Білім беру бағдарламасы бойынша Фи21-11к1 тобының студенті Эммен Нұрдананың оқу практикасын қорғау


Тікелей эфир және студияда хабар жазу



бет4/8
Дата29.06.2023
өлшемі88,31 Kb.
#103768
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
1.2 Тікелей эфир және студияда хабар жазу
Эфир– айқас алаңы деп жатамыз. Міне сол «мылтықсыз майдандағы» ыстық, суыққа қатар төзіп жүретін жүргізушінің рөлін ерекше атап өтсек С. Масғұтов ағамыз былай деген: «Экранға шыққан журналистің міндеті сонымен бірге көрермен қауымды сөйлеушінің пікірімен таныстыру, оның әңгіме арқауы болған мәселе төңірегінде келелі кеңес құруына көмектесу. Мұны әдетте журналист сұрақ қою арқылы жүзеге асырады. Сондықтан эфирде сөйлеуші адамға сұрақ қою– алғырлықты, тапқырлықты, ізеттілікті, журналистік шеберлікті талап ететін үлкен өнер».
Сұхбат – пікірталас, әңгімелесу. Публицистиканың ақпарат жанрлар тобына кіреді. Өзіне қажетті мәліметтерді маңызды деген оқиғаға қатысып, ондағы деректермен және өзге де мәліметтермен танысып, әрі адамдармен сөйлесе келе жинақтайды. Сұхбат жанры негізінен көркемдік бейнлеуші құралдарды сөзбен, диалогпен бірлікте көркемдеп отырады. Газетте сұхбаттың сәтті шығуы тікелей қаламтербеуші журналистке байланысты. Оның жазу шеберлігі, шешендігі мен қызықа де нұсқалығы басты назарда болса, радио сұхбаттың жарық етуі көбіне-көп сұхбат берушіге байланысты. Өйткені, радиода сөйлеп тұрған адамның жанды сөзі, дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері, үн әуезділігі айрықша рөл атқарады. Радиодағы сұхбат журналистің сұрағына жауап беріп тұрған адамның көңіл-күйін, ішкісезімін, көзқарасын, мәдениеттілік деңгейін дауыс аясында толық қамтиды. Сондықтан, әсіресе, тікелей эфирдегі сұхбаттың өмірдегі шынайы сәті болып табылады.
Сұхбат алдымен ақпараттық жанр. Ақпараттық жанрлар белгілі бір оқиға, факт жөнінде хабарлау, қоғамды ақпараттандыру, ол хабарлама немесе репортаж түрінде берілуі әбден мүмкін. Оған қойылатын талап– жедеғабылдылық, дәлдік, ақпараттың қысқалығы. Барлық ақпараттық жанрға ортақ қасиет бар, факті өзектілігі, оның берілу жеделділігі. Бақылау, тәжірибе, сұхбат- бұл ақпараттық жанрлардағы материал дайындаудың негізгі әдістері
Алдымен сұхбаттың тарихына тоқтала кетсек, 60 жылдары сұхбат жанры сол кезең үшін тиімді болып, әрі ол студияда көп шығынды қажет те етпеді. Екіншіден, аудитория талабын дер кезінде терең сезінген режисер студиядағы сұхбаттың жауапкершілігін өз мойнына алатын комментатор проблемасын да күн тәртібіне орынды қойып отыр.
Телеэкранда сұхбат айрықша орынды иемденеді. Жаңалықтардың бірде-біреуінде журналист сұрақ қоймаған, не оқиғаға қатысушымен тілдеспеген деректі кездестіру қиын. Сұхбат– теледидардың сан алуан түрлерінде үздіксіз кездеседі. Теледидарда осы жанрда арнайы хабар да жасалады. Оған С.Оразалиновтың ақын-жазушы, өнер қайраткерлерімен жүргізген «Сұхбат» хабары дәлел.
Сұхбат ағылшынның «беседа» деген сөзінен шыққан. Мағынасы баспасөзде жарияланып, радио мен теледидарда берілуге арналған саяси, қоғам қайраткерінің баспасөз, радио, теледидар қызметкерлерімен болған әңгімесі дегендібілдіреді.
Сұхбат– журналистің саясаткер немесе қоғам қайраткерімен өзекті сұрақ төңірегінде өтетін публицистикалық жанр. Сұхбат– дуалистік жанр, бұл бір жағынан журналист үшін адаммен қарым-қатынас арқылы ақпарат алу түрі, екінші жағынан диалог, беседа түріндегі жанр. Сұхбаттың құрамында екі жанрлық элемент бар:
1)журналистіңқоярсұрағы;
2) сұхбат берушінің қайтарар жауабы. Біріншісі– құралды иеленуші, екіншісі– ақпараттың қайнар көзі. Сұхбат берушіні кейде журналист өзі таңдайды, бұл ретте ссұхбат беруші сөзге шешен, салмақты ой айтатын, халыққа танымал, әйгілі адам болуы мүмкін. Кейде журналист болған оқиғаға, күн тәртібіндегі жағдайға байланысты соған қатысы бар кез-келген адамнан сұхбат алуға мәжбүр болады. Эфирдегі сұхбаттың сәтті шығуы көбіне көп сұхбат берушіге де байланысты. Эфирдегі сұхбат журналистің сұрағына жауап беріп тұрған адамның көңіл-күйін, ішкі сезімін, көзқарасын, мәдениеттілік деңгейін бейне аясында толық қамтиды. Сондықтан да, әсіресе, тікелей эфирдегі сұхбат өмірдегі шынайы сәт болып табылады. «Сұхбат» жанры туралы зерттеушілер арасында күні бүгінге дейін ортақ пікір жоқ. Т. Амандосов: «әңгіме, анкета, сұрақ-жауап, «дөңгелек үстел басындағы әңгіме-сұхбат» десе, Т.Қожекеев: «хабарлама, түсіндірмелі, мазмұндама, суреттеме, сын, ресми сұхбат», М.Барманқұлов: «сұхбат жанрын төрт шағын топқа (сұхбат-пікір, сұхбат-ақпарат, ақпарат-эмоция, социологиялық сұхбат), ал сұхбат алушының сипатына қарай екіге (тікелей журналистің өзі алатын және оқырман, телекөрермен мен радиотыңдарман алатын сұхбат) бөледі.
Тікелей сұхбат барысында кездесетін бір қиындық – респонденттің жауабынан туындатып сұрақ қою қабілеттілікті барлық журналистердің бәрі меңгере бермейтіндігі. Бұл әсіресе, жас журналистер үшін тіпті оңайға соқпасы анық. Тележурналист оқиғаға қатысып отырса да, кез келген жағдайда ақпарат көзімен қоғамдық-саяси, экономикалық-әлеуметтік, заңдық-құқтық тақырыптардың бәрімен де еркін пікірлесетін, көрерменнің көкейіндегі сауалды тастай алатын, мәселені салмақтап, таразылай алатын болуы керек. Сонымен қатар телевизияның тікелей эфир сұхбаттары әрдайым уақытпен санасып, уақытқа тәуелді екенін естеп шығармай минутпен жарысып, онымен санасып режиссердің ескерпелерін үнемі қаперде ұстап сапалы өнім көрерменге ұсынуы қажет. Бұл да тележурналистің игеруге тиіс көптеген қабілеттіліктерінің бірі.
Қорыта айтқанда телесұхбат әзірлеп өткізгенде жоғарыда айтылған ерекшеліктер мен талаптардың болатындығына қарамастан қандай көңіл күйде болсаңда сауатты бағдарламаны халыққа ұсынсаң нұр үстіне нұр. Оның үстіне қарапайым халық үшін журналист-жүргізушінің әр сөзі құнды болып есептеледі. Сол себепті де журналист аузынан шығатын әр сөзіні салмақтап, тапқырлықпен сөйлегені абзал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет