Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін қорытынды аттестаттаудың кешенді емтихандар бағдарламасы орал, 2023 ж


Айнымалы электр тогы. Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және пайдалану



бет10/28
Дата05.06.2023
өлшемі0,98 Mb.
#98699
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
БАҒДАРЛАМА 2023 МФ

Айнымалы электр тогы. Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және пайдалану

Айнымалы ток. ЭҚК, ток күшінің және кернеудің әсерлік және орташа мәні. Айнымалы ток тізбегіндегі актив кедергі, индуктивтілік және сыйымдылық. Векторлық диаграммалар. Айнымалы ток тізбектері үшін Ом заңы. Қуат коэффициенті.
Электр энергиясын өндіру. Айнымалы ток генераторы. Электр энергиясын алысқа тасымалдау. Трансформатор.

  1. Электромагниттік толқындар

Максвелл теңдеулер жүйесінің салдары ретінде электромагниттік өріс векторлары үшін толқындық теңдеулер. Жарықтың электромагниттік табиғаты. Электромагниттік толқын шкаласы. Әр түрлі толқындарды алу және қолдану ерекшеліктері. Герцтің тәжірибелері. Радио және теледидар принциптері. Гамма – сәулелену, рентген, ультракүлгін және инфрақызыл толқындардың ерекшеліктері.

  1. Жарықтың дифракциясы

Дифракция құбылысының мәні. Гюйгенс – Френель принципі. Френель және Фраунгофер дифракциясы. Зоналар әдісі. Толқындық теорияға сай жарықтың түзу сызықты таралуын түсіндіру. Дифракциялық тор, оның қолданылуы.

  1. Жарық интерференциясы

Жарықтың толқындық табиғаты. Толқын сипаттамалары. Когеренттілік. Жарық интерференциясы. Интенсивтіліктің максимум және минимум шарттары. Интерференцияны бақылаудың практикалық шарты. Жұқа қабаттардағы интерференция. Оптиканы жарықтандыру.

  1. Жарықтың поляризациясы

Жарықтың электромагниттік табиғаты. Электромагниттік толқындардың көлденеңдігі. Жарықтың поляризациясы. Жарықтың анизотроптық ортадан өтуі. Шағылу және сыну кезіндегі поляризациясы. Жарықтың қосарланып сынуы кезіндегі поляризациясы. Малюс және Брюстер заңдары.

  1. Геометриялық оптика

Геометриялық оптика толқындық оптиканың шекті жағдайы. Жарықтың шағылу және сыну заңдары. Толық шағылу. Айналар, жұқа линзалар. Призмалар. Оптикалық құралдар (лупа, көру трубасы, микроскоп). Көз оптикалық жүйе ретінде.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет