Білім беру бағдарламасы бойынша /білім беру бағдарламасының коды және атауы/ электронды қҰрылғылар схемотехникасы



бет39/54
Дата19.10.2023
өлшемі11,89 Mb.
#119660
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54
Байланысты:
МУ ЭҚС (каз)

Тапсырма: №1. Тәжірибелі түрде D типті триггердің жұмыс істеу мен ауысу кестесін алу.
D типті триггер ең қарапайым және сандық түйіндерді құру кезінде кеңінен қолданылады. Осы типті триггердің бір ақпараттық кірісі D (Data) және санауыш кірісі С бар. Триггердің шартты графикалық белгіленуі 7-суретте көрсетілген.


7-сурет. D триггердің шартты-графикалық бейнеленуі.

Ақпарат D кірісінен тактіленетін импульс алғышебінің түсу уақытынан енгізіледі де, келесі тактілі импульс түскенге дейін сақталады. Осыдан басқа, D триггерлердің орындау нұсқалары бар, оларда тактілі кіріс С сигнал деңгейімен басқарылады. D триггерінің соңғы нұсқасы үшін "мөлдірлік" құбылысы пайда болады, ол сандық түйіндердің жобалануын күрделендіреді.


Микросхемалардың көптеген серияларында D триггер қосымша орнататын асинхронды кірістері R және S бар, олар приоритетті болып табылады.
D триггерді зерттеу схемасы 8-суретте көрсетілген.

8-сурет. D триггерін зерттеу схемасы

D триггердің берілген нұсқасы сигналдың оң алғышебімен басқарылады.




R және S приориттеті кірістерінің жұмысын зерттеу тәртібі



    1. Жаңа файлды ашып, 8-суретте көрсетілген схеманы жинаңыз. Өз атыңызда сақталған папкада файлды сақтаңыз.

    2. S = 0, R = 1 сигналдарын беріңіз. Триггер Q = 1 күйіне ауысады, басқа кірістердегі сигналдарға қарамастан.

    3. S = 1, R = 0 сигналдарын беріңіз. Триггер Q = 0 күйіне ауысады, басқа кірістердегі сигналдарға қарамастан.

    4. R=1, S= 1 күйлерін орнатыңыз. Ақпарда D триггердің жұмыс істеу кестесін толтырыңыз. Ол үшін D және С кірістеріне қажетті сигналдар комбинацияларын беріңіз.

    5. D және С кірістерінде әр түрлі нұсқаларда триггердің жұмыс диаграммасын сызыңыздар.



Тапсырма: №2. Тәжірибелі түрде есептеу режимінде D типті триггердің жұмысының уақыт диаграммасын алыңыз (Т триггер).
9-суретте D триггерінің базасында Т триггердің схемасы көрсетілген.


9-сурет. D триггерді Т триггердің режиміне қосу схемасы.
D триггер жұмысының есептеу режимін ұйымдастыру үшін D кірісіне шығысынан кері байланыс сигналын беріңіз. Сонда триггердің күйі теріс күйге ауысады.
10-суретте есептеу режимінде D триггерді зерттеу схемасы көрсетілген.



10-сурет. D триггерді зерттеу схемасы есептеу режимінде көрсетілген (Т триггер).


D триггердің берілген нұсқасы синхронизацияның С кірісіне келетін сигналдың оң алғышебімен басқарылады.

  1. 10-суретте көрсетілген схеманы жинаңыздар. Өз атыңызда сақталған папкада файлды сақтаңыз.

  2. Экранның жоғарғы оң бұрышында ауыстырғыштың көмегімен модельдеу процесін іске қосыңыз.

  3. С пернесі арқылы С кірісін ауыстырыңыз. Ақпарда уақытылы диаграмманы сызыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет