Зертханалық жұмыс № 4 Санауыштардың сипаттамаларын зерттеу
Ұзақтығы: 160 мин.
Пән: “Басқару жүйелеріндегі микропроцессорлық және бағдарламалы-техникалық кешендер” Мақсаты: САПР Electronics Workbench құралдарының көмегімен санауыштардың сипаттамаларын тәжірибелік зерттеу.
Қолданылатын бағдарлама: Electronics Workbench в. 5.0 I. Санауыштардың сипаттамаларын зерттеу Ұсынылатын уақыт
80 минут 1.1. Санауыштардың қызметі мен негізгі функционалдық мүмкіндіктерін қысқаша сипаттау. Санауыш деп – кіріс импульстерінің әсерінен бір күйден екінші күйге ауысып, өзінің күйін бірлікке өзгертетін сандық түйіндерді айтады. Нәтижесінде санауыш кірісіне түскен импульстердің санына сәйкес санды немесе кодты сақтайды. Санауышта санның бірлікке ұлғаюы инкрементация операциясы, ал азаюы – декрементация операциясы деп аталады.
Санаудың модулі немесе санауыштың модулі М санауыштың әр түрлі күйлерінің максималды саны сияқты анықталады. Импульстер түскеннен кейін М санауыш бастапқы (нөл) күйіне түседі де, санау циклы қайтадан қайталанады.
Санауыштардың классификациясы
Ішкі күйлерді кодтау әдістері бойынша санауыштар екілік, екілік-ондық және т.б. ажыратылады.
Санау бағыты бойынша санауыштар қосатын, алатын және реверсивті болып бөлінеді.
Разряд арасындағы байланыстарды ұйымдастыру бойынша санауыштар тізбектей немесе параллельді ауысу болып бөлінеді.
Санауыштың күйі разрядты схемалардың кірістері бойынша анықталады Qn-1 Qn-2 … Q0, осы кезде кірістік импульстер санауыштың кіші разрядына Q0 келіп түседі.
Санауыштар қосатын және алатын болып бөлінеді. Қосатын санауышта әр импульс кірісте бірлікке ұлғаяды, алатын санауышта – бірлікке төмендейді.