Қажетті реактивтер мен құралдар:
1.Несеп
2.Концентрлі азот қышқылы
3. Сульфосалицил қышқылының 20%-ті ерітіндісі.
4.Фелинг сұйықтығы
5.10%-ті Натрий гидрооксидінің ерітіндісі
6.Натрий нитропруссидің жаңа дайындалған 10%-ті ерітіндісі
7. Люголь ерітіндісі
8.Концентрлі сірке қышқылы
9.2мл пипеткалар/несеп үшін
10. 1 мл пипеткалар
Жұмыстың орындалу тәртібі:
1.Несептегі ақуызға сапалық реакція а/белокты концентрлі азот қышқылыменмен тұнбаға түсіру. Пробиркаға 1мл концентрлі NNO3 құйып үстінен пробирканың қабырғасымен, 1мл несеп құяды. Егер несептің құрамында ақуыз болса, екі сұйықтың шекарасында ақ сақина пайда болады.
Б/ақуызды сульфасалицил қышқылымен тұнбаға түсіру 1мл несепке 2-3 тамшы 20%сульфосалицил қышқылымен ерітіндісін құяды.
Егер несепте ақуыз болса,ол ақ тұнба күйінде түседі.
2.Несептегі глюказаға сапалық реакция.
Пробиркаға аз ғана несеп құйып,оның үстіне сондай көлемде Фелинг сұйықтығын құяды. Қоспаны қайнағанға дейін қыздырады. Егер несепте глюкоза болса,мыс гидрооксидінің сары тұнбасы немесе мыс оксидінің қызыл тұнбасы түзіледі. Неліктен? Реакция теңдеуін жаз.
4. Несептегі кетондық заттарға сапалық реакция
А/Либен тәжірибесі.2мл несепке 3-4 тамшы 10%-тік натрий гидрооксиді қосады.Ерітіндінің түсу солғын сары болғанша Люголь ерітіндісін тамшылатып құяды.Несепте ацетон болса,сұйық лайланып йодоформның солғын сары тұнбасы түзіледі.
CH3-C-CH3+3I2+4NaOH-----CHI3+3NaI+3H20+CH3-COONa
Ацетон йодофарм
Б/натрий нитропруссидімен реакция.Пробиркада 10 тамшы несепті,3тамшы жаңа дайындалған 10%-ті натрий нитропруссидінің ерітіндісін,5 тамшы 10%-ті натрий гидрооксидінің ерітіндісін араластырады.Егер несепте ацетон болса, қоспа қызылға боялып, ал сірке қышқылын қосқаннан кейін күрең қызыл түске айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |