баланың денелік дамуын қалыптастыру;
қарапайым түрдегі танымдық
қызығушылығын қалыптастыру;
танымдық белсенділігін және білім және іскерлігін жинақтау;
адамгершілік-ерік әзірлігін қалыптастыру;
Мектепке дейінгі кезеңде ақыл-ойы баяу балаларға қолайлы жағдай көрсетілсе, олардың
дамуында алға басушылық болады, бұл олардың арнайы мектептің оқу бағдарламасын
меңгеруіне көмегін тигізеді. Мектепке дейінгі кезеңде мұндай балалар жалпылама
балаларға арналған балалар бақшасындағы арнайы топтарда білім алып
тәрбиенеледі.Мектеп жасына жеткен кезден бастап, арнайы мектептерде арнайы білім
стандартна сай арнайы бағдарлама бойынша оқытылад. Сонымен бірге оларға
әлеуметтік
еңбекке бейімдеу орталығыгынан көмек көрсетіліп отырылады. Ал арнайы мектептердің
негізгі міндеті мынадай:
ақыл-ойы баяу мектеп оқушыларының танымдық қызметтерінің және
эмоционалдық ерік сфераларының,кемшіліктерінің алдын-алу;
өнімді еңбекке қатысуға, қазіргі қоғам жағдайына әлеуметтік тұрғыдан бейімдеуге
бағыттау
болып саналады
Арнайы мектептің төменгі кластарында тіл дамыту бойынша (қоршаған дуниемен
айналамен таныстыру ,заттармен таныстыру), арнайы ритмика сабақтары
өтіледі.Жоғарғы кластарда әлеуметтік(тұрмыстық шаруашылығы) бағдарлау сабақтары
өткізіледі.Оқыту жұмысын ұйымдастыруда топтық және жекелей логопедиялық сабақтар,
психомоторика және сенсорлық
қабілеттерін дамыту, емдеу-сауықтыру комплекстері
өткізіледі. Арнайы мектептерде тәрбие жұмысына да үлкен мән беріледі.Мұндағы негізгі
мақсат - тәрбиенушілерді әлеуметтендіру болып табылады. Ал негізгі міндет- балалардың
бойында жағымды сапаларды айқындау, өзін және қоршаған ортаны дұрыс бағалай білуін
қалыптастыру, айналасындағыларға деген адамгершілік қарым-қатынас сезімдерін
қалыптастыру.Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының арнайы міндеттері әртүрлі іс-
әрекеттер негізінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: