Оқытудың ғылымилығы - нақты ғылыми білімдер беріп, дүниеге
көзқарасты қалыптастыратын дидактикалық қағидалардың бірі.
Оқытудың ғылымилығының мазмұнына тек айқын ғылыми фактілер
мен ақиқаттар алынады.
Оқытудың жүйелілігі – оқу материалы мазмұнының зерттелетін
ғылымының ішкі логикасы, сонымен бірге оқушылардың жас
ерекшеліктері мен психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуін
талап ететін дидактикалық қағида.
Оқытудың көрнекілігі – оқытудың оқушылар қабылдаған нақты
бейнеге негізделуін талап ететін дидактикалық ұстаным. Оқытудың
көрнекілігі
оқушылардың
байқампаздықтары
мен
ойлау
қабілеттерін дамытады, оқытуды неғұрлым түсінікті етеді, оқу
материалын терең меңгеруге әсер етеді.
Оқытудың қызықтылығы – оқушылардың қызығушылығын
тудыру және оқуға ынталандыру мақсатында түрлі дидактикалық
құралдарды пайдалану. Ол сабақ барысында қызық мәліметтерді
келтірумен, жақсы ұйымдастырылған көрнекі және безендірілген
дидактикалық
материалдарды
пайдалану
арқылы
жүзеге
асырылады.
Оқытудың сыныптық-сабақ жүйесі – білім беру мекемелерінде
оқу сабақтарының ұйымдастырылуы. Оқушылар жеке сыныпқа
жасына және білім деңгейіне қарай топтастырылады. Оқудың негізі
– сабақ болады. Әр сыныпта оқыту мазмұны оқу жоспарымен және
бағдарламасымен анықталады. Сабақ оқу жоспарының негізінде
құрылған қатаң сабақ кестесімен өткізіледі. Сабақты сынып
бөлмесінде, оқу кабинеттерінде, шеберханаларда, оқу-тәжірибелік
үлескілерде өткізіледі. Бұл жүйе XVI ғасырда қалыптасты.
Парадигма (грек.
Paradigma - үлгі) – 1) берілген білімдер
саласындағы белгілі бір тарихи кезіеңдегі
ғалымдардың зерттеу
практикасы соларға қарап ұйымдастырылатын негізгі ғылыми
жетістіктер (теориялар, әдістер) жүйесі. Ұғымды енгізген
америкалық
тарихшы
Т.Кун
ғылыми
пәннің
дамуында
парадигмалық кезең (парадигма белгіленер алдындағы кезең),
парадигма үстемдігі кезеңі, дағдарыс және ғылыми революция кезеңі
(парадигмалардың алмасуы, бірінен екіншісіне өту) болады деп
пайымдады. Парадигма тұжырымдамасы алға қойған проблемалар
(ғылыми пән және оның даму кезеңдері туралы, таным субъектісі
ретіндегі ғылыми қауымдастық туралы және т.б.) отандық ғылымда
диалектикалық материалистік әдіснама тұрғысында талдап шешілуде;
2) шындық болмыстың мәнді сипаттарын білдіретін ұғымдар
жүйесінде тұлғаланған қатаң ғылыми теория; 3) белгілі бір тарихи
кезең ішінде ғылыми қоғамдастықта үстем болатын зерттеу
әдістерінің, проблемалар қою мен оларды шешудің бастама
тұжырымдамалық схемасы, моделі.