Білім беру бағдарламасы бойынша Жеке тапсырма тақырыбы Қызыл май және оның түрлері



бет4/7
Дата25.06.2023
өлшемі47,88 Kb.
#103361
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
3 ЖЕКЕ ТАПСЫРМА
ҚЫЗЫЛ МАЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
3.1 Қызыл май
Қызыл май – Фитолеум компаниясы ұсынған өсімдік тектес дәрілік зат, полифит майы. Алтай староверлерінің рецептурасы және дәрілік өсімдіктердің 7 түрінен жасалған түпнұсқалы технология бойынша дайындалған 100% табиғи сығынды.
* өнім голограммамен «Авторлар ұсынған түпнұсқа» голограммасымен қорғалған
Қазақстандық фармацевтикалық өндірістің алғашқы өнімі ағайынды Владимир мен Евгений Перепелица тарапынан әзірленді. Қызыл майдың алғашқы өнеркәсіптік шығарылымы 1992 жылдың басында Алматы фармацевтикалық фабрикасында жүзеге асырылған.
Шығару түрі: 30 мл / 50 мл / 100 мл
Не үшін қолданылады
Тыныс алу жолдарының ауруларында
Ринит, тонзиллит, ларингит, трахеит, бронхит, пневмония.
АІЖ ауруларында
Гастрит, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы, колит, энтероколит.
Проктологиялық, гинекологиялық және урологиялық ауруларда
Проктит, геморрой, жатыр мойнының эрозиясы, кольпит, цервицит, цистит, простатит.
* аса ыңғайлы пішініне назар аударыңыз: Фитолеум Қызылмай суппозиторийлер
Терінің және шырышты қабықтың күйіктерін емдеуде
Термиялық, химиялық және сәуледен кейінгі күйіктер.
Тері аурулары кезінде
Терінің ойылуы, дерматиттер, дерматоздар, баяу жазылатын жаралар мен ойық жаралар, соның ішінде жұқпалы.
Иммундық қорғаныстың төмендеуімен қатар жүретін ауруларды емдеу кезінде
Жалпы күшейтетін дәруменді зат ретінде ұсынылады.
Препарат косметикалық тәжірибеде қолданылуы мүмкін
Қызылмай— экстрактылары (сорындылар) тобына жататын дәрілік сұйық май. Ол Қазақстанда өсетін 7 түрлі өсімдіктен (шайқурай, қалақай, итмұрын, мия, шырғанақ, жебір тас шөбі және дермене) дайындалады. Сондай-ақ, шайқурайдың майлы экстракты да бар. Құрамында каротин, гиперицин, С, А, Е, В1 және В2 витаминдері болады. Қызыл майды ауруды асқындырмау үшін, түрлі бактерияларға қарсы, жарақатты тез жазу үшін және оны тыныс алу (ринит, фарингит, ларингит, трахеит, бронхит, өкпе қабынуы, жедел және созылмалы тонзилит) және асқазан-ішек (гастрит, колит, т.б.) жолдарының ауруларында геморройды, гинекологиялық және урологиялық ауруларды, түрлі күйіктерді, қышыма, экзема, псориаз ауруларында қолданылады.
Шайқурай (лат. Һyперіцұм) – шайқурай тұқымдасына жататын бір және көп жылдық өсімдіктер. Дүние жүзінде қоңыржай, субтропиктік және тропиктік аймақтарда өсетін 300 — 400-дей түрі кездеседі. Қазақстанда шабындықта, қыратты жерлерде, өзен-көл жағалауларында, қиыршық тасты тау баурайында және орман шетінде өсетін 7 түрі бар. Көбінесе сарыбас Шайқурай (Н. перфоратұм) мен бұдырлы Шайқурай (Н. сцабрұм) жиі кездеседі. Бұлардың биіктігі 30 — 70 (кейде 100 — 120) см. Сабағы түзу, жапырақтары майда, онда нүкте тәрізді көптеген тесіктері болады, олар шоқталып немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері майда, қос жынысты, сары түсті, жеке-жеке не шатыршаға ұқсап топтанған. Жәндіктер арқылы тозаңданады. Маусым — шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Жемісі — көп дәнді қорапшауыл шаруашылығы — дәрілік өсімдік, оның құрамында илік заттар, эфир майы, церилді спирт, каротин, С витамині, никотин қышқылы және гиперицин бояғыш заты бар. Дәрілік мақсатқа өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін пайдаланады. Шайқурайды тыныс органдары ауруларына, бауырға тас байланғанда, іш өткенде, қуықтың қызметі бұзылғанда, әйелдердің жыныс аурулары кезінде, кейбір қа-быну процестерінде, іріңді ісіктерге, жараға, шиқанға қарсы пайдаланады. Халық медицинасында Шайқурайды қан тоқтату, қарын ауруларын, қан аралас іш өтуді емдеу үшін қолданады. Соңғы кезде ғалымдар Шайқурайдан алынған препараттардың кейбір аурулардың вирустарына (мысалы, тұмау, жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы) қарсы жақсы әсер ететінін анықтады. Шайқурайдан шай қайнатып ішеді, ол жүйкені тыныштандырады және кейбір түрлерін бальзам алуға пайдаланады. [1]
Қалақай (лат. Ұртіца) — қалақайлар тұқымдасынан бір туысы.

Бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Сабағы мен жапырағы түкті. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Ұсақ гүлдері масақ тәрізді гүл шоғын құрайды.



Қоныржай және тропик аймақта 40-тан астам, Қазақстанда 3 түрі бар. Көлеңкелі, ылғалды жерлерде, орманда, бақта, жол бойында өседі. Қазақстандың барлық түрінің құрамында ақуыз көп болады. Жемшөптік маңызды түрі — қосүйлі қалақай (Ұртіца діоіца) сондай-ақ Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.Биіктігі 1 м-дей. Сабағы тік, жапырақтары өркенге қарамауылықарсы орналасады. Өсімдікті түгелдей күйдіргіш безді түктер жапқан. Безді түктер денеге тисе түктің ұшы морт сынып, түбіндегі (ішіндегі) сұйықтық дереу денеге жайылып күйдіреді. Халық аузындағы «қалақай шақты» деген осы. Бұл туысқа жататын өсімдіктер бір үйлі, кейде екі үйлі болады. Гүлшоғырлары сырғагүл, жай және күрделі масақ тәрізді, жартылай шатыр болып жапырақ қолтығынан немесе сабақтың ұшынан дамиды. Аталық гүлінде біркелкі 4 тостағанша жапырақша, 4 аталық (жай гүлсерікті) бар. Аналық гүлінде 4 тостағанша жапырақшаның екеуі сыртқы, екеуі ішкі шеңберде орналасқан. Көктемнің аяғынан бастап, жаз бойы гүлдейді. Жемісі – бір-бірімен біріккен қос жаңғақша. Қос үйлі қалақай – құнарлы мал азығы. Малға туралған және булаған түрінде беріледі. Тұқымын жылқы мен құс сүйсініп жейді. Қалақайдың барлық түрінің құрамында ақуыз, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералды тұздар, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады.[1]
Итмұрын (лат. Рōса) — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық көпжылдық өсімдіктердің тегі.
Ботаникалық сипаттамасы
Биіктігі 2 метр. Бұталары тікенекті. Итмұрын жер шарының қоңыржай және субтропикалық аймақтарының барлық жерлерінде өседі. 500-ге жуық түрі бар. Табиғатта таулы-тасты жерлерде, беткейлерде, орманда, су жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі. Итмұрынның екпе түрлерінің барлығын дерлік раушан (роза) деп атайды. Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады. Итмұрынның гүлі ақ, қызғылт, сары түсті, диаметрі 4-6 см, хош иісті, жай күлтелі және гүлпарлы да түрлері бар. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Жемісі тамыз, қыркүйек айларында піседі. Жемісі сопақша келген жылтыр, түсі қызыл немесе қызғылт-сары болады.
Итмұрынның ерекшелігі — бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы — парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.[1]
Раушан туыстастарының жидегі жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады.
Біздің дәуірімізге дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады. Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. Ылғалды жақсы көреді, топырақтың да, ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сүр-қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен бұтақтарыұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың жеп қоюынан сақтайды.Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан.
Гүлі қос жынысты, дұрыс гүл (актиноморфты) тостағаншасы жіңішке жасыл түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5тен), аталық пен аналықтары көп (саны анықталмаған), гүлі көлемді (диаметрі 6 см-ге дейін), ұзын гүл табанына көбінше жалғыздан, сирек топтасып бекиді. Ашық түсті гүлінің хош иісі жәндіктерді өзіне тартады, ара, үлкен тозаң жейтін қоңыздар, бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп айқас тозаңдандырады. Кейде жәндіктер гүлді түнеп шығатын орын ретінде пайдаланады, өйткені кешке қарай гүлдердің күлтелері, жабылады.
Итмұрын шілдеде гүлдейді, тамызда жабай раушанжеміс береді. Раушан туысының жемісі туралы толығырақ айтсақ артық болмас. Раушан туысының жидегі шындығында да жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Біз суреттеп отырған түрдің жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің дәуірімізге дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген.
Жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады.
Мия (Глyцyррһіза) – бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында өсетін 5 түрі бар. Қызылорда облысының барлық аймақтарында кездеседі. Биіктігі 10 – 80 см-дей, тамыры жуан. Сабағы тік өседі, жапырақтар қандауыр тәрізді, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері көк, күлгін түсті, селдір шашақ гүлшоғырына топтасқан. Тұқымы арқылы немесе вегетативті жолмен көбейеді. Маусым – шілдеде гүлдеп, шілде – тамыз айларында жеміс салады. Жемісі – қабықты бұршақ. Бұл өсімдік жылына бірнеше жүздеген ұрық салады. Тұқымы топырақта 2 – 3 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Қызылмия және миятамыр деген түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органик. қышқылдар, минерал тұздары бар. Сондықтан оларды медицинада, темекі және тамақ өнеркәсібінде қолданады. Жапырағы, сабағы мал азығы ретінде пайдаланылады.[1]
Дермене
Жаңа жерге келгелі екі күн өткенімен, екеуі бір десте дермене ора алмады. Салқындау болар деп шайланы тігіп еді, түн баласы екеуі де елегізіп шықты. Бұл адырда ұры да, қасқыр да, жын-жыбыр, дию-пері де атымен жоқ деп, өзіне тығыла түскен немересінің көңілін қанша алдаусыратқанмен, шалдың өз басы әрбір тысырға құлақ түріп, бозторғай шырылдағанша көз іле алмады». Дулат Исабековтің «Дермене» повесінен үзінді осы аттас дәрілік шөптің қан-шалықты пайдалы екенін білуге ынтықтырады. Дермене – мен тұратын ауылдың да атауы. Оңтүстік өңірде көп өсетін емдік қасиетті шөп арнайы күтімге алынғанын білетінмін. Осы шаруашылықпен 50-жылдардан бері Дермене кеңшары айналысқан. Асыл шөп жайлы ел аузында аңыз желісі бар: «Ертеде елді ағайынды қос жігіт басқарыпты. Мамыражай бір күні сырттан жау тиеді. Хандықты басып алады. Биліктен айырылған екеудің бірі қаңғырып кетеді де, екіншісі осы жерде көптің бірі болып қалады. Арада жылдар өтеді. Жатжұрттық хан қайтыс болады. Тұрғылықты халық қайтадан байырғы қалпына оралады. Ағайынды жігіттің үлкені бауырын іздеуге кіріседі. Жан-жаққа хабаршы жібереді. Ауыл-ауылға сұрау салады. Дүниенің төрт бұрышын шарлап жүргенде, інісінің дерегі шығады. Хабар жеткенімен, кері оралуға намыстанған бауыры жатжұрттық болып қала беруді таңдайды. Мұны түсінген ағасы ақ шүберекке бір түп дерменені түйіп, сәлемшілерден беріп жіберіпті. Орамалдың түйінін жазып, дермененің хош иісін емірене иіскеген жігіт ағыл-тегіл жыласа керек. Шіркін, туған ауылдың иісі-ай!.. Көп ұзамай атамекенге оралыпты». Дермене – асыл шөп. Бойы 50 сантиметрге дейін өсетін жартылай бұталы, көпжылдық өсімдік. Оңтүстік Қазақстанда, Арыс,Түркістан аймағында жиі кездеседі. Улы өсімдік. Әсіресе, гүл жармай тұрғанда, жапырақтарында улы зат – сантонин пайда болады. Сол себепті, одан жасалған дәріні дәрігердің кеңесінсіз пайдалануға болмайды. Ел ішінде дермененің адам ағзасына зияны сонша тимейтіндей қарапайым екі рецепті бар. Дермене – жусанның бір түрі. Көпсабақты, балауса кезінде сабақтары түкті әрі сарғылт жасыл болады. Өсе келе, сабағы тыңайып қатаяды. Түксіз қызғылт сары түске енеді. Тамыры жуан, тармақтанған, сүректі. Дермененің төменгі жапырақтары сағақты. Ұзындығы 2,5-4 сантиметрдей және тілімденген. Жоғарғы бөлігіндегі жапырақтары бүтін, айыл пішінді, қысқа. Дермене Қазақстанның шөлді өңірлерінде өседі. Орта Азияда, Тәжікстанда көп кездеседі. Дермененің ел ішінде бірнеше атауы бар. Мысалы, дәрмене, дермене жусан. Халық медицинасында оны жүрек талмасы бар науқастарға пайдаланады. Дәрілік шикізат ретінде тамырымен есепсіз жұлынғандықтан, бүгінде қатары қатты сиреген. Дермене туралы ақпарат жинау барысында, осы аттас ауылымның да шежіресін жете біліп алдым. 1974-78 жылдар аралығында Сиқым Жиренбаев аға басқарып тұрғанда, біздің кеңшар миллионер атаныпты. КСРО аймағына танымал болған екен. Мен тұрып жатқан Дермене кеңшары фармацевтикалық өндірістің дамуына қосқан қомақты үлесі үшін талай-талай сыйлық алған. Ауыл маңында өсетін дәрілік шөптер кеңестік кезеңде Қызыл Кітапқа енгізілген екен. Соған қарамастан, күні бүгінге дейін шалғынды-шөптесін алқап жыртылуда. Түрлі дақылдар егілуде. Қызанақ, қарбыз, қауын, жеміс ағаштары жаппай отырғызылған. Әрине, көкөніс, жеміс те керек. Бірақ өңірдің экологиялық ахуалының сақшысы – тұрғындары болуы тиіс қой. Осыны ойласам, жаным ауырады. Арыс өзені Дермене ауылын айналып ағып өтеді. Бойына талай сыр бүккен өзен жағалауы – сан ғасырлар куәсі. Көне Отырар шежіресі, әл-Фараби бабамыздың іздеріне, Абылай ханның жан-тәсілім еткеніне куә болған өзен. Бертін келе, айрықша дарын иесі Шәмші атамды тәнті еткен табиғат сыйы. «Өзіңмен Арыстың, бойында таныстым» ән әуенін тудырған өңір. Кезінде КСРО астанасы Мәскеуге тікелей қараған ауылымның тұрғындары ауырамын деп еш қорықпайды. Себебі – туған өлкемде дәрілік шөп көп. Кейде мен Арыс өзенінің бойында қоныстанған дерменелік тұрғындар қандай бақытты деп те ойлаймын. Тек Табиғат-Ана сыйының бағасын біліп, қатарын молайтуға дағды ала алсақ болғаны…



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет