Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша



Pdf көрінісі
бет25/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   161
Педагогикалық 
жүйе 
– 
адамды 
дамыту 
мақсатындағы 
жетістіктерге жеткізуші барлық факторлардың біртұтас бірлігі. 
Педагогикалық жүйенің белгілері: 1) мақсатқа жету үшін қажетті 
құрауыштардың толықтығы; 2) құрауыштар арасындағы байланыстар 
мен өзара тәуелділіктердің болуы; 3) құрауыштарды біріктіретін 
жетекші буын, жетекші идеяның болуы; 4) құрауыштар арасында ортақ 
қасиеттердің пайда болуы. 
Педагогикалық зерттеу әдістері – 
оқытудың, тәрбиелеу мен 
дамытудың объективтік заңдылықтарын танып - білудегі амалдар 
мен тәсілдер жиынтығы. 
Педагогикалық зерттеу міндеті
– педагогикалық зерттеудің 
нақтыланған немесе неғұрлым жекеленген мақсаттарын айқындау. 
Педагогикалық зерттеу пәні 
- зерттеу объектісінің нақты бөлігі 
ондағы жүріп жатқан процесс немесе зерттелетін мәселе аспектісі.


Педагогикалық кәсіптік борыш
педагогтың кәсіптік іс -
әрекетін жүзеге асыратын құлықтық талаптар жүйесі.
Педагогикалық консилиум
– оқушылардың үлгерімі мен тәртібін 
тереңірек қарастыратын, оларды оқыту мен тәрбиелеуде байқалған 
кемшіліктерді жоюға дұрыс жол табу мақсатында өткізілетін 
мұғалімдердің кеңесі.
Педагогикалық тұлға 
– ұстаздың шәкіртіне өзінің жеке бас 
үлгісімен ықпал етуі. Ол идеяның тұңғыш негізін салушы Лейпциг 
қаласындағы (Германия) қыздар мектебінің директоры Г.Гаудиг 
(1860 – 1923 ж.ж.) болды. Ол XIX ғ. екінші жартысында ұстаздың 
жеке бас үлгісінің педагогикалық негізі туралы арнайы еңбек 
жазды. Гаудигтің теориясы бойынша, мұғалім арнайы ережені 
немесе әдістемелік нұсқауды басшылыққа алмай, өзінің білімі мен 
іскерлігін жеке басының үлгісімен шығармашылықпен іске асыру 
арқылы шәкірттеріне ықпал етуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет