Білім беру бағдарламасы бойынша Фи21-11к1 тобының студенті Эммен Нұрдананың оқу практикасын қорғау



бет7/8
Дата29.06.2023
өлшемі88,31 Kb.
#103768
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
ҚОРЫТЫНДЫ

Журналист батыл, табан астынан әлденені ойлап тауып, қысылтаяң жағдайдан оңай шығып отыратын, сегіз қырлы, бір сырлы болуы тиіс. Көгілдір экран өмірімізге еніп, әр шаңырақтың төрінен ақ, қара түсті қорапшалар орын ала бастаған кезеңге сә аялдасақ. Халықтың өміріне теледидар жаңалық болып енді. Ол кездегі көрермендердің бүгінгідей хабарларды таңдап көруге мүмкіндігі бола қойған жоқ. Ал теледидар кадрларының тәжірибесі жеткіліксіз болғандықтан, жаңа дүниені игеру қиындыққа түсті » /Иә, бұл пікірлер орынды айтылған. Қазір 21-ші ғасырға, ақпарат ғасырына аяқ бастық. Көрермен үшін көгілдір экраннан көрінген дүние таңсық емес. Жылдар бойы қалыптасқан тележурналистика жаңалыққа қанат қақты. Эфирде көрінген әр дүниенің өзіндік ерекшелігі мен көрерменнің талап-тілегіне құлақ асу деген пайда болды. Сөйтіп телевизия тәрбие құралына айналды. Өйткені, «телеарна мүмкіндігі керемет, ол бірден миллиондарды қамтиды. Тележорналшы сөзі–үлгі. Әсіресе, жас буынға оның қалып болып кетуі әбден ықтимал»Ендеше, эфир–айқас алаңы. Тікелей эфир жүргізушісі– қан майданда шынығатын нағыз кәсіби маман. Тікелей эфирде сұхбат жүргізу– үлкен өнер. Сұхбат жүргізу бар да, оны «қалай жүргізу» деген бар. Мен екі телеарнадағы сұхбат жүргізудің әдіс-тәсілдерін зерттедім. Бірі–мемлекеттік, бірі–тәуелсіз. Екеуінде де тікелей эфирде сұхбат жүріп жатыр, тақырып–ортақ. Көрермен қайсысын көреді Әрине алдымен көкейіндегі ойды тамыршыдай дөп басып, талап-тілегіне сай жауап беретін бағдарламаны көреді. Ал арнаның мақсаты өз көрерменіне жол табу.


Тікелей эфирдегі бағдарлама журналисті өз ойын стилистикалық тұрғыда дұрыс жеткізе білуі үшін эфирді жүргізгенде тілдің барлық мүмкіндіктерін пайдалануы керек. Сонымен бірге журналистік шығармашылықтың өзіне тән ерекшеліктерін игеруі тиіс. Негізі осы жолға түсіп, бірнеше жылдық тәжірибе жинаған журналистер біз үшін белгісіз, өздері үшін белгілі себептер бойынша басқа салаға кетіп жатады. Бұл мамандықтың қадірін түсіріп, тіпті мамандықтарынан безіп кетуге себепші болып жатқан базбіреулерге ақыл мен парасат кіретін уақыт жақындаған да шығар деп үміттенуден басқа амал жоқ. Қорытындылай келе еліміздің БАҚ-да оның ішінде телевизия саласында жетістіктер де кемшіліктер де бар.
Сұхбаттың сәтті шығуы– жүргізуші еңбегінің жемісі дер едім. Жүргізушінің өнері сан қырлы. Сөз мәйегін құдіреті мен құпиясы мол тіл арқылы жеткізу, оны ойната да, ойланта да беру шеберліктің сан-салалы құпияларының бірі ғана.Эфирдегі бақыт–төккен теріңнің қайтарымы. Өзгелер жылдар бойы бере алмаған, айта алмаған ойларды көлемі жиырма-отыз минуттың бір ғана мезетте жарқ етіп шығатын дүниеңмен айтуың ғажап емес. Ендеше эфир уақытын шебер пайдалану– кәсіби шеберлігі мол журналистің ғана қолынан келеді. Сұхбат– өнер. Тікелей эфирде сұхбат жүргізу қиынның қиыны. Машақаты болмай, рақаты да болмайды. Ендеше, қызығы мен шыжығы мол эфир заңдылығын сақтай отырып, оның әр қиындығына төтеп бере алатынжүргізуші, «пай, пай, шіркін-ай!»,– деп таңдай қақтыратын тамаша сұхбатты эфирге алып шығып, көрермен алғысына бөленіп отырады. Ендеше е бірінші президентіміз НұрсұлтанӘбішұлы Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында айтқандай, «мен де мың бір түн бойы әңгіме шерткен кейіпкерге ұқсағым келмейді», –дей отырып өз жұмысымды осылай аяқтаймын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет