3.4 Жақпа майлардың технологиясы Дәріханаларда мазьдарды дайындау
Дәріханаларда мазьдарды магистральді жазбалар - ex tempore бойынша дайындайды.
Дайындау келесі сатылардан тұрады:
- дайындық жұмыстары;
- негізге дәрілік заттарды енгізу (балқыту, еріту, ұсақтау, араластыру, эмульгирлеу);
- мазьдар сапасын сынау;
- орама және рәсімдеу.
Дайындық жұмыстары мынадан тұрады: дәрілік заттарды, негізді немесе оның жеке компоненттерін өлшеу, ыдысты, қосалқы материалды дайындау.
Негіз компоненттерін балқыту тікелей үккіште немесе буландырғыш табақшасында жүргізіледі. Негіз компоненттерін буландырғыш табақшасында, су моншасында немесе инфрақызыл сәулелену шамы астында балқытады. Балқытуды қиын балқитын компоненттерден бастайды, компоненттерді балқымаға, олардың балқу температурасының төмендеу реті бойынша қосады.
Дәрілік заттарды негізбен араластыру үккіште жүргізіледі. Көп мөлшерде мазьдарды дайындау кезінде УПМ-1 құрылғысын, әр түрлі конструкциялы миксерлерді қолданады. Жұмсақ дәрілік формаларды дайындау тәсілі А.И. Чиркова "Организация и механизация работ в аптеках ЛПУ" оқу құралында, фармацевттің анықтамалығында сипатталған.
Негізге дәрілік заттарды енгізу ережелері:
1. Егер негізде ерімейтін заттың мөлшері, мазь массасына қатысты 5%-ға дейін болса, онда оны сұйықтықтың жақындас негізімен ысқылайды (вазелин, өсімдік майы немесе су). Жақсы эффектіге жету үшін сұйықтық мөлшерін диспергирлеуді дәрілік заттың ½ массасына тең болуы керек (Дерягин ережесі).
2. Егер негізде ерімейтін немесе нашар еритін заттың мөлшері, мазь массасына қатысты 5%-дан астам болса, онда затты Дерягин ережесі бойынша, негіздің балқыған бөлігімен ысқылайды, кейін негіздің қалдықтарын қосады.
3. Суспензиялық мазьдар құрамында, 25%-дан астам қатты дәрілік заттар болатын затты паста деп атайды. Мысалы, салицил-цинк пастасы, құрамы: салицил қышқылы 2,0, мырыш оксиді 25,0, крахмал 25,0 және вазелин 48,0.
Пасталарды (2) ереже бойынша дайындайды, тек негізді түгел балқытады және оны екі мезгілде қосады.
4. Суда еритін заттарды судың аз мөлшерінде ерітеді (бірнеше тамшы), содан соң мазьді негізге бөлікпен қосады, келсаппен біртекті күйге дейін араластырады. Медициналық ерітінділерді, тұнбаларды дайын мазьға бөлікпен соңында қосады.
5. Негіз компоненттерін мазьдар-балқымаларда балқытуды, қиын балқитын заттан бастайды, қалған заттарды олардың балқу температурасының төмендеуі бойынша қосады. Алынған балқыманы толық суығанша дейін араластырады.
6. Тұтқыр иістенгіш (винилин, скипидар), бояғыш заттарды (ихтиол, деготь) дайын мазьға соңында қосады.
Фармацевтикалық кәсіпорындарда мазьдарды өндіру
Жұмсақ дәрілік формаларды өндіру мамандандырылған фармкәсіпорындарда және саудалық аты бар препараттың КФБ сәйкес тағайындалған регламенті бойынша орындалады. Кәсіпорынның фармакөшірмелі баспасы (КФБ) – дәрілік заттың сапалық стандарты.
Мазьдардың зауыттық өндірісінің ерекшеліктері:
1) көп тонналы;
2) негіздердің күрделі композицияларын қолдану мүмкіндігі (12 компоненттерге дейін);
3) өндірісті автоматизациялау және механизациялау;
4) шығарылатын өнімнің жоғары сапасы.
Өндірудің орындалуын бақылауды әрбір технологиялық сатыда жүргізеді, бұл шығарылатын өнімнің сапасының жоғарлауына әсер етеді, материалдық шығынды болдырмайды.
Фармацевтикалық кәсіпорындарда мазьдарды өндіру келесі сатылардан тұрады:
- дәрілік заттарды және негізді дайындау (ВР. 1 – қосалқы жұмыстар);
- негізге дәрілік заттарды енгізу (ТП. 2 – өндірістің технологиялық процесі);
- мазьдің гомогенизациясы (ТП. 2.1);
- бөлшектеп өлшеу, орама, маркировка (УМО.3).
Дәрілік заттарды дайындау оларды ұсақтау, елеу, араластырудан тұрады. Бұл мақсатта әр түрлі конструкциялы ұсақтағыштар, елеуіш механизмдер, араластырғыштар қолданылады.
Негізді дайындау еріту немесе оның компоненттерін балқыту, фильтрлеу процестерінен тұрады. Балқитын негіздерді және олардың компоненттерді (вазелин, ланолин, балауыз және т.б.) электроқазандарда немесе булы жейдесі бар қазандарда, булы инемен немесе электропанель көмегімен балқытады. Негіздерді фильтрлеу друк-фильтрлер арқылы жүргізеді.
БАЗ эмульсиялық негізін дайындау кезінде, оны жақсы еритін фазаға енгізеді. Эмульгирлеуді, араластырғышы бар, реакторларда немесе фильтрленген ауаны барботирлеу арқылы жүргізеді. Негізге дәрілік заттарды енгізу олардың физико-химиялық қасиеттеріне байланысты орындалады. Қатты дәрілік заттарды немесе олардың ерітінділерін қосу булы жейдесі немесе электрлік қыздырғышы бар реакторларда, біртіндеп араластыру арқылы жүреді. Реакторлар араластырғыштармен жабдықтылған: якорлы, планетарлы, рамалы, олар жақсы араласуды қамтамасыз етеді.
Өндірістерде көбінесе қамырилегіш машиналар қолданылады.
Мазьдардың гомогенизациясы. Қазандарда мазьдардың көп мөлшерін араластырған кезде, көбінесе мазьдағы дәрілік заттардың қажетті дисперстілік дәрежесіне жету мүмкін емес. Сондықтан мазьді зауыттық жағдайларда гомогенизацияға ұшыратады.
Өндірісте мазьдар гомогенизациясы үшін диірмендер, білікті мазь үккіштері қолданылады.
Эмульсиялық, суспензиялық, комбинирленген мазьдарды дайындау процестерін интенсивтендіру үшін РПА – роторлы-пульсационды аппараттын қолдануға болады. РПА жұмысы ұсақтау, диспергирлеу, араластыру, гомогенизация процестерінен тұрады, бұл уақыттың, электроэнергиясының үнемділігіне, материалды шығының азаюына әкеледі.
Аппараттар схемасы және жұмыс істеу принциптері оқу құралдарында жазылған, мысалы, "Технологии лекарственных форм" под ред. Л.А. Ивановой, 1991 және басқалары.