Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша



Pdf көрінісі
бет119/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   161
Байланысты:
Пед псих

 
биономикалық (табиғат); 

 
техномикалық (техника); 

 
сигномикалық (белгілер); 

 
артономикалық (көркемдік бейнелер); 

 
социономикалық (адамдардың бірлесіп әрекет етуі немесе өзара қатынасы). 

Е.А.Климов бойынша кәсіби іс-әрекеттің 5 схемасы

1.
«Адам – Табиғат» (агроном, зоотехник, ветеринар, микробиолог, биолог...); 
2.
«Адам – Техника» (слесарь, техник-механик, техник-технолог, инженер-электрик, 
электрослесарь); 
3.
«Адам – Белгі» (программист, математик, картограф, т.б.); 
4.
«Адам – Көркемдік бейне» (суретші, балет артисі, актер, архитек-тор, скульптор, 
журналист); 
5.
«Адам – Адам» (дәрігер, мұғалім, әлеуметтік қызметкер, сатушы, шаштараз т.б.). 

 
«Адам – Табиғат»
мамандық типінің адамға қоятын психология-лық талаптары: дамыған 
қиял, көрнекі-образдық ойлау, жоғары деңгейдегі көру есі, байқағыштық, өзгермелі 
табиғи факторларды көре білу және бағалау қабілеті; маман шыдамды, табанды болуы 
керек; ұжымнан тыс жұмыс жасауға әзір, кейде қолайсыз табиғат жағдайларында да, т.б. 


81 

 
«Адам –Техника»
мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: 
қозғалыстың жақсы координациясы (үйлесімділігі), нақты көру, есту, вибрациялық және 
кинестезиялық қабылдау, дамыған техникалық және шығармашылық ойлау мен қиял; 
зейіннің бөлінушілігі мен шоғырлануы, байқағыштық.

 
«Адам – Белгі жүйесі»
мамандық типінің адамға қоятын психоло-гиялық талаптары: 
жақсы оперативті және механикалық ес; зейінді ұзақ уақыт шоғырландыру қабілеті
зейінді бөлу және ауыстыру, қабылдаудың нақтылығы, шартты белгілер астарын көре 
білу іскерлігі, ынталылық, шыдамдылық; логикалық ойлау.

 
«Адам – Көркемдік бейне»
мамандық типінің адамға қоятын психо-логиялық талаптары: 
көркемдік қабілеттер; көру есі, көре отырып қабылдау, көрнекі-образдық ойлау; 
шығармашылық ойлау; шығармашылық қиял; адамға эмоционалды әсер етудің 
психологиялық заңдары туралы білім. 

 
«Адам – Адам»
мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: қарым-
қатынасқа ұмтылыс; танымайтын адамдармен қарым-қатынасқа жеңіл түсу іскерлігі, 
адамдармен жұмыс барысында өзін тұрақты түрде жақсы сезіну; жақсылық тілеуші, 
елгезектік; шыдамдылық; эмоциясын тежей алу шеберлігі; адамдардың және өзінің мінез-
құлқын саралау қабілеттілігі, басқа адамдардың ой-ниеттерін және көңіл-күйлерін түсіну, 
кикілжіңді шеше білу іскерлігі, ойша өзін басқа адамның орнына қоя білу қабілеттілігі; 
басқа адамды тыңдай алу, оның ой-пікірімен санасу іскерлігі; сөз, мимика, жестті (ым-
ишара) орынды қолдану, әр түрлі адамдардың тілін табу; адамдарды сендіре білу
жинақылық, тиянақтылық, дәлдік, нақтылық, адамдар психологиясы туралы білім. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет