Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша



Pdf көрінісі
бет27/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   161
Байланысты:
Пед псих

Тәрбие технологиясы 
- процестегі жекелеген педагогикалық 
міндеттерді орындауға бағытталған әдістер жүйесі; ұжымдық 
жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру тәсілі; оқушылармен 
байланыс орнату тәсілі; педагогикалық диагностика тәсілі. 
Тәрбиелік әлеуметтану - 
қоғамның тәрбиелік күшін, адамды 
әлеуметтендіру процесін, әлеуметтік институт ретінде тәрбиені 
зерттейтін ғылым саласы.
Тұлға 
– 1) – дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты және адам 
болмысының қайталанбас, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны; 2) 
адамдар арасындағы өзінің ұстаным – орнын еркін және 
жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Тұлға 
қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым – қатынастар жүйесімен, 
мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам, тұлға болып туа 
қалмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады. 
Тәрбиелік қарым–қатынас 
баланы дамытуға, яғни оның өзін - 
өзі тәрбиелеуіне, өздігінен білімін жетілдіруіне бағытталған қарым 
– қатынас. Тәрбиелік қарым–қатынас – адамзат тәжірибесінің 
алмасуы, берілуі, меңгерілуі және пайдаланылуы. 
Тәртіп 
(лат. 
disciplina
–оқыту –тәрбиелеу) – адамдардың белгілі бір 
қауымдастығындағы, тіршілік қарекеті саласындағы реттіліктің, 
жөн – жосықтылық пен ұйымшылдықтың сапалық сипаттамасы;
адамдардың мінез – құлқының қоғамда қалыптасқан құқық, мораль 
нормаларына не қайсібір ұйымның жарғылық талаптарына 
сәйкестігін бейнелейді. Тәртіп адам мәдениетінің ең маңызды 
құрауыштарының бірі ретінде оның әр түрлі салаларындағы 
қоғамдық мінез–құлқын сипаттайды.


Тәртіптілік 
– адамның адамгершілік бағыттылығын, өз тәртібін 
ойша жобалау қабілетін және өзіндік күнделікті әрекетін қамтитын 
тәртіпке, ұйымшылдыққы әдеттенуі. Тәртіптілік – адамдардың 
қоғамдық ортада белгілі бір тәртіп жүйесін сақтауын және олардың 
игеруге міндетті нормаларды (құқықтық, моральдық, саяси –
этностық) берік сақтауын талап ететін жүйе.
Теория
– практика мен тәжірибені қорыта келіп, әр алуан қоғамдық 
құбылыстар мен фактілерді түсіндіретін және оларға әсер ете 
алатын жалпы ғылыми принциптерді білдіретін ілім. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет