Ұзақтығы: 160 мин.
Пән: “Электронды құрылғылар схемотехникасы” Мақсаты: САПР Electronics Workbench құралдарының көмегімен санауыштардың сипаттамаларын тәжірибелік зерттеу.
Қолданылатын бағдарлама: Electronics Workbench в. 5.0 I. Санауыштардың сипаттамаларын зерттеу Ұсынылатын уақыт
80 минут 1.1. Санауыштардың қызметі мен негізгі функционалдық мүмкіндіктерін қысқаша сипаттау. Санауыш деп – кіріс импульстерінің әсерінен бір күйден екінші күйге ауысып, өзінің күйін бірлікке өзгертетін сандық түйіндерді айтады. Нәтижесінде санауыш кірісіне түскен импульстердің санына сәйкес санды немесе кодты сақтайды. Санауышта санның бірлікке ұлғаюы инкрементация операциясы, ал азаюы – декрементация операциясы деп аталады.
Санаудың модулі немесе санауыштың модулі М санауыштың әр түрлі күйлерінің максималды саны сияқты анықталады. Импульстер түскеннен кейін М санауыш бастапқы (нөл) күйіне түседі де, санау циклы қайтадан қайталанады.
Санауыштардың классификациясы