4.
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептің мұғалімдері мен
тәрбиелеушілердің негізгі міндеттері
Мүгедек балалар мен кемтар балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзеу, оларды оқыту
мәселелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарауында орналасқан.
Бастауыш және
орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына қабылдаудың типтік ережесінде І және ІІ топ
мүгедектерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, жастайынан мүгедектерді Сонымен
бірге мүгедектердің осы санатында бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу
орындарына түсу кезінде орталық атқарушы органның халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы аумақтық бөлімшесінің таңдалған мамандық бойынша білім беру
ұйымдарында оқуға болатыны туралы қорытындысы болу керек.
Әрбір мүгедек
оқушымен мамандық таңдау және оқу орнын бітіргеннен кейін одан әрі жұмыс істеу
мүмкіндігі жөнінде жеке жұмыс жүргізіледі.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін
оқу орындарына мүгедек балалар медбикелердің тұрақты қадағалауында болады,
қажеттілігіне қарай алдын ала емдеуден өтеді. Білім беру мекемелерінде салауатты өмір
салты бойынша ұйымдастыру жұмысы (спорттық секциялар, арнаулы үйірмелер,
диспуттар), жылына 2 рет тұрақты түрде оңалту курстары, мүгедек балаларды кәсіптік
мектептердің (лицейлердің) және колледждердің қоғамдық қызметіне араластыру
жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: