Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Пенитенциарлық психологиясының ғылыми зерттеу обьектісі
2. Пенитенциарлық-түзету мекемелерінің негізгі бағыты
3. Түзету жұмыстарының психологиялық негіздері.
Практикалық (семинар) сабақтары Практикалық сабақтар – тек білім беру сипатындағы формасы. Егер семинардың негізгі міндеті алған білімді бекіту мен сенімін қалыптастыру болса, практикалық сабақтың міндеті іскерлік пен дағдыны қалыптастыру. Студенттердің мамандыққа қызығушылығы мен дағдыларын, іскерлік ойын, жаттығулар, практикумдар арқылы қалыптастыруға болады. Бүгінгі сұраныстарға сай мамандық қасиеттерін қалыптастыруда көбінесе семинар – практикум сабақтары жүргізіледі.
Студенттердің заң психологиясы пәні бойынша меңгерген ғылыми-теориялық білімдерін, іскерлік пен дағдыларын өз бетінше дамытуға және практикалық талаптарға бағытталған оқу сабақтары нысанының бірі болып табылады. Пән бойынша практикалық сабақтар студенттерге ғылыми әдебиеттер негізінде өздік жұмыстарды орындауға және ауызша өз ой-пікірін жеткізе білуге мүмкіндік беретін семинарлар түрінде өткізіледі.
Семинар әдебиеттерден, дәрістерден жинақталған білімдер негізінде студенттердің сенімін, ой қорытындыларын қалыптастыру формасы. Егер дәріс сабақтарында жетеші рольді оқытушы атқарса, семинарда жетекші рольді студенттер атқарады. Семинардың күрделілігі: студенттердің жетекші роль атқару үшін қажетті мүмкіндіктер мен қабілеттерін қалыптастыратын жағдайлар мен шараларды жасау. Семинардың формалары негізгі міндеттеріне қарай айқындалады. Семинар-практикалық сабақ зоопсихология пәні бойынша дәріс материалдарын қайталауға және бекітуге, сонымен бірге әрбір тарау бойынша дәрісте қарастырылмайтын қосымша білімді меңгеруге бағытталған. Практикалық сабақтарда көбінесе диалог, пікірталас, әңгімеге негізделген тапсырмалар дайындалып, олар пікір-сайыс формасында шешіледі. Сонымен қатар, семинар сабақтарын ұйымдастыруда инновациялық әдістерді: дискуссия, конференция, дөңгелек үстел, кейс технологиялары,модельдеуші ойындар және т.б. оқытудың белсенді әдістерін қолдануға болады. Аталған әдістердің көмегімен ұйымдастырылған сабақтар студенттердің өзіндік пікірін қалыптастыруға, білімін тереңдетуге, өздігінен ізденуіне, қарым-қатынас жасаудың негіздерін үйренуге мүмкіндіктер туғызады.
Заң психологиясының ғылымдар жүйесіндегіалатын орны мен маңызы. Заң психологиясының методологиялық негізі. Заң психологиясының ғылыми-зерттеу объектісі. Заң психологиясының теориялық және практикалық негіздерінің қалыптасу себептері. Қазіргі заң психологиясы.
Заң психологиясының ғылыми-зерттеу әдістері. Заң психологиясының ғылыми-зерттеу әдістеріне қойылатын талаптар. Негізгі және қосалқы әдістері. әдістерінің өзара байланысы. Бақылау, әңгімелесу, эксперимент, интервью. Биографиялық әдіс, тест, құжаттарды психологиялық талдау.
Құқыққа қарсы мінез-құлықтың психологиялық алғы шарттары. Адам өміріндегі құқықтың маңызы. Адамның қалыптасып, дамуына әсер ететін факторлар. Құқықтық сана-сезімдерді қалыптастыру. Құқықтық әлеуметтендіру және әлеуметтендірудегі кемістіктер.
Қылмыстық ниеттің қалыптауы мен жүзеге асуының психологиялық механизмдері. Қылмыстық әрекетер туралы түсінік. Қылмыстық әрекетердің мотивациясы. Қылмыстық психологияның қалыптастыру жолдары. Қылмыскердің жеке басының психологиялық ерекшеліктері.
Қылмыскер тұлғаның психологиялық типтері. Қылмыстық тәртіптің психологиялық негіздері. Қорқу – қылмыстық тәртіп әрекетінің фундаментальды негізі. Қорқу – үрейленудің себептері мен түрлері. әлеуметтік әрекеттерге ұарсы әрекетттер.
Ұйымдасқан қылмыстың психологиялық ерекшеліктері. Қылмыстық топтардың белсенділігі. Қарапайым ұйымдасқан топ. Қүрделі ұйымдасқан топ. Бандиттік ұйымдар. Қылмыстық ұйым. Сыбайластық қылмыскерлер. Қылмыскерлердің сыбайластық механизмдері.
Сот-тергеу және кешенді психолого-психиатриялық сараптауда адамның тұлғалық бітістерін талдау. Сот-тергеу және кешенді психолого-психиатриялық сараптаудың маңызы мен ерекшеліктері. Тергеуші әрекетиінің психологиялық сипаты. Мамандық әрекеттердегі ерекшеліктері.