III. нұсқа (күрделі)
Жүрек қабаттарының аталуы?
Жүректе биоток қалай пайда болады?
Тамыр тонусын реттейтін орталық?
№13 зертханалық жұмыс.
Жұмыстың тақырыбы: Қан сарысуындағы кальцийдің сандық мөлшерін анықтау
Жұмыстың мақсаты: Қанды клиникалық зерттеу әдістерімен танысу
Әдістің принципі: Қан сарысуында ерігіш тұз түрінде кездесетін кальцийді қымыздық қышқыл аммониймен тұнбаға түсіреді.
СаСl2 + (NH4)2C2O4) ® CaC2O4 + 2NH4Cl
Тұнбаға түскен қымыздық қышқыл кальцийді қымыздық қышқыл аммонийдің артық мөлшерінен аммиак ертіндісімен жуып, күкірт қышқылында ерітеді.
CaC2O4 + H2SO4 ® H2C2O4 + CaSO4
Бөлініп шыққан кымыздық қышқылын 0,01н КМnО4 ертіндісімен тирлейді.
5H2C2O4 + 2КМnО4 + 3H2SO4 ® К2SO4 + 2МnSO4 + 8Н2О + 10СО2
Қымыздық қышқылын титрлеуге кеткен КМnО4 мөлшері қан сарысуындағы кальцийдің мөлшерін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |