Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Тапаева Ж. Т. оқытушы, магистр


Сурет 6 Көшбасшылыққа сипаттамалық мінездеме



бет27/50
Дата21.10.2023
өлшемі3,91 Mb.
#120471
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50
Байланысты:
Білім берудегі менеджмент новый силлабус Тапаева

Сурет 6 Көшбасшылыққа сипаттамалық мінездеме

Сурет 7 Көшбасшылықтың мәні
Білім беру мекемелеріндегі басшылардың басшылық әрекетін төмендегідей топтастыруға болады: 1) авторитарлық басшылық – басшы өз қарамағындағыларға нені қалай істеу керектігін алдын-ала жеткізіп отырады; 2) қолдаушылық басшылық – басшы өз қарамағындағыларға қамқор болатындығын көрсетеді және ұдайы оларды қолдайды; 3) алқалық басшылық – басшы өз қарамағындағылардан жұмысқа қатысты мәселелерді шешуге, шешім қабылдауға қатысуға рұқсат береді; 4) жетістікке бағытталған басшылық– басшы өзінің қарамағындағылардың алдына үлкен мақсат қояды, олардың белсенділігін ынталандырады, жоғары деңгейдегі шешім қабылдау қажеттілігін басып айтады. G.K.Kangi өз зерттеуінде білім сапасына жетуде көшбасшылықты басқаша анықтайды (84-сурет). Білім беру мекемелерінде білім сапасын жақсартуда мекеме басшысының білімі, басқару стилі айтарлықтай рөл атқарады. Білім сапасы менеджмент жүйесінде мекеме басшысының рөлі көшбасшылыққа дейін көтерілуі тиіс, себебі өндірілетін өнім, меңгерілетін білім әлемдік бәсекелестікке дейін төтеп бере алуы қажет. П.Паскарелл мен М.Фрогманның пікірінше, «Менеджер өртті сөндірсе, ал көшбасшы керісінше идеялар туындауға түрткі болады». Егер көп Құндылық мәдениет Марапаттау, ынталандыру Жеке ұжымдық құзыреттілік Көшбасшылық Жұмыстық процесс пен жүйе Жүйе мен процесс менеджменті Топтық жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау Мектеп стратегиясы НӘТИЖЕ менеджерлердің көшбасшылық қабілеттері болса, онда көптеген көшбасшылардың да менеджерлік дағдылары бар болады.
Американдық зерттеушілер Хонбай, Томас мекеме басшыларының кәсіби білімін төмендегідей анықтайды:
1) басқару процесінің табиғатын білу, негізгі ұйымдастырушылық қабілетінің болуы: мекеме басшысының жауапкершілігін толық сезінуі, өз қарамағындағылардың міндеттерін дұрыс бөліп бере алуы, басқару тиімділігін арттыра алуы;
2) басқаруға қажетті ақпараттық технологиялар жайлы білімі, коммуникациялық құралдарды дұрыс пайдалана алуы, өз ойын ауызша түрінде де, жазбаша түрінде де анық жеткізе алуы;
3) адамдарды басқаруда, мамандарды дайындау, таңдаудағы құзыреттілігі, көшбасшылық қабілетінің болуы, өз қарамағындағы адамдармен тіл табыса алуы;
4) өзі басқаратын мекеме мен тұтынушы арасындағы байланысты жасай алуы, дұрыс қарым-қатынаста болуы;
5) ресурстарды басқару қабілеті;
6) мекеменің іс-әрекетін жоспарлай алуы, болжам жасай алуы;
7) өзінің іс-әрекетіне дұрыс талдау жасай алуы; дұрыс шешімдер қабылдай алуы, өзінің біліктілігін ұдайы көтеріп отыруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет