Білім беру бағдарламасы бойынша Фи21-11к1 тобының студенті Эммен Нұрдананың оқу практикасын қорғау


ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ



бет5/8
Дата29.06.2023
өлшемі88,31 Kb.
#103768
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
2 . ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ

2.1 Телерадиодағы тікелей эфир
Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп, олардың әрқайсысына талдау жасамас бұрын, “Тікелей эфир дегеніміз не?” деген сауалдың жауабын іздестіруіміз керек. Тікелей эфир – тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі сондай ақ, шығармашылық-техникалық сипаттағы соңы технологиялық прогресс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде, алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі.
Бір кездері пішін ретінде қарастырылған тікелей эфирдің өзінің бірнеше пішіні пайда болды: телеүндесу, кері байланыс, студиядағы хабар, ток-шоу тағы тағы басқалары немесе тағы сол сияқты. Оның үстіне қазіргі тікелей эфир бұрынғыдай бір жақты сипат алмайды. Тікелей эфир- аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі. Ең бастысы, тікелей эфирдегі диктордың оқуы, журналистің жүргізуіне көп нәрсе байланысты. Экран алдында сөйлейтін жүргізуші болғанымен, оның соңында техникалық тетікті ретке келтіретін, эфирді әуенмен әрлеп, сөзбен көмкеретін, әрбір іс-қимылыңды қалт жібермей дәлдікпен түсіретін студия операторлары, оператордың түсірген суретін эфирге шығарушы режиссер, дыбыс режиссері, телефон қоңырауын эфирге қосатын өзге де техникалық қызметкерлер бар екені белгілі.
Жалпы, радионың ауызекі сөйлеу тілімен, дауыс ырғағымен, техникалық мүмкіндіктерімен о бастан тікелей эфирге бейім екені мәлім. Сондықтан да, тікелей эфирдің тарихи тамыры тереңде жатыр Радиожурналистің жұмыс процесін эфирге дейінгі, эфир кезіндегі деп екіге бөліп қарастырған жөн. Өйткені, эфирден берілетін хабарды алдын-ала әзірлеу мне тікелей эфирдегі радиохабарды жүргізу екеуі екі бөлек нәрсе.
Радиохабар жасау – радиожурналистің бұрыннан қалыптасқан жұмыс істеу әдісіАл тікелей эфирдегі хабарды жүргізу – қазіргі заманғы радиожурналистиканың жаңаша жұмыс тәсілі, күрделі шығармашылық процесс, техникаға тәуелді таңғажайып құбылыс. Шындығында, радиожурналист жұмысының негізгі әдістері келіп туындайды.
Сондай-ақ радиорепортажды жүргізгенде ең алдымен қозғағалы отырған мәселенің бірнеше төңірегін қамтиды. Репортажда міндетті түрде қарамастан нәрсе ол.
1.Қандай да бір мәселенің мысалы: жаңадан түсірілген кино туралы берсе ең алдымен сол туралы қысқаша ақпарат береді.
Бас режиссер немесе басты рольді сомдаған актерлермен сұхбат жүргізеді.
Дөңгелек стол түрінде әр түрлі пікірлердің қайда? Қашан? Сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбуі.Осы киноның салтанатты ашылуы кезіндегі репортаж. Сол кездегі атмосфера сахнадағы көрермендердің қатысуы туралы шум, музыка т.б. эффектілермен тыңдаушыға жеткізуі. Тіпті кейде журналист сол оқиғаға байланысты өзі алдын-ала дайындалып, запись жазып қысқа очерк беруі мүмкін.Тікелей эфир кезінде репортер өзі қатысып тұрған оқиғаның көрінісін тыңдаушы көз алдына қатысып отырғандай әсер қалдырса ғана репортаж өз дәрежесіне жетпек. Яғни сол оқиғаға қатысқан халықтың көңіл-күйі, музыка, қошаметтеген дауыстар, ойнаушылардың желпінген дауыстарын беруі және сол тікелей эфир арқылы комментарий жасауы очерк, интервью сияқты жанрларды кеңінен қолдана отырып хабардың барынша эмоциялылығын бағалап оның тірі әрі қызықты өтуіне жол ашады.
Репортаж — өз бойына публицистиканың информацияның элементтерін жинастырған ерекше оперативті жанр. Оның түрлері көп болғаны мен, оған ортақ бір жай бар. Ол: тікелей оқиғаны бір репортермен өзіндік әсерімен, ой қорытындыларымен жеткізу.
Репортаж белгілі бір оқиғаға қатысушы репортердің оқиғадағы толық көргені жайлы тыңдаушыларға информацияның хабар беруі. Диктор – бұл радионың немесе теледидардың өзіне ғана тән, дщүниеге оның өзімен бірге келіп, бірге жасасып келе жатқан басты тұлға, өнім дайындаушы редактор мен сол өнімді пайдаланушы тыңдаушының арасындағы дәнекер.
Дикторлар қызметте көбінесе екі бағытта – диктор-информатор және диктор-бастаушы болып пайдаланылады. Диктор-информаторға оқып беру тән болса, диктор-бастаушыға көрерменге, тыңдаушыға әңгімелеп беру немесе ауызекі сөйлегендей айтып беру лайық болады. Осыған орай, диктор-информатор жұмысының біршама жеңіл екендігін айтуға тиіспіз. Оған диктордың дауыс ырғағы, күштілеу дауыс әуені болса, информацияларды жақсы, анық әрі нақышына келтіріп оқып шығуға әдбен болады. Сөз жоқ, информацияларды, ресми документтерді оларға тән көтеріңкі үн ырғақты әрі сенімді дауыспен оқу керек.
Ал диктор-бастаушы ретінде олар материалды зор әзірлікпен әрі бар ынта-жігермен, актерлік шеберлікпен оқуы керек, «есте болсы»: мағынасыз сөз болмайды, әрбір диктор сол мағынаны дөп басып таба білу керек.
Осы орайда, радиожурналистикаға тән этика радио табиғатына тән заңдылықтардан бастау алады. Демек:
Микрофонның сезімтал құрал екенін ескеру:
1) артық дыбыс шығармау, жөтелмеу, күлмеу, т.с.с;
2) дұрыс дауы ырғағын, сөз екпінін, сөйлеу мәнерін жолға қою.
Мәдениетті болу, сыпайы тіл қату, білімділік көрсету, өтірік сөйлемеу, басқасын былай қойғанда, уақытты дәл айту.
Техникалық ақауды болдырмаудың барлық амалдарын қарастыру, қандай да бір қиындыққа тап болған жағдайда кәсіби мораль тұрғысынан кез келген мәселені тікелей эфир процесінде тыңдарман назарына нұқсан келтірмей қолма-қол шешу.
Эфирдегі үнсіздікке жол бермеу.
Дыбыстық жазбаларды таспаға түсіру:
репортердің көмегімен;
студия арқылы.
Таспаға түсірілген жазбаларды ықшамдап, ретке келтіру, яғни, монтаждау.
Қажетті деректерді жинау.
Радиохабардың өн бойында қолданылатын музыкаларды іріктеу.
Радиохабардың толық мәтінін әзірлеу.
Автор тарапынан айтылатын сөзді жазып алу.
Радиохабарды бастан-аяқ жинау, толығымен құрастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет