II. Өзіндік жұмыс. Дешифратордың базасында логикалық схеманы зерттеу.
Ұсынылатын уақыт 40 минут
Тапсырма
4,5,6-суреттерде келтірілген, нұсқаға сәйкес, шығысында логикалық схемасы бар дешифратордың схемасын жинаңыз.
Схеманың қысқартылған логикалық функциясының теңдеуін алыңыз. Алынған теңдеуді ақпарға енгізіңіз.
Тәжірибелі түрде шындық кестесін алыңыз. Модельдеу нәтижелерін оқытушыға көрсетіңіз.
Ескерту:
Логикалық түрлендіргіштің пиктограммасын алыңыз, логикалық түрлендіргіштің кірістерін A, B, C дешифратордың C, B, A кірістеріне сәйкес жалғау керек және логикалық түрлендіргіштің шығысын логикалық схеманың шығысына жалғанады.
Логикалық түрлендіргіштің беттік панелін ашыңыз. Тышқанның көмегімен кнопкасын басыңыз да, шындық кестесін алыңыз, содан кейін және кнопкаларының көмегімен логикалық функцияның теңдеуін алыңыз.
Логикалық түрлендіргішті ажыратыңыз, сөздер генераторын схеманың кірісіне, ал логикалық сынаманы шығысына жалғайсыз.
Нұсқа 1
Сур. 4
Нұсқа 2
Сур. 5
Нұсқа 3
Сур. 6
Зертханалық жұмыс № 10
Триггерлердің сипаттамаларын зерттеу
Ұзақтығы:
160 мин.
Пән:
“Басқару жүйелеріндегі микропроцессорлық және бағдарламалы-техникалық кешендер”
Мақсаты:
САПР Electronics Workbench құралдарымен D, RS, JK, T типті триггерлердің сипаттамаларын тәжірибелік зерттеу.
Пайдаланылатын бағдарламалар:
Electronics Workbench в. 5.0
Триггерлердің сипаттамаларын зерттеу
I. Триггерлердің сипаттамаларын зерттеу
Ұсынылатын уақыт 80 минут
1.1. Триггердің қызметі мен негізгі функционалдық мүмкіндіктерін қысқаша сипаттау
Триггер – тізбектей және жинақтаушы типті сандық түйіндердің негізгі элементі. Қарастырылған өткен материалдарда комбинациялық схемаларда шығыстық күй Y кірістердің X1, X2, …, XN ағымдағы күйлерінен ғана анықталады. Жинақтаушы типті сандық түйіндерде шығыстық күй жүйенің Q1, Q2, …., QM ішкі күйімен анықталады.
Комбинациялық типті жүйенің күйі Y = F( X1, X2, …, XN ) логикалық функциямен сипатталады. Жинақтаушы типті жүйенің күйі Y = F( X1, X2, …, XN , Q1, Q2, …., QM ) логикалық функциямен сипатталады. Бұл жинақтаушы типті жүйенің күйі тек ағымдағы кіріс күйден ғана емес, құрылғының жадында сақталған алдыңғы кіріс күйлеріне де байланысты екенін білдіреді.
Триггер – екі орнықты күйлері бар логикалық элемент. Әдетте орнықты күйлердің біреуін Q = 1, екіншісін – = 0 белгілейді. Яғни триггер 1 бит көлемінде ақпаратты сақтай алатын жадының элементарлық ұяшығы болып табылады. Жұмыстың логикасы бойынша триггерлер RS, D, T және JK түрлеріне бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |