Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша



Pdf көрінісі
бет16/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   161
Педагогикалық 
зерттеулер
– 
оқыту 
мен 
тәрбиелеудің 
заңдылықтары, құрылымы, механизмі, педагогиканың теориясы мен 
тарихы, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылу әдістемесі, оның 
мазмұны, принциптері, әдістері мен ұйымдастырылу нысандары
туралы қоғамдық тұрғыдан маңызды жаңа білімдер алуға 
бағытталған ғылыми қызмет процесі мен нәтижесі.
Педагогикалық 
басқару 
– 
қойылған 
мақсатқа 
сәйкес 
педагогикалық жағдайды, процесті немесе жүйелерді бір қалыптан 
екінші қалыпқа ауыстыру процесі.
Педагогикалық диагноз 
– оқушының қабілетін, мінезіндегі 
ауытқуларды, оқу барысында кездесуі мүмкін қиындықтарын анықтау. 
Педагогикалық диагноз оқушының мектеп бағдарламасын игеруі 
туралы мәліметтер негізінде, оның оқу іс-әрекеттерін бақылау және 
нәтижелерін талдау және т.б. арқылы қойылады. 
Педагогикалық 
жүйе 
– 
адамды 
дамыту 
мақсатындағы 
жетістіктерге жеткізуші барлық факторлардың біртұтас бірлігі. 
Педагогикалық жүйенің белгілері: 1) мақсатқа жету үшін қажетті 
құрауыштардың толықтығы; 2) құрауыштар арасындағы байланыстар 
мен өзара тәуелділіктердің болуы; 3) құрауыштарды біріктіретін 
жетекші буын, жетекші идеяның болуы; 4) құрауыштар арасында ортақ 
қасиеттердің пайда болуы. 
Педагогикалық зерттеу әдістері – 
оқытудың, тәрбиелеу мен 
дамытудың объективтік заңдылықтарын танып - білудегі амалдар 
мен тәсілдер жиынтығы. 
Педагогикалық зерттеу міндеті
– педагогикалық зерттеудің 
нақтыланған немесе неғұрлым жекеленген мақсаттарын айқындау. 
Педагогикалық зерттеу пәні 
- зерттеу объектісінің нақты бөлігі 
ондағы жүріп жатқан процесс немесе зерттелетін мәселе аспектісі.
Педагогикалық кәсіптік борыш
– педагогтың кәсіптік іс -
әрекетін жүзеге асыратын құлықтық талаптар жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет