Білім беру бағдарламасы бойынша Жеке тапсырма тақырыбы Қызыл май және оның түрлері



бет5/7
Дата25.06.2023
өлшемі47,88 Kb.
#103361
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Айжан практика

3.2 Фармакалогиялық қасиеті
Фармакотерапиялық тобы
Дәрілік басқа да препараттар
АТХ коды V 03AX
Фармакологиялық қасиеттері
Қызыл май® препаратының әсері оның компоненттерінің біріккен әсері болып табылады, сондықтан фармакокинетикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік жоқ.
Қызыл май® майы - өсімдік тектес дәрі. Шөптердің құрамына кіретін биологиялық белсенді заттардың кешені (негізінен сапонинді гликозидтер – глицирризин, сондай-ақ эфир майлары, пептидтер, витаминдер мен минералдар) қабынуға қарсы, антибактериялық, жараны жазатын, регенерациялайтын, жалпы сергітуші әсер етеді.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
- ринитте, тонзиллитте, ларингитте, трахеитте, бронхитте, пневмонияда
- гастритте, асқазан мен он екі елі ішек ойық жара аурларында, колитте, энтероколитте, проктитте, геморройда
- жатыр мойыны эрозиясында, кольпитте, цервитте, циститте, простатитте
- термиялық, химиялық және сәулеленуден кейінгі күйіктерде, тесілулерде, дерматиттерде, дерматоздарда, баяу жазылатын, оның ішінде жұқпалы жаралар мен ойық жараларда
Қолдану тәсілі және дозалары
Тыныс алу жолдары аурулары кезінде

  • Мұрын жолдарының шырышты қабықтарына күніне 1 – 3 рет жағу түрінде. Емдеу курсы – 2 – 6 апта

  • Мұрынжұтқыншаққа немесе көмейге 0,5 мл-ден құю, курсы 10-15 емшара

  • Ішке тамақтанардан 20-30 минут бұрын ересектерге 1 шай қасықтан, балаларға 3 жастан бастап 1/2 шай қасықтан күніне 2-3 рет. Емдеу курсы – 2-6 апта.

Асқазан-ішек жолының аурулары кезінде:

  • 1/2 шай қасықтан күніне 4-6 рет тамақтанардан 1 сағат бұрын қышқыл сүт өнімдері, кисель немесе балмен ішу керек. Емдеу курсы 4-8 апта.

  • Простатитте, проктитте, геморройда препаратты клизма түрінде (ішекті алдын ала тазалаған соң) күніне 10-15 мл-ден 1 рет енгізеді, емдеу курсы 20-25 емшара.

Сыртқа – анус сызаттары, геморрой кезінде күніне 2-3 рет жағу керек.
Тері және шырышты қабықтың күйіктері, тесілулері, сәулемен зақымданулары кезінде:

Көмей, өңеш, асқазан обырын сәулемен емдеуде:

  • Тамақтанған соң 1/2 шай қасықтан күніне 6-8 рет сәулемен емдеудің бүкіл курсы бойы және одан әрі тағы 2-3 апта.

Гинекологиялық аурулар кезінде: бүркіп-сулау түрінде, майға малынған тампондарды қынапқа енгізеді, емдеу курсы 20-30 емшара.
Жағымсыз әсерлері
- сирек жағдайларда: қышыну, күйдіру, гиперемия. Жағымсыз құбылыстар және басқа да реакциялар пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтатқан жөн.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет