Білім беру бағдарламасы бойынша білімалушыларға «Заң психологиясы»



бет16/23
Дата02.03.2023
өлшемі209,97 Kb.
#71258
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың психологиялық ерекшеліктері
2. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың түрлері
3. Қылмыстық әрекеттің мотивациясы.
4. Қазіргі ұйымдасқан қылмыстық топтардың құрылымы
15 Дәріс: Пенитенциарлық психология
Жоспар

  1. Пенитенциарлық психологиясының зерттеу пәні.

2 Пенитенциарлық – қайта түзету мекемесінің міндеттері.
3 Бас бостандығынан айырылған адам психологиясы.

Пенитенциарлық психология жаза тағайындаудың эффективтілігі, сотталғанның динамикалық тұлғасын, ориентациялық және стереотиптік кіші топтардың құнды негіздерінің әрекет-қылығын, түзету және қайта тәрбиелеу заңды түзету проблемаларын зерттейді. Пенитенциарлық психология нені оқытады? (пенитенциария – латын тілінен аударғанда «түзетілетін») Түзету психологиясы – расоциализациялық психология негізін оқытады. Пенитенциарлық – қайта түзету мекемесі, бұл мекемелерге колония түрме, лагерь, т.б. жатады. Қайта түзету мекемелеріндегі сотталғандар еңбекпен айналысады, олардың қолдарынан әр түрлі ағаштан жасалған бұйымдар, қағаздан жасалған әр түрлі карта, дәптер, кітаптар, бәрі келеді.


Қайта түзету мекемелерінде өздерінің шеберханалары бар, олар сол шеберханада тек қана ұсақ-түйек жасаумен айналыспай одан да ірі істермен айналысады. Олар машина жасау, дем алу орны, үйге қажетті, тұрмысқа қажетті нәрселерді сол шеберханада істейді. Сотталғандар үнемі медициналық қараудан өтіп тұрады. Қайта түзету мекемесінде әр түрлі қылмыс жасағандар отырады. Ол қылмыстар ауыр, жеңіл, қасақана, әдейі жасалғанына қарамастан бәрі бірге отырады, бірақ олардың әрбіреуінің өтеу мерзімдері әр түрлі болады. Олар үш жылдан бастап өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сотталғандар өздерінің әрекет-қылықтарына байланысты бөлек отырады.
Түзету психологиясы сотталғандардың ресоциализацияның тәжірибелік кеңес беруі, түзету құқығымен тығыз байланысты, сонымен қатар құқық бұзушылардың тұлғалық психокоррекциясын қабылдау. Түсіндіріп айтатын болсақ, түзету психологиясы қылмыс жасағандарды зерттеу тиіс. Оларды еңбек ісіне немесе әлеуметтік ортада қалыпты өмір сүру. Түзету психологиясы қайта түзету еңбек құқығымен, еңбек психологиясымен, педагогикамен және әлеуметтік психологиямен тығыз байланысты
Кейбір сотталғандардың топтары аяқтарына нық тұрып түзету жолына түсіп еңбек процесінде және қоғамдық өмірге белсенді қатысады, ең маңыздысы олар басқа сотталғандарды тәртіпке, түзу жолға салуда белсенді қатысады.
Резерв тобы – бұл сотталғандар толығымен аяқтарын түзелу жолына нық басып, еңбек әрекетіне белсенді қатысып, бірақ өз инициативасы бойынша басқаларына қайта түзелуге көмек көрсетпейді.
Пассивті топ – сотталғандар өздерінің әрекет-қылық стратегияларын таңдауда сенімсіз, бір қалыпты емес. Бір сөзбен айтқанда өмірдің ағымымен жүре беретіндер. Келесі топ қиын тәрбиеленетін сотталғандар мүлде бағынбайтын коғамдық жұмысқа, еңбек әрекетіне қатыспайды.
Заңдылықты құрметтейтін, әлеуметті нық қоғамды қалыптастыруына кеңейген ақпараттық-насихаттық және әлеуметтік-педагогикалық қызмет себепші болады. Ал қанғыбастық пен әлеуметке жат қылықтарға бейім, өмірдің қиын жағдайына тап болған кәмелетке толмағандарды бейімдеу мен оңалтуға себеп болушы бiлiм беру ортасының мүмкiндiгiн дамыту Қостанай қаласындағы балалар мен жасөспірімдер қылмысы қарқынына айтарлықтай әсер етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, балалар мен жасөспiрiмдердi тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту үшін материалдық-техникалық базасын кенейту және оларды облыстың мәдени және спорт өмiрi ортасына тарту негізгі себепші шарт болып табылады.
Пенитенциарлық психологияның немесе қайта түзету мекемелерінің міндеттері:
-қылмыскерлерді жазалау мен түзетудің психологиялық мәселелері,
-бас бостандығынан айырылған сотталушының психологиясы,
-еңбекпен түзету мекемелері жағдайындағы өмір әрекетінің психологиясы,
-қайта әлеуметтендіруші іс-әрекетінің психологиясы,
-қамаудан босаған адамның әлеуметтік ортаға қайта бейімдеуі.

Әр сотталған қайта түзету орындарына түскен кезде олар өздерінің жаза тағайындалғанның өтеу мерзімін жоспарлап отырады. Қайта түзету орындарының тәрбиешісі алдында үлкен мақсат тұр, ол мақсат сотталғандардан адамды тәрбиелеу, олардың қайта түзелуге ұмтылысын туғызу.


Қайта түзету психологиясы сотталғандардың тұлға динамикасын міндетті түрде зерттеуі тиіс. Бас бостандығынан айырылған адам психологиясы міндетті түрде зардап шегеді. Бірақ бас бостандығынан айырылған және үнемі әкімшілік жағынан қателік келтіретін олардың психикасына әр түрлі әсер етеді.
Бұрын бас бостандығынан айырылған болса, олардың өтеу мерзімін ұлғайтады. Қобалжу деңгейінде өз-өзіне деген сенімділігне толығымен күмәнданады. Қайта түзету колонияларына түскеннен бастап қоғам, жанұя алдындағы кінә сезімдерінде қобалжу деңгейінің дамуы пайда болады. Осы сотталғандар күнделікті тәртіпті бұзбайды, керісінше мүмкіндіктері келгенше оны бұлжытпай орындауға тырысады.
Сотталған әйелдер өздерін қалай ұстап тұруына, тәртібіне байланысты кәдімгі қатаң және жеңілдетілген жазадағы бөлімдерге ауыстырылады.
Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 5-тарауына сәйкес прокурор сотта мемлекет мүддесін білдіреді. Яғни прокуратура органдары сотта мемлекет мүддесін қорғай отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол бермейді. Өйткені жеке тұлғаның құқығын қорғау кез келген құқықтық мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Бас бостандығынан айырылғандардың үйіне, бостандыққа сүйікті адамдарына деген сағыныш сезімі болады. Түзету орындарының қатаң тәртібінде әлі қалыптаспаған жасөспірімдердің психикасы зардап шегеді. Жасөспірімдердің көбі психикасы зардап шеккеннен құқық бұзушылықты тоқтатпай керісінше ұлғайта түседі. Бұл психикалық дезадаптация қайта түзету орындарында күшейе түседі.
Сотталғандардың мінез-құлқы тұрақты болғанымен олардың әрекет-қылығы қатаң. Сотталғандардың топтық құрылуы қайта тәрбиелеудегі негізгі факторы болып табылады. Қайта түзету орындарында тұлғаның әрекет-қылығы үнемі топтан өтеді. Сотталғандардың топтары бір түрлі массаны көрсетпейді.Ол әр түрлі тор көздерден – индивидуалдылық, тұлғалық т.б. топты және басқа категорияларды өз кезегінде құрастырады. Топ құрудың алдында өткен қылмыстары, оның түрлері, бұрын өтеген мерзімдері анықталуы тиіс.
Бұл принцип әр түрлі сотталғандардың колонияда отырған тәртіптері сақталуы тиіс. Бірақ колонияда бұл тәртіп көбінесе орындалмайды. Олар топтасқанда топ басшыларын сайлап, ұнайтын адамдарды байланыстары бар, авторитеті жоғары сотталғандардың топтары құрылады. Топқа әсерін тигізу үшін тәрбиеші әр сотталғандардың анамнезін білу тиіс, әр біреуі қандай топта екенін және авторитет деңгейі қандай екенін білген жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет