Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша


Нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында  тіркелетін нәтиженің бейнесі табылады.  



Pdf көрінісі
бет36/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   161
 
Нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында 
тіркелетін нәтиженің бейнесі табылады. 

 
Белгілі білім беру жүйесінде білім алған адамның өзі. Бұл тұрғыда білім беру нәтижесі 
білім болып табылады. 

Қазіргі заманғы білім берудің негізгі тенденциялары (А.А. Вербицкий 
бойынша) 
 
Бірінші тенденция
– білім берудің әрбір кезеңін үздіксіз халықтық білім беру жүйесінің 
құрамдас бөлігі ретінде ұғыну (мектеп пен жоғары оқу орны; ЖОО мен студенттердің 
болашақ өндірістік қызметі); 
 
Екінші тенденция
– «оқытуды индустрияландыру», яғни қазіргі заманғы қоғамның 
интеллектуалдық әрекетін іс жүзінде күшейтуге мүмкіндік беретін оқытуды 
компьютерлендіру және оны технологияландыру. 
 
Үшінші тенденция 
– басым мәлеметтік формалардан проблемалық элементтер, ғылыми 
ізденістер, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қорын кеңінен қолданулары қамтылған 
оқытудың белсенді әдістері мен формаларына көшу. 
 
Төртінші тенденция 
– оқу-тәрбие процесін қатаң тәртіппен ұйымдастыру мен 
алгоритмделген әдістерден осы процесті дамытушы, белсендіруші, жылдамдатушы, ойын 
және т.б. әдістеріне ауысудың психологиялық-дидактикалық шарттарын қарастыру. 
 
Бесінші және алтыншы тенденция 
– оқушы мен оқытушының өзара әрекеттесуін 
ұйымдастыруға қатысты және оқытуды ұжымды, оқушылардың бірлескен әрекеті ретінде 
ұйымдастыру қажеттілігін атап өтеді, бұл жерде басты назар «оқытушының оқыту 
әрекетінен оқушының танымдық әрекетіне ауысады». 
Білім берудің психологиялық принциптері

 
Қоғамның барлық тәрбиелеуші күштерінің, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу 
мақсатындағы (мектеп пен басқа арнайы институттар) бірлігі; 

 
Ізгілендіру – қоғамның ең жоғары әлеуметтік құндылығы ретінде әр балаға көңіл 
аударуды күшейту, жоғары интеллектуалдық, адамгершілік қасиеттері және дене қуаты 
жетілген азаматты қалыптастыруға бағдар беру; 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет