Білім беру бағдарламасы бойынша Жеке тапсырма тақырыбы Қызыл май және оның түрлері



бет6/7
Дата25.06.2023
өлшемі47,88 Kb.
#103361
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Дәрілермен өзара әрекeттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Препаратты косметикалық тәжірибеде пайдалануға болады.
Препарат иммунитет қорғанысы төмендеуімен қатар жүретін ауруларды емдегенде жалпы нығайтатын витаминді зат ретінде ұсынылуы мүмкін. Педиатрияда қолдану
Қызыл майды® балалар тәжірбиесінде 3 жастан бастап ұсынылғаннан аспайтын дозада тағайындайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 мл, 50 мл және 100 мл препараттан бұрандалы мойны бар қызғылт сары шыныдан жасалған дәрілік заттарға арналған шыны құтыларда. Сыйымдылығы 30 мл, 50 мл құтылар полиэтилен тамшылатқышы мен полипропилен қақпақтармен жабылған. Сыйымдылығы 100 мл құтылар алғашқы ашылуы бақыланатын алюминий қақпақтармен жабылған.
Әр құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапқа қапталады. Қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтың мәтінін тікелей қорапқа жазуға жол беріледі.

Сақтау шарттары


Жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Қолданар алдынды шайқау керек!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«ФитОлеум» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Алматы обл., Есік қ., Маметова к-сі, 25,
Тіркеу куәлігінің иесі
«ФитОлеум» ЖШС, Қазақстан Республикасы


3.3«Қызыл май» полифиттік майы ішкі ағзалардаң әртүрлі ауруларының кешенді емінде
Қазіргі замандағы акушерлік және гинекологияның өзекті мәселелерінің бірі отадан кейінгі инфекция жұқтырудың алдын-алу болып табылады (Н.Д. Волков, 1986). Акушерлік және гинекологиялық отадан кейінгі жаралы инфекция дамуының жиілігі 15,5%-дан 29,98%-ға дейінгі жағдайды құрап отыр (Г.К. Степанковская, С.Я.Сольский, 1989).
Отадан кейінгі мерзімде антибиотиктерді қолдану мәселені шешпейді, себебі антибиотикке тұрақты қоздырғыштардың саны В.И.Кулаков мәліметтері бойынша (1984) 20 есеге артқан. Ескерте кету керек, аталған контингент әйелдері іріңді-сепсистік аурулардың туындауының даму қаупі жоғары жиіліктегі орында орналасқан. Оларға жататындары:

  1. Қалыпты ағымдағы жүктілік және босану И.Н. Головистиков мәліметі бойынша қатысты иммунотапшылық күймен сипатталады, бұл жағдайдағы бастапқы қалпына келу босанудан кейінгі 5-6 күні болады.

  2. Кесер тілігі арқылы ота жасау жолымен босану әйелдің иммундық қабілетіне өте жағымсыз әсер етеді, С.Д. Булиенко және В.И. Пирогов мәліметі бойынша иммунитет көрсеткішінің қалпына келуі отадан кейінгі 10-12 тәулікте ғана жүзеге асады.

  3. Шұғыл жағдайда кесер тілігімен босандыру кезінде босанудан кейінгі асқыну қаупі жоспарлы ота жасаудағыдан 2-5 есе жоғары.

  4. Экстрагенитальдық аурулар, жүктілік пен босанудың патологиялық ағымы Г.И. Герасимович мәліметі бойынша ана ағзасының иммундық қабілетінің айтарлықтай төмендеуімен жүреді.

  5. Жатыр мойны, қынап және босану жолдарының жарылуы бойынша ота кезінде, әсіресе емделмеген кольпит ауруы бар әйелдерде қынап ортасы стерильді емес болады.

  6. Босануға дейінгі уақытта немесе ота жасаудан бұрын ұзақ уақыт ауруханада болу ауруханалық инфекцияның дамуына әкеледі (К.Г. Мэйхолл, 1990).

  7. Қарт адамдар мен егде жастағы кісілерге ота жасау иммундық жүйесінің қызметінің төмендігі себебінен және тіндерінің регенерациясының төмендеуімен байланысты қиындайды.

  8. Әйел жыныс мүшелерінің ісік ауруларында, тіпті қатерлі емес ісік даму жағдайлары болса да табиғи иммунитеттің төмендеуі байқалады (А.А. Кривчик, 1987; Г.Б.Билынский и соавт., 1991).

Акушерлік және гинекологиялық аурулары бар науқастардың іріңді-сепсистік асқынулар даму қаупі жоғары екендігін ескеріп, 116 әйелдің ішінде: отадан кейінгі кезеңде диатермоэлектроэксцизия мен жатыр мойны коагуляциясы бар 94 әйелге және жыныс мүшелерінің трофикалық жаралары бар 5 әйелге «Қызылмай» полифиттік майы қолданылды. Оның құрамында шәйқурай, шырғанақ жемістері сығындылары, итмұрынтің гүлдері, жемісі және тамырлары, қалақай шөбі, жебіршөп шөбі, емдік сермене шөбі, сондай-ақ қабынуға қарсы, антибактериалды, антимуколитикалық, жараны жазушы, поливитаминдік, иммунитет ынталандырушы қасиетке ие мия тамыры сығындылары бар. Әдебиет мәліметтері бойынша, препарат құрамына кіретін компоненттер ішектің бұзылған перистальтикасының қалпына келуіне де әсерін тигізеді, өттің бөлінуіне, құсуды қайтаратын, іштің желденуін жоятын, тіндердегі микроциркуляцияны реттейтін, ауруды басатын, ағзаның бейімделу күшін жақсартатын және отадан кейінгі егде адамдарға маңызды қандағы холестерин деңгейін төмендететін қасиетке ие (Д. Йорданов және 1972; А.Д. Турова, Э.Н. Сапожникова, 1982; С.Я. Соколов, И.П. Замотаева, 1984).
Тиімді нәтиже алу үшін полифиттік майды ішке және жергілікті қолдану ұсынылған. Іш қуысына жасалған отадан кейінгі жараға күніне екі рет полифиттік май сіңірілген асептикалық дәке қойылды. Қынап аймағына жасалған отадан кейін препарат жергілікті-интравагинальді түрде 5-10 мл-ден күніне 2 рет енгізілді. Диатермоэлектроэксцизия және коагуляциядан кейін полифиттік май сіңірілген қынаптық тампондар қолданылды. Бір уақытта жергілікті еммен қатар науқастар «Қызылмай» препаратын ішке 1 шәй қасықпен күніне 3 рет қабылдап отырды. Полифиттік май қабылдаған науқастарға алдын жасалған ота түрлері 1-кестеде келтірілген.
Ішектеріне және тік ішегіне жасалған отадан кейін тағайындалған полифиттік майы тас болып қатайған нәжістің түзілуін болдырмай, дефекацияны жеңілдетті, «мақпал нәжістің» шығарылуына көмектесті. Іш қуысына жасалған отадан кейінгі полифиттік майды қолдану ішек моторикасының қалпына келуіне және ішектің отадан кейінгі парезиясының алдын-алуға арналған зат ретінде қабылданды.

Полифиттік «Қызылмай» майымен ем қабылдаған науқастарға алдын жасалған ота түрлері

Ауруханадағы барлығы 94 науқасқа жүргізілген зерттеу нәтижесі алынды.



Ота түрі

Науқас саны

1.

Босану кезіндегі І-ІІ дәрежелі жарылуға байланысты перинеорафия

14

2.

Жатыр мойнының І-ІІ дәрежелі ескі және жаңа жарығын тігу

11

3.

Ескі ІІІ дәрежелі жарығын тігу

3

4.

Леваторопластикамен алдыңғы және артқы кольпоперинеорафия

6

5.

Кольпоцелиотомия жолымен стерильдеу

2

6.

Минилапаротомия жолымен жатыр түтігін стерилдеу

1

7.

Дональду және Фотергил бойынша манчестер отасы

9

8.

Жатырдың қынаптық экстирпациясы

2

9.

Жатырдың қынаптық супрацервикальді ампутациясы

4

10.

Кесер тілігі

13

11.

Консервативті миомоэктомия

3

12.

Қынапүстілік жатыр ампутациясы

10

13.

Жатыр экстирпациясы

7

14.

Жатыр түтіктеріне жүргізілген ота

9

Жатырдың қынаптық экстирпациясы мен Дональд және Фотергилл бойынша манчестерлік отасы қарт әйелдер мен егде жастағыларға жасалды (62-79 жас). Науқастардың егде жасымен байланысты тін регенерациясының төмендеуіне қарамастан полифиттік майды қолдану барлығына дерлік отадан кейінгі жараларының жазылуына және стационардан уақтылы шығуына көмектесті.
Іш қуысына пластикалық ота жасалғаннан кейін науқастарға «Қызылмай» препаратымен ем алған соң, отадан кейінгі мерзімі асқынусыз өтіп, отадан кейінгі жараның жазылуы тез жүрді.
Тігіс орнының инфильтрациясы және біртіндеп ажырауы тек үш әйелде байқалды: екі жағдайда босану кезінде анықталмаған трихомоноз қатысында жарылуды тіккеннен болса, бір жағдайдағы жатыр мойнын тігу – анықталмаған хламидия инфекциясының болуымен байланысты. Сондықтан, полифиттік майды қолданып емделген науқастардың отадан кейінгі жарасының қабыну жиілігі 3,19%-ды құрады. 94 ота жасалған әйелден басқа полифиттік «Қызылмай» майымен емделген жатыр мойны эрозиясын диатермоэлектроэксцизия және коагуляция жасалған 17 әйел, босану кезінде алған ескі жарығы бар жатыр мойны және қынаптағы трофикалық жарасын купирлеу мақсатында 5 әйелге жүргізілді. Оның 2-уі цисто- және ректоцеле, 2-уі жатыр мойны элонгациясы бар, 1-уінде жатырдың толық төмен түсіп кету жағдайлары болған. Көпшіліктің пікірінше, жатыр мойнының диатермоэлектроэксцизиясы мен колагуляциясынан кейінгі эпителиінің қалпына келуі 45 күнге созылады, бірақ В.И.Бодяжиннің (1978) мәліметтері бойынша 3 айға да созылып кетуі мүмкін. Полифиттік майды қолдану жатыр мойнының эпителизациялану уақытын 27-30 күнге жылдамдатып, жатыр мойнындағы және қынаптағы трофикалық жараның толық жазылуын 30-35 күнге қысқартты.
Полифиттік «Қызылмай» майын қынаптық, терілік және ішке қолданғанда тітіркендіргіш әсер байқалмаған. «Қызылмай» препаратын тиімді қолданған жайттар ретінде тәжірибеден келесідей мысалды келтіруге болады.
Жүкті әйел С., 30 жаста, жүктілік тарихы №432, Алматы қаласының №1 клиникалық босану үйінің патология бөліміне 14.02.95 ж. түсті, диагнозы: жүктіліктің 36-37 аптасында, жатырда кесер тілігінен қалған жара бар, І дәрежелі нефропатия, ұзақ уақытқа созылған гестоз (4 апта). І дәрежелі гипохромды анемия. Созылмалы фетоплацентарлы жетіспеушілік. Саңырауқұлақтық кольпит.
Анамнез бойынша мәліметтері: бірінші жүктілігі 1985 ж. Жетілмеген және баланың көлденең жатқан жүктілігінде уақтынан бұрын қағанақ суы кетіп, көлденеңінен кесер тілігімен ота жасау арқылы босандырылған. Бала сламағы 3800 г. – тірі. Отадан кейінгі уақытта эндометриометрит және тері тігісінің іріңденуі себебінен ұзақ уақыт ем қабылдаған. Үйіне 45 тәулікте босатылған. Екінші жүктілігі 1987 ж. 6-7 апталығында түсік тастаумен аяқталған. 1987 жылдан 1993-жылға дейін жатырішілік жүйемен қорғанған. Үшінші жүктілігі – осы. 17-18 апталығында жүктілікті тоқтату қаупі туындап, стационарда 2 апталық ем қабылдаған. Ауруханаға түсерден 4 апта бұрын ісіну дамып, 3 апта өткен соң – зәрінде ақуыз және анемия пайда болған. Аурухаға түскенде кіндікке дейінгі кесер тілігінің ізі болды. Екі апта бойы гестоз, анемия, фетоплацентарлық жетіспеушілік пен кольпитке қатысты ем алынды, 1.03.95 ж. 38-39 апталық жүктілік кезінде жоспарлы кесер тілігі жасалды. 2 мм-ге дейін жұқарған жатырдағы ескі тілікті ашып жасалды. Ер жынысты бала 3850 г. алынды, бойы 51 см., Ангар шкаласы бойынша 7-8 баллды құрайды. Жатырдағы тілік Ельцов-Стрелков бойынша тігілді. Тері тілігін тігіп болған соң, косметикалық тігіс салынып, полифиттік «Қызылмай» майына сіңірілген асептикалық дәке қойылды. Келесі күннен бастап май сіңірілген дәке күніне екі рет қойылды. Екінші күннен бастап әйел полифиттік майды 1 шәй қасықтан күніне 3 рет ішке қабылдауын бастады. Кольпитті ескеріп препарат 5 мл-ден күніне екі рет катетер арқылы қынапқа енгізіліп отырды.
Отадан кейінгі мерзім асқынусыз өтті. Тері тігісінің жазылуы 6 тәулікте жүзеге асты. Қан көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты босанушы С. қанағаттанарлықтай күйде 8-тәулікте баласымен бірге үйіне шығарылды.
Іріңді-сепсистік отадан кейінгі асқыну дамуы қаупінің (гестоз, анемия, 2 апта бойы босану үйінде болу) алдын-алу полифиттік «Қызылмай» майының көмегімен болғандықтан препараттың тиімділігі жоғары екендігін көрсетеді.
Осылайша, полифиттік «Қызылмай» майын акушерлік және гинекологиялық тәжірибеде қолдану тері және шырышты қабаттың жара-тігістерінің тез жазылуына көмектеседі және қабынуын болдырмайды, егде жастағы кісілерге маңызды отадан кейінгі жараның жазылуы, ішектің қимылының қалпына келуі мен дефекациясының жеңілдеуіне, жатыр мойнының эпителизациясының жылдамдауына, төмен түскен қынаптың орнына келуіне, жатыр мойны мен қынаптағы трофикалық жаралардың жазылуына оң ықпал жасағандықтан, кең спектрлі препарат ретінде қолдануға ұсынуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет