Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша



Pdf көрінісі
бет13/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   161
Мұғалім стресі 

 
педагогикалық іс-әрекет барысында аяқ астынан 
кездескен өзгеше қиындықтардан туындайтын жағдай. Мұғалім 
стресі көбінесе уақыт тапшылығынан, оқушының үлгерімі мен 
тәртібінің нашарлығына, әкімшілікпен және әріптестерімен 
қақтығыс кезіндегі және т.б. жағдайлардан туындайды. 
Мұғалімнің кәсіптік әлеуметтендірілуі 

 
мұғалімнің кәсіптік 
ортаға енуі; педагогикалық тәжірибені меңгеруі, педагогтар 
қауымдастығының 
стандарты 
мен 
құндылықтарын 
игеруі, 
жинақталған тәжірибені белсенділікпен жүзеге асыруы.
Нонконформизм 
– көпшіліктің пікіріне қайтсе де қарсы шығып 
ештеңемен есептеспестен, қарама-қарсы әрекет жасауға ұмтылу. 
Нонконформизм 
«негативизм» 
ұғымының 
синонимі, 
конформдылық-тың антонимі. 
Ой қорытындысы 
– бірқатар пайымдаулар салыстырылып 
қорытындылап ойлау нысандарының бір түрі. Ой қорытындысы 
ойлау әрекеті ретінде міндетті ұғынудан басталып, шешім 
қабылдаумен не жаңа пайымдаумен аяқталады. 
Ойлау 
– ақиқат дүниенің мида жанама түрде ұғымдар арқылы 
барлық қасиет, байланыс, қатынастармен бейнеленуі. Ойлау 
адамның сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдей 
отырып, адамның сезім дүниесінен тыс құбылыстарды танып-
білуіне мүмкіндік жасайды. Ойлаудың дамуы әрекетпен 
байланысты. 
Оқу 
– оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдылары 
мақсатты түрде меңгеру процесі.
Оқу әрекеті 
– оқу міндеттерінің орындалуы төмендегі оқу әрекеті 
арқылы жүзеге асырылады: 1) оқу міндетін қабылдау немесе өзінше 
қою; 2) оқылатын затқа қатысты кейбір ортақ мәселелерді айқындау 
мақсатында оқу міндеттерінің шарттарын сәйкестендіру; 3) 
белгіленген қатынастардың заттық, сызба не өзге белгілер түріндегі 


үлгісін құру; 4) оның қасиеттерін «таза» түрде көрсетуге арналған үлгі 
құру; 5) жалпы амалмен орындауға болатын жеке тапсырмалар жүйесін 
құру; 6) алдыңғы әрекеттердің орындалуын бақылау; 7) оқу міндетін 
орындаудың нәтижесі ретінде жалпы амалдарды меңгеруін бақылау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет