыпты топтарына немесе сыныптарға қосылады (тілдік бұзылыстары бар балалар, 
нашар көретіндер немесе кохлеарлы имплантанттары бар балалар); бұл балалар 
психофизикалық, тілдік даму деңгейлері бойынша жасерекшелік көрсеткіштеріне сай 
және де қалыпты деңгейлі құрдастарымен бірге оқуға психологиялық тұрғыдан дайын; 
түзету көмегімен олар оқытылатын орындарында қамтылады. 
Ерекше білім беруді қажет ететін баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі 
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан кейін – ПМПК) 
ұсынысы мен қорытындысының нәтижесінде ұйымдастырылады және білім беру 
ұйымдарының ішінде штаттық мамандармен (арнайы педагогпен, психологпен, логопед 
мұғаліммен, әлеуметтік педагогпен, емдік дене шынықтыру (едш) маманымен және т.б.), 
сондай-ақ білім беру ұйымдарынан тыс арнайы білім беру ұйымдарының (психологиялық-
педагогикалық түзету кабинеті, оңалту орталығы, түзету және инклюзивті білім беру 
кабинеті) мамандарымен, сондай-ақ келісім шарт негізінде қызмет жасайтын арнайы 
(түзету) білім беру ұйымдарының педагогтарымен іске асырылады. 
Білім беру ұйымның ішіндегі мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-
педагогикалық қолдауды психологиялық-педагогикалық консилиум (бұдан кейін – 
педконсилиум) іске асырады. 
Білім беру ұйымдарынан тыс жердегі (ПМПК ұсыныстарына сәйкес) 
мүмкіншіліктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды арнайы 
педагог (үйлестіруші қызметін атқарушы) ұйымдастырады және бақылайды. 
Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі бағыттары: 
1) баланың психологиялық және дене даму ерекшеліктерін кешенді түрде тексеру, нақты 
психологиялық-педагогикалық түзету шараларына қажеттілігін анықтау;
2) баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін жеке түзете дамыту 
бағдарламасын әзірлеу және іске асыру; 
3) жеке, шағын топпен, топпен өтетін түзете дамыту жұмысын жүргізу; 
4) кеңес беру және оқу-ағарту жұмысы; 
5) ғылыми-әдістемелік қызмет (семинар-практикумдерді, жиналыстарды ұйымдастыру 
және өткізу; жұмыс тәжірибесін баяндама, сөз сөйлеу түрінде жинақтау; әдістемелік 
ұсынымдар әзірлеу); 
6) психологиялық-педагогикалық мониторингті жүзеге асыру. 
Жеке түзете дамыту бағдарламаларын (ЖДБ) әзірлеу жұмысы 
психологиялық-педагогикалық консилиумның барлық мүшелері немесе қолдаудың 
сыртқы тобымен жүзеге асырылады. 
Қажет болған жағдайда оқу бағдарламасы бейімделеді немесе оқу жоспарындағы
пәндер бойынша жеке оқу бағдарламалары құрылады. Жеке түзете дамыту және оқу 
бағдарламаларының мазмұны баланың жасын емес, оның зерде дамуының деңгейін, жеке 
даму ерекшеліктерін, баланың өтемдік мүмкіндіктерін есепке ала отырып анықталады. 
Білім беру үдерісін ұйымдастыру барысында денсаулыққа қолайлы педагогикалық-түзету 
тәртібін қарастыру қажет (дамуында проблемалары бар балалардың мүмкіндігінен 
жоғары талаптарды қоймай, баланың қажеттілігін және келешек өмірін есепке ала отырып 
оқыту керек, сондай-ақ қойылатын талапты да аса төмендетпеу қажет).
Психологиялық-педагогикалық қолдау тобының әрбір мүшесі кәсіби этиканы 
сақтауға, балаға немесе оның жанұясына зиян тигізетін жағдайда, психологиялық-
педагогикалық тексеру, кеңес беру жұмысы немесе қызметтің басқа да түрінің 
нәтижесінде алынған мәліметтерді жарияламауға міндетті.


Қолдау маманы мекеменің білім беру бағдарламасын, даму бағдарламасын 
әзірлеуге, басқару жүйесін жобалауға қатысады, білім беру мекемелерінің педагогтар 
кеңесі мен басшылығының қабылдаған шешімдерін, оқу және тәрбие жұмысының 
жоспарларын, сонымен бірге білім беру үдерісінің ағымды жағдайының психологиялық 
негіздемесін және олардың жеке тұлға мен оқушылар тобын дамыту мен тәрбиелеудегі 
практикалық тиімділігін талдайды және сараптайды, мекемені басқару бойынша жеке 
қызметкерлерге, басшылыққа ұсыныстарды береді. 
Педагог-дефектолог мүмкіндіктері шектеулі балаларды терең тексеруден өткізеді, 
әрбір баламен жүргізілетін түзете дамыту жұмысының жоспарын анықтайды, оны жүзеге 
асырады, тәрбиеленушілердің даму динамикасын бақылайды; балаларды кіріктіре оқыту 
мен тәрбиелеу мәселелері бойынша педагогикалық қызметкерлерге ұйымдық-әдістемелік 
көмек көрсетеді. 
Педагог-психолог анықталған даму ауытқушылықтарын жою мақсатында 
психологиялық түзету жұмыстарын жүргізеді: 

эмоциялық сезімі бұзылған балалармен әлеуметтік-эмоциялық дамыту сабақтарын;

қарым-қатынас жасауда қиындықтар туындайтын балалармен қарым-қатынас икемділігін 
қалыптастыру сабақтарын;

тәртібінде бұзылыстары бар балалармен тәртібін қалпына келтіруге көмектесетін 
сабақтарды жүргізеді.
Психолог мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасыларға психологиялық көмек 
көрсетеді, білім беру ұйымының ұжымында жағымды психологиялық көңіл-күйді 
қалыптастыруға көмектеседі. 
Педагог-логопед балалардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерін анықтайды 
және оларды жоюға арналған түзету жұмысын жүргізеді; жалпы білім беру ортасында 
сөйлеу тілдік дағдыларын дамытуға арналған жұмыстарға қатысады. 
Мұғалім 
мен 
тәрбиеші 
балалардың 
жеке 
ерекшеліктерін, 
қызығушылықтары мен қабілеттерін зерттеу негізінде балалардың толыққанды 
психологиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жұмысын жоспарлайды, 
ұйымдастырады және жүргізеді, педагог-дефектологпен және психологиялық-
педагогикалық қолдауға қатысатын басқа да мамандармен педагогикалық қызметті тығыз 
байланыста жүзеге асырады.
Музыка мұғалімі балалардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып 
барлық балаларға эстетикалық және музыкалық тәрбие беру жұмысын ұйымдастырады 
және іс-жүзіне асырады. Түзету бағытындағы әртүрлі жұмыстарды: музыкалық-
дидактикалық ойындарды, музыкалық-ырғақты қимылдарды, кеңістікті бағдарлауға 
арналған тапсырмаларды және т.б. жоспарлайды.
ЕДШ нұсқаушылары балалардың дене дамуына қатысты дайындығын, 
жеке ерекшеліктерін және денсаулық жағдайларын есепке ала отырып дене тәрбиесін іс 
жүзіне асырады; балаларды салауатты өмір салтына баулиды, олармен тыныс алуды 
қалпына келтіруге, қимыл-қозғалысты нығайтуға, көру арқылы қимыл үйлесімділігін 
дамытуға және т.б. бағытталған түзету жұмысын жүргізеді.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге 
асыратын білім беру ұйымының педагогтар ұжымы инклюзивті білім беруді
ұйымдастыру және іске асыру мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстарында 
оқуға, арнайы педагогика мен психологияның негізін білуге, мүмкіншіліктері шектеулі 
балалардың психологиялық және дене даму ерекшеліктері туралы түсінуге, білуге, білім 
беру үдерісін ұйымдастырудың әдістемесі мен технологиясын білуге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет