Білім беру бағдарламасы бойынша Жеке тапсырма тақырыбы


Жақпа майлардың дәрілік заттарды босату. Жақпа майлардың жетілдіру жолдары



бет8/9
Дата27.06.2023
өлшемі48,94 Kb.
#103516
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Зейнегул практика

3.7 Жақпа майлардың дәрілік заттарды босату. Жақпа майлардың жетілдіру жолдары.
Мазьдардан дәрілік заттарды босату жылдамдығына және толықтығына келесі факторлар әсер етеді: дәрілік заттардың физико-химиялық күйі, олардың концентрациясы, негіздің табиғаты, мазьді дайындаудың технологиялық процесі.
Мазьдардан дәрілік заттарды босату жылдамдығы “in vitro” және “in vivo” әдістерімен зерттеледі.
“in vitro” модельдік әдісі, мазьдан босатылатын заттардың қандай да бір ортада диффузиялық әрекетіне негізделген. Диффузия тура немесе жартылай өткізгіш қабықша арқылы жүруі мүмкін. Тура диффузия кезінде орта ретінде агрегаттық немесе желатин гельі болуы мүмкін, оларға диффузияланған дәрілік затпен өзара әрекеттесетін реактивтерді қосады және олардың диффузиялық мөлшерін анықтайды. Мысалы, антибиотиктердің антимикробты активтілігін, агарға тест-микробтардың өсу аймақтарының өлшемдерін салыстыру арқылы, диффузия әдісімен жүргізеді. Жартылай өткізгіш мембрана арқылы диффузиялауда тері тәріздес жануар, өсімдік текті немесе синтетикалық қабықшаларын; диализ ортасы ретінде – суды, физиологиялық ерітіндіні, қан плазмасын қолданады. Қабықшаға мазьді орналастырады және уақыттың белгілі аралықтары арасында дәрілік заттың сұйықтыққа диффузияланған құрамдық мөлшерін анықтайды.
Биологиялық қолжетімділікті анықтау. “in vivo” мазьдардың биологиялық қолжетімділігін анықтауын, жануарларда әр түрлі әдістер арқылы жүргізеді:
- организмнің биосұйықтықтарында (зәр, қан, сілекей және т.б.) дәрілік заттарды немесе олардың метаболиттерін анықтау;
- тері арқылы енгізілетін дәрілік заттарға организмнің реакциясын тіркеуге негізделген әдістер (тыныс алудың өзгеруі, ұйқы фазасының басталуы, рефлекторлы реакциялар);
- мазь аппликациясы құрамындағы дәрілік заттың мөлшерінің құрамын зерттеуге негізделген әдістер.
“in vivo” мазьдан босатылатын дәрілік заттарды зерттеу нәтижелерін “in vitro” мазьдарын зерттеуде қолданылуға болады.
Мазьдарды жетілдіру жолдары
Мазьдарды жетілдіру облысында келесі бағыттарды ажыратады:
- жаңа дәрілік препараттардың мазьін жасау;
- белгілі мазьдардың сапасын аса тиімді негізді таңдау арқылы жетілдіру;
- мазьді негіздер сұрыптамасын кеңейту (берілген қасиеттері бар жаңа қосалқы заттарды іздеу);
- мазьдарды дайындаудың жаңа әдістерін жетілдіру;
- мазьдардың сапасын сынау әдістерін жетілдіру;
- мазьдарға арналған орама заттарын жетілдіру;
- мазьдардың тұрақтылығын жоғарлату.
Жіберілетін тиімді формаға бір ретті орамаларды дайындау жатады, әсіресе көздік мазьдар, антибиотигі бар мазьдар, оңай тотығатын прпараттар үшін тиімді болып келеді.
Мазьдарды тайғанақ поршеньмен жабдықталған резервуарларда орауға болады, мұндағы шток винттік механизм көмегімен орын ауыстырады.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: жақпа майлардың классификациясы, жақпа майлардың негіздері, олардың классификациясы, жақпа майлардың технологиясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет