Білім беру бағдарламасы бойынша Фи21-11к1 тобының студенті Эммен Нұрдананың оқу практикасын қорғау


Отандық телеарналардағы тікелей эфир ерекшеліктері



бет6/8
Дата29.06.2023
өлшемі88,31 Kb.
#103768
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
2.2 Отандық телеарналардағы тікелей эфир ерекшеліктері
Отандық телеарналардың барлығы да ақпаратты бірінші болып таратуға, халық арасында бағасының жоғары болуына атсалысып жатыр. Республика көлемінде хабар тарататын «Қазақстан Ұлттық телеарнасы», «Хабар» агенттігі, «КТК», «31 арна», НТК, «Еларна» сияқты телеарналардың барлығы бірдей дерлік жоғарыда берілген анықтамаға сай жұмыс істемейді. Мәселен НТК арнасы күнұзын шетелдік телесериалдар көрсетумен ғана шектеледі. Арнаға сыймай асып-төгіліп жатқан сериалдар легі қазақ тіліндегі «Соңғы ақпараттарды да» ығыстырып шығарды. Отандық телеарналардың ішіндегі ұлттық мәселені бірінші орынға қоятын «Қазақстан» ұлттық телеарнасы ұжымының бүгінгі күні атқарып отырған жұмысын аса жоғары бағалауға болады.
Теледидар-тек хабар таратушы құрал ғана емес, ағартушылық, насихаттық та құрал. Теледидар әсерлілігі өзіне 3 негізгі бағытты қамтитын, әлеуметтік ақпарат тұжырымдамасын жүзеге асырады: Ағартушылық /білім жөнінде негізгі ақпарат болып табылатын хабарламаны таратады/; Танымдық /логикалық және прагматикалық ақпарат негізінде алынған өзіндік білім туралы ұғымды қалыптастырады/; болжаулық /болашаққа баға беріп, ол туралы ұғымды қалыптастырып, ол туралы деректі таратады/; ұлттық мәселе төңірегіндегі өткір проблемаларда қоғамды топтастыруға қызмет етеді. Біздің күнделікті өміріміз, тіршілігіміз, бізді қоршаған орта туралы шынайы көріністі бейнелейді, ой-өрісімізді түрлі ақпараттармен кеңейтіп, сезімімізді қалыптастыруға, әдеттеріміздің жақсы жаққа қарай өзгеруіне әрекет жасайды.Отандық телеарналардың барлығы да ақпаратты бірінші болып таратуға, халық арасында бағасының жоғары болуына атсалысып жатыр. Республика көлемінде хабар тарататын «Қазақстан Ұлттық телеарнасы», «Хабар» агенттігі, «КТК», «31 арна», НТК, «Еларна» сияқты телеарналардың барлығы бірдей дерлік жоғарыда берілген анықтамаға сай жұмыс істемейді. Мәселен НТК арнасы күнұзын шетелдік телесериалдар көрсетумен ғана шектеледі. Арнаға сыймай асып-төгіліп жатқан сериалдар легі қазақ тіліндегі «Соңғы ақпараттарды да» ығыстырып шығарды. Отандық телеарналардың ішіндегі ұлттық мәселені бірінші орынға қоятын «Қазақстан» ұлттық телеарнасы ұжымының бүгінгі күні атқарып отырған жұмысын аса жоғары бағалауға болады. Ақпараттық-танымдық, әдеби-сазды бағдарламалары әр көрерменінің жүрегіне жол табуда. Осыдан екі-үш жыл бұрын халық «Хабар» арнасына көбірек мойын бұратын.Теледидардың тағы бір құдіреті- сенің сырласың мен досыңның рөлін алмастырады. Біз бұрынғыдай оны қосып қойып, телміріп отыра бермейміз, біз үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Ол, әрине, тікелей эфирдегі бағдарламаларТікелей эфир-телевидение хабарларының ішіндегі жүгі ауыр хабардың бірі. Бұл жерде жүргізушінің кескін-келбеті ғана емес, ой-өрісі, дүниетанымы, сауаттылығы сынға түседі. Әрине, тікелей эфир хабарларын тек біржақты қарауға болмайды. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең кенжесі телевидение саласы әлі көп зерттеуді қажет етеді. Осы диплом жұмысын жазу барысында қазақ тілінде тікелей эфир хабары қай кезде пайда болды деген сауалға жауап іздедік. Қазақ телевиденисеі 1958 жылдың көктемінен бастап алғаш хабарларын таратады. Техникалық мүмкіндікке қарай сол заманның хабарларының барлығы тікелей эфир арқылы жұртшылыққа жетті. Ал монтаж телевидение саласына сәл кешірек келді. Екі адамның сұхбатына құрылған бағдарламалар, көңілді ойын-сауық хабарларының барлығы тікелей эфирде жүрді. Бірақ интерактивті байланыс болмаған. Оған себеп, цензура екені даусыз. Сол кездің өзінде футболдан тікелей трансляция болған. Бірақ футбол тікелей эфирде болғанымен, репортажбен хабардың арасы жер мен көктей. Репортер көз алдында болып жатқан оқиғаларды баяндап беріп отырады, егер футбол болса, оның алдында команда құрамындағы ойыншылардың аты-жөні, өзге де мәліметтері жазылған қағаз жатады. Ол жерден біз репортердің түрін көрмейміз немесе сауал қоя алмаймыз. Тікелей эфирдегі спорт хабарының өзі өте көп зерттеуді талап ететін сала. Сондықтан, біз осы диплом жұмысында қазіргі күні тікелей эфирде өтетін отандық телеарналардағы «Оян, қазақ», «Дода», «Бетпе-бет», «Таң жарық», «Кеш жарық» сынды пішіні бір болғанымен, бағыттары бөлек бағдарламаларға тоқталуды жөн көрдік.Қоғамдық телеарна дегенде, басты назарға алатын мәселелер – заңнамалық жүйе, қаржы көзi, бақылау құралы және бағдарламалық саясат. Британияда қоғамдық телеарналарға негiзделген бiр емес, бiрнеше заң бар. «Хабар тарату жөнiндегi» соңғы заң 2003 жылы қабылданған. «BBC» телеарнасын қаржыландыру жүйесi де телеарна ашылғаннан берi қалыптасып келедi. Корпорацияның қаржы көзi – «лицензиялық төлемақы жинауға» негiзделген. Басқаша айтсақ, бұл «теледидарға салық» немесе абоненттiк төлемақы болып табылады. Ұлыбританияның әрбiр тұрғыны жыл сайын абоненттiк төлемақы төлеп тұруға тиiс. Масс-медианың дамуымен кейбiр сарапшылар бұндай төлемақының қаншалықты негiздi екендiгiн анықтауға тырысып, «теледидарға салық» түрiн алып тастау қажеттiгiн де айтып келедi. Бiрақ қазiрше әлемге әйгiлi телеарна негiзiнен абоненттiк төлемақыға жұмыс iстеуде. Екiншi жағынан, Британияның ең iрi телекорпорациясының қызметiне мемлекеттiң де ықпалы мүлдем жоқ деуге болмайды. Себебi телеарнаға бюджеттен де қаржы қарастырылған.Негiзiнен әлемде қоғамдық телеарнаны қаржыландырудың бiрнеше түрi белгiлi. Олар – көрерменнен алынатын абоненттiк төлемақы, мемлекеттiк субсидиялар, демеушiлiк пен жарнамадан түсетiн қаражат, тағысын тағылары. Еуропа елдерiндегi қоғамдық телеарналардың ұлттық сипатына келсек, оларды да бiрнеше түрге бөлуге болады. Бiрiншiден, қоғамдық-құқықтық (Германияда) телеарналар. Екiншiден, қоғамдық-мемлекеттiк (Францияда) корпорациялар. Үшiншiден, «колонналар жүйесi» (Нидерланды). Төртiншiден, «солтүстiк бағыттағы», яғни, коммерциялық телеарналардың демеуiндегi қоғамдық арналар (Скандинав елдерi). Мұның iшiнде «BBC» телеарнасын қоғамдық телеарнаның британдық классикалық моделiне жатқызуға болады «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы — «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ құрамына кіреді. 1958 жылы негізі қаланған. Сол жылы 8 наурызда Алматы студиясынан алғашқы хабар берілді, желтоқсан айынан күнделікті 5 сағаттық хабар беріле бастады. 1959 жылдың сәуіріне дейін қазақ телевизиясында 333 бағдарлама, 497 кинофильм мен киножурналдар дайындалды. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары қазақ телевизиясы түрлі-түсті бейнеге көшті. Трансляцияның ұзақтығы - 7 сағат, қызметкерлер саны - 412-ге жетті. 11 бас редакция, 4 шығармашылық бірлестік жұмыс істеді. Ал 1994 жылы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан» теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы болып құрылды. 2002 жылдан бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы деп аталды. Телеарнаның 17 аймақтық филиалыбар.Оныңхабарларын2003жылы Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейдің Қазақстанмен шекаралас 12 облысы мен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономдықаудандарының тұрғындарыкөребастады. «Qazaqstan»Ұлттықтелеарнасы «Қазақстан»республикалықтелерадиокорпорациясы» АҚ құрамына кіреді. 1958 жылы ірге көтерген телеарна алғашында 5 сағаттық хабар тарата бастады. Содан бері телеарнаның техникалық әлеуеті жыл сайын ұлғайып, 1987 жылы телетаратылым бойынша одақтас республикалар арасында төртінші, көркем және деректі фильмдер өндірісі бойынша екінші орынды иеленді.Бүгінгі таңда телеарнаның техникалық әлеуетіреспубликааумағының100пайызынажуық,көршілес Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан Моңғолия және Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданы өңірлеріне хабар таратуға мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ, заманауи телетаратылымның барлық талаптарына сай.Қазіргі таңда Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін салтанатты жиындар, телекөпірлер, спорт түрлерінің ең маңызды матчтары Ұлттық телеарнаның техникалық қолдауы арқылы өткізіледі.Бүгінгі таңда Ұлттық арна эфирінде әртүрлі жастағы көрермендерге арналған жаңалықтар мен ерекше ток-шоу жанрлары, ойын-сауық және танымдық бағдарламалар, қоғамдық-саяси, экономикалық хабарлар, сондай-ақ, мемлекеттік тілді дамытуға негізделген жобалар көп.Телеарна алғаш 1990 жылы таңбаланды. Арнаға сол кезде киіз үй пішіндес, ортасында 1 саны бар логотип басылды. Сөйтіп, арна «Қазақстан-1» деп аталды. Ал, 2002 жылдан салт атты адамның бейнесі бедерленіп, төменгі жағында «Қазақстан» атауы петроглиф жазуымен берілді.2002-2006 жылдары арна атауы Күлтегін ескерткішіндегі құнды мұраға ұқсап таңбаланды. Ал, бұған дейін 14 өңірдегі филиалдар әртүрлі аталып келсе, кейін бір қалыпқа түсті. Мысалы, «Қазақстан-Жамбыл», «Қазақстан-Қостанай», «Қазақстан-Ақтау» деп аталды.2006 жылы қошқар мүйіз оюлы көк-сары түсті дөңгелек логотип жасалды. Ал, 2011 жылы «Қазақстан» таза қазақтілді жалғыз арнаға айналды. Логотип ұлттық оюын анық, бояуын қанық етіп жаңарды.Ал, 2014 жылы телевизия өңі түбегейлі өзгерді. Ребрендинг жасалды. Медиақұрылым логопиті Тәуелсіздікпен үндес, көк Тумен үйлес болып, өзгерді.2017 жылы медиақұрылымның атауы латын қарпіне көшірілді. Корпорацияның өңірлердегі отаулары да өзгеріссіз қалмады. Филиалдар төл, тарихи жер атауларымен аталды. Сонымен қатар, кей облыстардағы телеарналар қазақша атауларға алмастырылды. Мысалы, Петропавл – «Қызылжар», Павлодар – «Ертіс» және Орал – «Ақжайық», Өскемен – «Алтай» болып өзгертілді.Телеарна 2012 жылдың 24 желтоқсанында хабар тарата бастады Қазақ телеарналары қандай болу керек?Елдегі телеарналардың көрерменіне ұсынып келе жатқан көрсетілімдері қоғамда недәуір уақыттан бері сын пікірдің нысанасына айналған тақырып. Алайда, алға басып, жұрттың жанымен үйлесім табатын тұщымды дүние тарту еткен арна әлі жоқ.Жуықта «Хабар» мен «Қазақстан» арналарының басшылары ауысты. Телетағдырдың ендігі күйі де көкірегі ояу адамды ойға шомдырып отыр.Телеарналардағы басқару жүйесіндегі, телебағдарламар жасаудағы, қазақ тілінің үлесі, телевизиядағы идеология, телесаясат секілді күрмеуі көп күрделі мәселелерді телерадио саласының түрлі буын өкілдерінің талқысына салып, «Қазақ телеарналары қандай болу керек?» деген сауал төңірегінде арнайы өткізілген дөңгелек үстел басында ой-пікірлері мен ұсыныстарын білген едік. Олар былай десті:Абай-ақпарат»Ол кезде әртүрлі өнеркәсіп, мәдениет, оқу-ағарту секілді түрлі салаларға арналған циклды хабарлар шығып тұратын. Және әр саланың бағдарламасының бас редакциясы бар болатын. Әр редакцияның жұмысына қарай әр түрлі хабарлары жарық көріп отыратын. Редакцияларға көрермендерден үздіксіз хаттар келіп жататын. Хаттар да айтылған сын пікірлер ескеріліп, түзетілетін.-Қазір рейтингі жоғары деп жатамыз, біздің рейтингі жоғары бағдарламаларымыз бен сіздердің кездеріңіздегі «көрерменнің көзайымына айналған бағдарламалардың» айрымашылығын айтып бере аласыз ба? Әрине, кеңестік қазақ теледидарының да көрермен көзайымына айналған бағдарламалары болды. Қазіргі жағдайға келсек, телехабарлардың көбі жылтырақ болып кетті.Бүгінгі кейбір бағдарламаларда шақырылған қонақтарын сөйлетудің орнына жүргізушілер көсемсіп, қонақ ой-пікірін айтайын десе, аузынан қағып тастап, өздері ақыл айтып, көп сөзділікке салынып кететіні бар.«Шынның жүзі» сияқты көңілден шығатын бағдарламалар да болды. Өкінішке қарай, көрерменге жақын, жақсы бағдарламалардың ғұмыры қысқа болып жатыр Телеарна, телехабар сөздерінің қазақ кеңістігінде қалыптасып жатқаны кеше немесе бүгін ғана емес. Совет үкіметінің тұсында қалыптасып, өзінің арнасын салып үлгерген.
Қазақстанда «көгілдір экранның» сәуле шашқанына да жарты ғасырдан асты. Осы жылдарда ол техникалық жаңғыру, шығармашылық күштердің өсіп, толысуы жағынан да сан белесті бастан кешті. Ең алғашқы салмағы жүз келідей тұратын ауыр камералардан, тұтас залдарға әрең сиятын телеаппараттардан бүгінгі шағын, қолайлы, сапалы, сан қилы мүмкіндігі бар сандық телевизияға дейін өзгеру, өсу дәуірін кешкен Қазақ телевизиясы шығармашылық жолдың да талай белесінен өтіп, бірнеше ұрпақ үлес қосқан іргелі де ірі, жан-жақты толысқан, халқымыздың ақпараттық рухани қажетін өтеп отырған қуатты күшке айналды. Ағайынды Льюмерлердің техникалық жаңалығы кино өнерінің тууына жол ашса, телевизия техникасы да қазір бүкіл әлемді аузына қаратқан жаңа өнердің туып, дамуына әсер етті.
Телевизия - туған күнінен бастап адамзатты таңырқатып келе жатқан құбылыс. Ол техникалық жағынан қиял жетпес мүмкіндіктерді ашып, көз ілеспес жылдамдықпен, адуынды қарқынмен жаңғырып, дамып келе жатса, жана өнер ретінде бүгінгі күнге дейін адам баласы жаратқан өнер атаулының барша қасиетін бойына сіңіріп, жаңа тұрпатты өнер тудырып отыр. Ол бір сәтке ортақ мақсат үшін көптеген елдерді жұмылдыра білетін қуатты күшке ие. Ол - ұқсата білсе, ұлттың ұлы мұратына жетуіне орасан көмек беретін құдіретті құрал. Әлеуметтанушылардың зерттеуі бойынша, казіргі адам теледидарсыз өмір сүре алмайтын халге жетті. Олай болса, бұл феноменді тану, зерттеу, мемлекеттік идеологияда ұтымды пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Алғашқы кезеңде қазақ телевизиясы - негізінен ақпарат таратушы, бұрыннан бар кино, театр туындыларын әр үйге жеткізетін техникалық мүмкіндікті ғана пайдаланса, көп ұзамай телевизияның ерекшелігіне сай өз туындылары көріне бастады. Жіңішке және жалпақ кинотаспаларға жедел түсірілген тележаңалықтар, жылжымалы телестанциялар арқылы оқиғаның ортасынан жүргізілген телерепортаждар, студияның ішінде қойылған әртүрлі жанрдағы телетуындылар алғашқы талпыныстар болатын. Ол келе-келе шығармашылық ізденістерге ұласты. Алғашқы телеспектакльдер, телефильмдер пайда болды. Балаларға, жастарға арналған хабарлар, оқулық бағдарламалар дүниеге келді.
Қоғамдық өмірдің, ауылшаруашылығының, өндірістің, ғылымның, өнердің, әдебиеттің өзекті мәселелерін қозғайтын шығармалар әртүрлі жанрда бой көрсетті. Бұлардың сәттісі де, сәтсізі де жетіп, артылатын. Телевизия өмірдің өзі тәрізді тоқтаусыз құбылыс болғандықтан, тынымсыз ізденіс толас тапқан емес.
Алғашқы он жылдықта телевизияның табиғатын терең түсінген жаңа шығармашылық топтар, жеке дарындар өсіп жетілді. Бұрын газеттен, радиодан, театрдан келген мамандардың көпшілігі жаңа өмірдің талабына тез бейімделіп, оның дамуына өз үлестерін қосты. Ал телевизияның өз қазаныңда пісіп жетілген жас журналистер, режиссерлер, тележүргізушілер, телеоператорлар Қазақ телевизиясының іргесін бекіте түсті.

.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет