Білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби стандарт «Педагог» кәсіби стандарты, ҚР «Атамекен» Ұкп басқарма төрағасының



бет51/64
Дата25.11.2023
өлшемі465 Kb.
#127411
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64
Байланысты:
Оқу-әдістемелік кешенді дайындауда білім беру бағдарламасы бойы

6. Видеоны бөлшектеп түсіру. Бұл қадам сізді шаршап қалудан, видео сабақтың мононтонды болуынан сақтайды. Және бөлшектеп түсірілген материал монтаж жасағанға да қолайлы.

7. Оқу роликтерін жасау үшін бағдарламаны таңдап, видеоны монтаждау. Маңызды сәттердің бірі, көптеген арнайы бағдарламалар болғанымен әрқайсысының өзінің ерекшеліктері, қосымша функциялары бар. Видео сабақтар жасау үшін сарапшылар осы екі танымал бағдарламаны пайдаланады: Sony Vegas және Adobe Premiere. Скринкаст жасауға арналған бағдарламалар: «Экранная Камера», Camtasia Studio және Movavi Screen Capture.
Жоғарыдағыларға қосымша: видеоның ұзақтығы 7-10 минутты құрауы керек. Себебі, зерттеулерге сүйенсек, адам бейне материалдың алғашқы 10 минутындағы ақпаратты толық қабылдайды екен. Ал сағаттарға созылатын видеоларды тек 20 % көрермен ғана соңына дейін қарайды.

Практикалық сабақ 11

Интерактивті тапсырмалар жасауға арналған Веб сервистер.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде студенттердің өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және студенттердің танымдық іс-әрекетін басқаруда тәжірибесі аз оқытушыларға көптеген қиындықтар туғызады.
Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек.


Интерактивті тапсырмалар жасауға арналған веб сервистер:

LearningApps.org - интерактивті модульдер арқылы оқыту процесін дамытуға арналған Web 2.0 қосымшасы. Қолданыстағы модульдер оқу мазмұнына тікелей енгізілуі мүмкін, сонымен қатар оларды жедел режимде өзгертуге немесе жасауға болады. Сайты: https://learningapps.org



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет