Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша



Pdf көрінісі
бет23/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   161
зерттеу 
әдісі 
– 
оқушыларды 
айналадағы 
құбылыстарды бақылап, ондағы заңдылықтарды тануға, өздігінен 
қорытынды жасай білуге үйретуде зерттеу элементін қолдану. 
Оқушының белсенділігін, қызығушылығын қалыптастырып, оның 
ойын дамытуға, өздігінен ізденуге бағытталады.
Оқытудың ғылымилығы 
- нақты ғылыми білімдер беріп, дүниеге 
көзқарасты қалыптастыратын дидактикалық қағидалардың бірі. 
Оқытудың ғылымилығының мазмұнына тек айқын ғылыми фактілер 
мен ақиқаттар алынады.
Оқытудың жүйелілігі 
– оқу материалы мазмұнының зерттелетін 
ғылымының ішкі логикасы, сонымен бірге оқушылардың жас 
ерекшеліктері мен психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуін 
талап ететін дидактикалық қағида.
Оқытудың көрнекілігі 
– оқытудың оқушылар қабылдаған нақты 
бейнеге негізделуін талап ететін дидактикалық ұстаным. Оқытудың 
көрнекілігі 
оқушылардың 
байқампаздықтары 
мен 
ойлау 
қабілеттерін дамытады, оқытуды неғұрлым түсінікті етеді, оқу 
материалын терең меңгеруге әсер етеді. 
Оқытудың қызықтылығы
– оқушылардың қызығушылығын 
тудыру және оқуға ынталандыру мақсатында түрлі дидактикалық 
құралдарды пайдалану. Ол сабақ барысында қызық мәліметтерді 
келтірумен, жақсы ұйымдастырылған көрнекі және безендірілген 
дидактикалық 
материалдарды 
пайдалану 
арқылы 
жүзеге 
асырылады.
Оқытудың сыныптық-сабақ жүйесі 
білім беру мекемелерінде 
оқу сабақтарының ұйымдастырылуы. Оқушылар жеке сыныпқа 
жасына және білім деңгейіне қарай топтастырылады. Оқудың негізі 
– сабақ болады. Әр сыныпта оқыту мазмұны оқу жоспарымен және 
бағдарламасымен анықталады. Сабақ оқу жоспарының негізінде 
құрылған қатаң сабақ кестесімен өткізіледі. Сабақты сынып 
бөлмесінде, оқу кабинеттерінде, шеберханаларда, оқу-тәжірибелік 
үлескілерде өткізіледі. Бұл жүйе XVI ғасырда қалыптасты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет