Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша



Pdf көрінісі
бет38/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   161
К.Коффка
). 
«
Оқу
– әрекет түрі, мұндай әрекет түрінде субъект берілген жағдаятта сыртқы 
шарттардың әсер етуінен және өзінің жеке әрекетінің нәтижесінде өзгереді, ол өз мінез-
құлығын және өзінің психикалық процестерін жаңа ақпаратпен өз-өзіне сенімсіздік 
дәрежесін төмендетіп, өзін-өзі ұстаудың адекватты ережесін немесе дұрыс жауап табу 
мақсатында құрайды» (
И.Лингарт
). 
«
Оқу
– ақпарат алу процесін кодтау, сақтау және пайдалану» (
Р.Гэгни
). 
« 
Оқу
– білім алу мен проблемаларды шешу» (
К.Д.Ушинский
). 
«
Оқыту
– жеке тұлғаны дамыту мен тәрбиелеу міндеті шешілетін, педагогикалық 
негіздемесі бар оқыту актілерінің бірізді ауысуы»
(
И.Я
.
 Лернер
). 



«
Оқыту
– жаттығуларды арқау ететін, оны бұрынғы жаңа жеке жаттығулар мазмұнымен 
байланыстыра толықтыратын жеке тұлғаны және ұжымды қалыптастыру түрі» (
К.К. 
Платонов
). 
«
Оқыту
– оқушыларға білім беру міндеті шешімін табатын оқытушы мен оқушының 
біріккен әрекеті» (
Ю.К
.
Бабанский).
«
Оқыту
– басқарылатын таным, қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру, қайта жаңғырту, 
жеке тұлғаны қалыптастыру негізіне жататын нақты немесе кейбір әрекеттерді меңгеру 
процестеріндегі қарым-қатынас» (
П.И. Пидкасистый).
«
Оқыту
– оқыту процесіндегі оқытушының әрекеті» (
Н.Ф
.
Талызина

«
Оқыту
– отбасы, мектеп, ЖОО, қоғамдастық жағдайында қоғамдық-тарихи, әлеуметтік-
мәдени тәжірибелерді басқаларға (адамзатқа) мақсатты, жүйелі түрде тасымалдау 
түсінігін білдіреді» (
И.А.Зимняя
). 
«
Оқыту
– оқушылардың ғылыми білімді, дағдыны меңгерудегі, шығармашылық 
қабілетті, дүниетанымды және адамгершілік-эстетикалық көзқарас пен сенімді 
дамытудағы белсенді оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру мен ынталандырудағы 
мақсатты педагогикалық процесс» (
И.Ф. Харламов). 
«Оқыту – 
оқыту мен оқу процесінде жүзеге асатын оқитындарға оқытушылық 
және тәрбиелік ықпал ететін бірыңғай жүйе
» (С.М. Жақыпов).
Бүгінде оқыту, оқу төмендегіше түсіндіріледі: 

Оқыту
– педагогтың басшылығымен оқушыларды әлем туралы ғылыми білім жүйесімен 
және ғылыми негіздемесі бар әрекет құралдарымен қаруландыру; 

Оқыту
– ғылыми негіздемесі бар әрекет құралдары арқылы білім жүйесін меңгеру, білім 
алушының интеллектуалдық сферасын, танымдық қабілеттері мен қызығушылықтарын 
дамыту.

Оқыту
– оқу материалын меңгеру негізінде жеке тұлғаны дамыту құралы. 
 
Оқу
 
– оқушының алдағы іс -әрекеті үшін білім, білік, дағдылары мақсатты түрде меңгеру 
процесі. Мектеп жағдайында оқу оқытумен өзектес жүреді. Оқу оқушының ақыл-ой 
(байқау, оқу, тапсырма орындау, т.б.) және дене (шеберханада, мектеп жанындағы 
үлескіде жұмыс істеу, т.б.) жұмысының жиынтығын бейнелейді. Мұғалімнің оқытқанын 
оқушы оқуда жүзеге асырады: тапсырманы көшіру, орындау және шығармашылық 
өзіндік әрекеттер орындалады. 
 
Оқыту, оқу
– білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту процесі, өмір мен 
еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы. Оқу процесінде білім мен тәрбие 
мақсаттары жүзеге асырылады. Түрлі оқу орындарында оқу білім берудің басты жолы. 
Оқу – екі жақты процесс: 
мұғалім – білім беруші, оқушы – білім алушы
. Оқу құрылымына 
оқушылардың өзінің жеке әрекетін және оқу әрекеттерін ұйымдастыру, оқушылардың 
білімді меңгерудегі белсенділігі мен саналылығын ынталандыру және білімді 
меңгеруінің, оқу әрекеттерін орындауының сапасын реттеу, бақылау, оқу нәтижесін 
талдау мен оқушы тұлғасының әрі қарай дамуын болжау жатады.
Оқыту үйренуге қарағанда көбінекей бір қалыпта жоспарлы түрде ұйымдастырылуымен 
және саналы түрде басқарылумен ерек-шеленеді, үйрену жасырын (стихиялы) да болу 
мүмкін. 
 
Оқыту және оқу
– саналы процестер, ал үйрену болса санасыз деңгейде де жүзеге асады. 
Адамдардың өз бойынан мақсат етіп қоймаса да басқаларға тән дағды, сөз, әдет, 
қозғалысты байқауы үйренуге мысал бола алады. 
Олай болса, үйрену кез келген іс-әрекетінің жемісі. 
Егер, негізгі іс-әрекет мотиві – танымдық қызығушылық немесе индивидтің 
психологиялық дамуы болса, онда оқу іс-әрекеті туралы сөз болады. Егер мотив 
индивидтің басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталса онда «үйрену» ұғымы 
қолданылады.


10 
2. 
Педагогикалық процесс 5 элементтен тұратын жүйені құрайды
(
Н.В.Кузьмина

1)
Оқыту мақсаты ( оқу не үшін қажет); 
2)
Оқу ақпаратының мазмұны (нені оқыту қажет); 
3)
Оқыту әдістері, тәсілдері, педагогикалық коммуникация құралдары (қалай оқыту қажет); 
4)
Оқытушы; 
5)
Оқушы.

Педагогикалық процесс күшінде болу үшін оған 
басқару компоненті
қажет. 
Педагогикалық басқару
– мақсатқа сәйкес педагогикалық жағдаят-тарды, процестерді бір 
жағдайдан екіншісіне аудару. 
Педагогикалық басқару
келесі компоненттерден тұрады:

мақсат қою; 

ақпараттандыру (оқушылар ерекшеліктерін диагностикалау); 

мақсатқа сәйкес міндетті табу; 

мақсатқа жетуде іс-әрекетті жобалау, жоспарлау; 

жобаны іске асыру; 

орындау барысын бақылау; 

түзету; 

қорытындылау. 

 
Оқыту процесі 
дидактикалық жүйелер
деп аталатын психологиялық педагогикалық 
концепцияларды
тірек етеді. 
Дидактикалық концепциялар

1.
Дәстүрлі 
2.
Педоцентристік 
3.
Дидактиканың қазіргі жүйесі 
Дидактикалық концепциялар оқыту процесін түсіндіруге байла-нысты 3 (үш) топқа 
бөлінген. 

Дәстүрлі оқыту жүйесінде доминантты рөл – 
оқытуда

мұғалім-нің іс-әрекетінде
.
Оны Я.А.Коменский, И.Песталоцци, И.Гербарт сынды педагогтардың дидактикалық 
концепциялары құрайды.
Гербарт дидактикасын
басқару, мұғалімнің жетекшілігі, регламентация, ереже, бұйрық 
беру ұғымдары сипаттайды. 
Оқыту құрылымы дәстүрлі түрде 4 (төрт) кезеңнен тұрады: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет